Реферат тақырыбы: Адамзат қауымы қатты ауырған кезінде,дәрігерлік көмекке



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата10.05.2023
өлшемі224,61 Kb.
#91465
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
биохимия пдф

І Негізгі бөлім 
1.1 Қанның ph  
Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. 
Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін 
атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін 
жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне 
тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық 
реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан 
қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. 
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — 
ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық 
сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — 
эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер 
болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. 
Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. 
Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау және тромбоцит қан ұшуға 
қатысады. 
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар 
судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз 
көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. 
Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан 
өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда 
еріген минералды тұздардан арылады. 
Қанның құрамы -
қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. 
Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. 
Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын 
құрайды. 
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % 
нәруыздар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның 
құрамында нәруыз 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза 
қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор 
түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 
мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. 



Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең.Бұл әлсіз сілтінің реакциясы. 
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің 
үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, нәруыз заттары қанға 
келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар 
заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда 
қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік 
қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың нәруыздарының буферлік 
жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік 
және карбонаттық буферлік жүйелер. 
Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3. Жаңа туған 
нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. 
Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді 
де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол 
мөлшерде сақталады. 
Қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері 
шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен 
гуморальдық жүйелер реттейді. Адамның қанының температурасы тұрақты 
болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6-37°С 
шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - денедегі 
аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның "әлі құриды", яғни 
әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде 
салқындатылады. Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты 
өзігерістері. Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері дене салмағымен 
үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп. 
Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың 
соңында томендейді де, осы мөлшерде шамамен тұрақталады, бірақ қан 
құрамындағы жасушалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның 
плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмендеп, содан кейін ғана 
түрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне 
жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций 
жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, 
балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады. 
Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда "биіктік ауруы" пайда 
болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы "басады" (ұйқышыл 
болады). Ал егер оттегінің жетіспеушілігі ұзаққа созылса, балада селқостық 
күшейіп, өмірге қызығудан айырылады, есінен танған адам сияқты жүреді, 
тіпті өліп кетуі де мүмкін. Минерал тұздарының жалпы мөлшері ересек адамда 
0,90-0,95%. Мұның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, 
титан, марганец, темір т. б. көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, 
кальций, натрий тұздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін 



тұрақталады. Эритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, 
лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі 
эритроциттер, яғни қанның қызыл жасушалары. Олардың саны адамнын 
жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. 
Қанның қызыл жасушалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. 
Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады 
Мұндай пішін жасушаның бетінің ауданын үлкейтіп тасымалдау қызметін 
атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегі өкпеден дененің бүкіл жасушаларына 
және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің 
құрамындағы нәруыз заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады. 
Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса 
сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның 
құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде 
эритроциттер өзінің басты міндеті - оттегін тасымалдау кабілетінен 
айырылады. Гемоглобиннің қан илазмасына шығуын гемолиз деп атайды. 
Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан 
жүрісін киындатады. Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса 
оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы 
шығады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, қалыпты жағдайда ер адамда 3-
9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну 
жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш. Жаңа туған 
сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а) ұрықтық эритроциттер; б) 
қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде 
қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы 
сағатында 1 мм3 қанында 6,5- 7,2 млн эритроциттер болады. 
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ 
олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде 
ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына 
қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір 
иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі 
сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы 
Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан 
болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан жасушаларын түзуге 
пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. 
Эритроциттердің тұну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, 
туғаннан кейін біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 
жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ 
болып, ересек адамдардың эритроциттерінің тұну жылдамдығына (7-12 
мм/сағ) жақындайды. 



1.2 Ағзадағы гемоглобиннің атқаратын қызметі,құрамы 
Гемоглобин - эритроциттердің немесе қанның қызыл түйіршіктерінің 
құрамына кіреді. Гемоглобин ақуыздар мен темірден тұрады және осы 
ақуыздар мен темір қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ағзаның барлық 
тіндерін оттегімен қамтамасыз етеді. Ол ағзаның индекаторы болып табылады. 
Ағза үшін маңызды рөл атқаратын - гемоглобин.
Гемоглобин жоғары болса - спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш 
түскен кезде гемоглобин көтеріліп кетеді. Адамның тұрғылықты жеріне 
байланысты ластанған ауадан да гемоглобиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. 
Экологиясы нашар аймақта көп жүргеннен де көтеріледі. Сонымен қатар 
темекіні көп шегетін адамдарда да гемоглобин көтеріңкі болады. 
Гемоглобиннің жоғары болуы онкологиялық және қан ауруларының, сонымен 
қатар жүрек, өкпе жетімсіздігінің, туа біткен жүрек кемістігі сияқты тағы да 
басқа аурулардың белгісі болып табылады. Ақуыз деңгейінің көп болуы 
эритроцитоз бен қанның қоюлануынан байқалады. Көптеген дәрумендердің 
құрамында фолий қышқылы, қанның құрамындағы темірді көтеретін В 
тобындағы дәрумендер болатындықтан, гемоглобин көтерілгенде дәрігердің 
кеңесінсіз ешқандай дәрумендер ішуге болмайды. Оны қалпына келтіру үшін 
дәрігер қанның ұйығыштығын жақсартып, қанды сұйылтатын дәрілер жазып 
беруі мүмкін. 
Гемоглобин төмендесе - эритроциттерді жасап шығаратын заттардың 
жетіспеуінен гемоглобин төмендейді. Гемоглобиннің төмендеуі қаназдықтың 
ұлғаюына себеп болады. Гемоглобині төмендеген адам тез шаршап, бозарып, 
терісі құрғайды. Үнемі басы ауырып, шашы түсе бастайды, ұйқысыздық пайда 
болады. Адам ағзасына В дәрумені мен фоли қышқылының жетіспеуі 
гемоглобиннің темендеуіне әсер етеді. Гемоглобиннің төмен болуы көптеген 
аурулардың белгісін білдіреді. Темір мен басқада қоректі заттардың 
қажеттілігінің ұлғаюына байланысты жүкті әйелдерде гемоглобин төмендеп 
кетеді. 
Гемоглобин көрсеткіші қалыпты жағдайда әйелдер үшін 110-150 г/л, ерлер 
үшін 120-160 г/ларалықта болуы қажет. Гемоглобиннің негізгі қызметі – 
бүкіл ағзаны оттегімен қамтамасыз ету. Осы ағуызсыз өмір сүру мүмкін емес 
десек те болады. Сол себептен қан құрамындағы гемоглобин деңгейі түсіп не 
көтеріліп кетсе, түрлі патологиялық ауруларға ұшыратуы ықтимал. Оның 
концентрациясы адамның салауатты өмір салтын дұрыс ұстануына тікелей 
байланысты. Негізінде гемоглобиннің өзі бірнеше түрге бөлінеді. 
Физиологиялық (қалыпты) негізгі екі түрі бар: оксигемоглобин және 
карбогемоглобин. Оның біріншісі ағзаға оттегіні жеткізсе, екіншісі, яғни 
карбогемоглобин көмірқышқыл газын тасымалдайды. Бірақ "жаман" 
гемоглобин де бар. Егер ақуыз зиянды химиялық заттар не улы газ арқылы 



глюкозамен бірге түсіп кетсе, оны дисгемоглобин деп санайды, оның денеге 
ешқандай пайдасы жоқ. Мысалы HbА1С (гликерленген гемоглобин) – 
глюкозаланған гемобглобині мөлшерден көп болса, ол қант диабетіне 
шалдықтырады. Сонымен қатар патологиялық гемоглобинге жататын 
карбоксигемоглобині (улы газ арқылы), метгемоглобин секілді "нашар" 
гемоглобиндер өткір химиялық улану (отравление) ауруына шалдықтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет