Реферат тақырыбы: Адамзат қауымы қатты ауырған кезінде,дәрігерлік көмекке


Қышқыл - берілген реакцияда протондыбөліп шығартын зат;  Негіз



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата10.05.2023
өлшемі224,61 Kb.
#91465
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қышқыл - берілген реакцияда протондыбөліп шығартын зат; 
Негіз – берілген реакцияда протонды қосып алуға қабілетті зат. 
Аминқышқылдар (аминкарбондық қышқылдар, АМҚ) — молекуласында 
амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар: 
H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин). Аминқышкылдарын 
радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон 
қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір 
аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы 
— SH, екі карбоксил тобы болады. Құрамында әртүрлі функционалды топтары 
болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады. 
Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және 
т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді және бос 
күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы 
аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. 
Ақуыз биосинтезіне жиырма шақты а-аминқышқылдары қатысады. Олардың 


10 
біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді 
немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге 
қажеттілігі 
тек 
қана 
тағаммен 
қамтамасыз 
етіледі. 
Табиғатта 
аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы 
ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар. 
(Аминқышқылдардың ақуыз құрамына енгізілуі тәртібін тектік код есептейді). 
Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысып 
гормондар витаминдер мидиаторлар пуринді және пиримидинді азоттық 
негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі 
қосылыстарын түзу қызметін атқарады. Амин қышқылдары барлық тірі 
организмдерде жүретін азотты заттар (гормондардың, витаминдердің, 
медиаторлардың, пурин және пиримидин негіздерінің, алкалоидтардың т.б. 
заттардың негізгі де бастапқы қосылыстары болып саналады) алмасуына 
қатысады, жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің барлық ақуыздарының 
(протеиндерінің) 
мономерлері 
қызметін 
атқарады. 
Жасушалардағы 
протеиндер биосинтезіндегі амин қышқылдарының ақуыздағы орындарын 
генетикалық код анықтайды. Микроорганизмдер мен өсімдік организмдерінің 
көпшілігінде, оларға қажет амин қышқылдарының барлыгы түгелімен, аталган 
организмдерде түзіледі, ал адам мен жануарлар организмдерінде алмаспайтын 
амин қышқылдары түзілмейді, олар тек дайын түрінде ғана тамақ пен азықтың 
құрамымен организмге келеді. 
Адам организмі қажетті аминқышқылдарының жартысынан астамын 
өздігінен синтездей алады. Ал сегіз аминқыщқылын адам организмі синтездей 
алмайды. Олар ауыстырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. 
Организмде синтезделмейтін аминқышқылдарын адам қоректік заттармен 
қабылдауы керек. Барлық аминқышқылдары мал етінің құрамында 
болатындықтан, ет аминқышқылдарының негізгі көзі болып саналады. Ал әр 
өсімдіктің құрамында өзіне тән жеке аминқышқылдары болады. 
Аминқышқылдары медицинада дәрі-дәрмек, ал ауыл шаруашылығында мал 
азығына үстеме қорек ретінде пайдаланылады. Өнеркәсіпте синтетикалық 
талшық(капрон, нейлон) алу үшін де аминқышқылдары қолданылады. 
Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 
54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 
2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин 
қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз 
молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше 
мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. 
Бейтарап рН жағдайында, бос түрдегі аминқышқылының жалпы құрамындағы 
карбоксил тобы мен аминдіктоп зарядталған күйде болады. Атап 
айтқанда,карбоксилат бөлігі теріс зарядталған, ал аминдік топ оң зарядталған 
күйінде кездеседі. Бүйірлік тізбектерінде зарядталған топтары жоқ 


11 
аминқышқылдар бейтарап ерітіндіде жалпы заряды жоқ цвиттериондар 
күйінде болады.
Цвиттериондар дегеніміз — құрамындағы теріс және оң 
зарядтар саны тең болады. Триптофан серотонинге айналады, оның 
тыныштандырғыш әсері бар. Жабығу немесе ұзаққа созылған күйзелісті 
(депрессия) серотониннің өте төмен мөлшерде болуымен байланыстырады. Ал 
серотонин деңгейінің шектен тыс жоғары болуы желікпе (маниакалды) күйге 
алып келеді. Депрессияға (биполярлы бұзылу деп аталатын) шалдығуды 
серотонин және оның кейінгі аралық өнімдерінің мөлшерін тексеріп отыру 
арқылы толық бақылауға болады. Тирозин мен фенилаланин барлық ағзаға 
бірдей әсер ете бермейді. Тирозинді қосымша тағам ретінде қабылдау сергек 
болуға септігін тигізеді, ал триптофан түнгі ұйқыны жақсартады. Сүт 
ақуызында триптофанның мөлшері көп, сондықтан ұйқы алдында бір стакан 
жылы сүт ішсеңіз тез ұйықтауға көмектеседі. Ірімшік пен қызыл шараптың 
құрамында тираминнің мөлшері өте жоғары болады, тирамин эпинефрин 
секілді әсер етеді. Әдетте, фенилаланиннен туындайтын тирозин өз кезегінде 
катехоламиндер деп аталатын қосылыстар тобына айналады. Катехоламиндер 
қатарына эпинефрин жатады, патенттелген атауы бойынша ол бізге адреналин 
ретінде белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет