Реферат тақырыбы: Адамның эмбрионалды дамуы


Клеткаларды сегрегациялау



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#129529
түріРеферат
1   2   3
Клеткаларды сегрегациялау. Осы процестің арқасында эмбриондағы бір типтегі клеткалар ынтымақтастыққа қабілетті және әр түрлі деңгейдегі клетка ансамбльдерін құра алады. Сонымен, егер әр түрлі ұрық жапырақшаларының клеткаларын араластырса, онда олар алдымен ретсіз орналасады. Алайда, содан кейін бір ұрық жапырақшаға жататын клеткалар сұрыпталып, сол ұрық жапырақшасының клеткаларымен ғана байланысқа түседі. Нәтижесінде ретсіз клеткалық агрегат қайтадан ұрық жапырақшаларына бөлінеді. Сегрегация клеткалардың адгезиялық аппараты, соның ішінде адгезия молекулалары көмегімен клеткалар өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады.
Клеткалардың адгезиясы. Адгезияның арқасында эмбрион бөлек клеткаларға ыдырамай, жеке организм ретінде тіршілік етеді. Адгезия клеткалардың адгезия молекулалары аркылы жүзеге асырылады.
Клеткалардың табиғи қозғалысы - миграция. Клетка қозғалысы болмаса, гаструляция, нейруляция және әр түрлі мүшелердің пайда болуы сияқты процестер мүмкін емес еді.

Қорытынды


Жалпы эмбриология – ұрықтың қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Адам эмбриологиясы - жұмыртқаны ұрықтандыру сәтінен бастап туылғанға дейін адам ағзасының дамуын зерттейтін ғылым. Бұл пән эмбрион мен ұрықтың дамуының әртүрлі кезеңдерінде адам ағзасының мүшелері мен тіндерінің қалай қалыптасып, дамитынын түсінуге мүмкіндік береді.
Ұрықтану – екі жыныс клеткаларының қосылуы. Осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нәтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады.
Қалыптық ұрықтық даму эмбриогенез компоненттері деп аталатын бірқатар механизмдер арқылы жүзеге асады.
Эмбрионалды дамуда клеткалардың көбеюі мен өсуі маңызды рөл атқарады. Бұл екі құбылыс клеткалар саны мен олардың мөлшерінің ұлғаюына, ал жалпы алғанда – эмбрион мүшелерінің ұлғаюына алып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. “Жеке даму биологиясы”, Ж.М.Базарбаева, 2019 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет