Реферат тақырыбы: 19ғ және 20 ғ Қазақ мәдениеті Орындаған: Жаңабек Көркем Алматы 2023



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі230,89 Kb.
#137954
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Реферат


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
«ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»ФАКУЛЬТЕТІ
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ САПАСЫ»КАФЕДРАСЫ


РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:19ғ және 20 ғ Қазақ мәдениеті

Орындаған: Жаңабек Көркем


Алматы – 2023
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайданбасталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағытолқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл — бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес өкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады. 1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары, университеттері де болуы керек.
Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. Алайда большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. XX ғасырдағы екі социалистік эксперимент (фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді. Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей большевиктік тәжірибелерді атап өтейік:
1. Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан айрылған, яғни бүкіл халқының үштен екісін жоғалтқан. «Проценттік қатынаста, — дейді М. Тәтімов, — Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып түсті». (Демографиялық кескін — Қазақ, 66—67-бет).
2. Этномәдени экспанция. Патшалық Ресей империясы бастаған миграциялық саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде қаңырап бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды. XIX ғасырдың ортасында өз жерінде 92%-ін құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959 жылғы санақ бойынша 29%-ке дейін төмендеді. Мұның өзі 1916 жылғы қырғынның, азамат соғысының, Ф. Голощекин жүргізген «Кіші Октябрь» саясатының, 30-жылдардағы аштықтың, тың және тыңайған жерлерді игеруге сырттан жүз мыңдаған бөгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспанция: «феодализмнен социализмге бірден секіру» үшін аймақты индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес, сондықтан орталық аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді желеу еткен. Мигранттардың көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтып, оның өрісін тарылтты. Әрине, этномәдени экспанцияның жағымды жақтары да болды (білімділік деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т.б.). Алайда таразының екі басы тең емес еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет