ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ағымдық жоспарлау құжаттары
Орындаған: Джунусова Ж.
Тобы: JB 211-21
Қабылдаған: Искаков Д.
Шымкент 2022ж Жоспар:
Кіріспе
Жоспарлаутүсінігі, мақсаты және міндеті
Жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері
Кәсіпорын қызметін ағымдағы жоспарлау құжаттары
Қорытынды
қолданылған әдебиеттер
Нарықтық экономика жағдайында айрықша ерекшелігі бойынша бірінші кезекте жоспарлау субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілетті қызметкер жоспарды қабылдап бекітеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптаскан баға қажет. Бұл мәнін әлі жоғалтпаған нарықтық экономика жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми-техникалық серпіліс және өндірісті-техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс факторлары бойынша жоспарлау және т.б.). Сонымен қатар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау қызметін қайта құру жүйелік кемшіліктерін еңсеру үшін де керек.
Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған шаралар кешені жасалады (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске ендіруге, өткізуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдаятының болашағын, тұтынушылық сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.
Әлемдік тәжірибе бойынша көбінесе ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлау түсінігі қолданылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау дамудың қалыптасқан үрдісінің алдағы уақытта болатынын және оларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтар мен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру, мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңге қарағанда жақсы болатындығына үміттелінеді. Стратегиялық жоспарлаудың негізі болып мақсат ағашын және жоспарлау бағдарламасын құру, жағдайлық үлгінің негізінде жоспарлар жасау, шаруашылық әрекеттер баламаларын сарапты және матрицалық бағалау және т.б. саналады. Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше қағидасы - оларды болашақтан қазірге дейін құ - ру. Жоспарлаудың бұл нысаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның стратегиялық басқару тұжырымдамасына жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б).
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын қызметін ағымдағы жоспарлау, өндірістік бағдарламасын жоспарлау жүйесін ұйымдастыруды жеткізу.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, 1 бөлімнен, 6 бөлімшеден және қорытынды6 пайдаланылған әдебиеттен құралған. Курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж., А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж., http:www.e-gov.kz., Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.
Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау - бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономиқаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады. АҚШ-тың жай фермері ауыл шаруашылық кезеңге ауыл шаруашылығы өнімдеріне жыл басындағы қалыптасқан биржалық бағаға, тасымалдық қызмет бағасына, ауа райы жағдайына байланысты әрекет ету жоспарын жасайды (қандай сортты егу, қандай көлемде, қанша, кімге қандай өнімді сату туралы).
Нарықтық экономика жағдайында айрықша ерекшелігі бойынша бірінші кезекте жоспарлау субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілетті қызметкер жоспарды қабылдап бекітеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптаскан баға қажет. Бұл мәнін әлі жоғалтпаған нарықтық экономика жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми-техникалық серпіліс және өндірісті-техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс факторлары бойынша жоспарлау және т.б.). Сонымен қатар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау қызметін қайта құру жүйелік кемшіліктерін еңсеру үшін де керек.
Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, тұтынушылардың және т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси және басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек. Мемлекеттік орғандардың бұрынғы функциялары кәсіпорынға тікелей өтеді: кәсіпорын деңгейінде өз бетінше дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды. Осыдан зауыттық жоспарлаудың қағидалары мен түрлері өзгереді. Ағымдағы (жылдық ) жоспарлаудың шеңбері санаулы болады, бұл болашағы бар жоспарлаудың қажеттігін меңзейді. Болашақ жоспары стратегиялық мақсатты көрсететін ағымдағы жоспарлау үшін басты бағыт болады және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қызметі болып табылады. Өз кезегінде ағымдағы қызметтің жылдық нәтижесі шаруашылық жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, болашақ жоспарды кезінде түзету үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда өзгермелі жоспарлау қағидасы қолданылады.
Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған шаралар кешені жасалады (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске ендіруге, өткізуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдаятының болашағын, тұтынушылық сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.
1.2. Жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері
Директивті және индикативті жоспарлау.Директивті жоспарлау оны орындайтын бөлім үшін міндетті болып саналады. Директивті жоспарлау нарықтық қатынаста балама түрінде бола отырып, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін қолданылады. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі қолданылады. Индикативті жоспарлаудың тапсырмасы орындалуы міндетті болмайды. Олар әлеуметтік-экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.
Индикативті жоспарлау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы тұжырымдамасынан, әлеуметтік-экономикалық дамуды болжаудан, мемлекеттік және аймақтық мақсатты бағдарламалардан және экономикалық реттегіштер жүйесінен тұрады. Индикативті жоспарға міндетті тапсырмалардың шектелген саны ғана кіруі мүмкін. Индикативті жоспарлау директивті жоспардан айрықша ерекшеленеді және міндетті сипатта емес, ұсынылатын сипатта болады, сонымен қатарол жанама-реттеуге, экономикалық нормативтер мен жеңілдіктер жүйесін, табиғи көрсеткіштері емес құндылық көрсеткіштерді пайдалануға негізделген. Кәсіпорын индикативті жоспарды келесідей нысандардың бірінде жүзеге асыруда қатыса алады:
1) республикалық немесе аймақтық мақсатты кешенді бағдарламаларда қатысу;
2) өнімді жеткізу, мемлекеттік қажеттілік үшін қызмет пен жұмыстардың орындалуы.
Индикативті жоспарлау микродеңгейде де, оның ішінде болашақты жоспарлауды құруда және жасауда қолданылады. Мазмұны, мақсаты және міндеттеріне байланысты жоспарлаудың келесідей нысандарын саралауға болады.
649 ♦ 11-тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Жоспарлау деңгейі бойынша жоспарларды саралау.Жоспарлы кезең (жоспарлау деңгейі) ұзақтығы бойынша келесілерге бөлінеді:
1) ұзақ мерзімді (болашақты) жоспарлау;
2) орташа мерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау;
3) қысқа мерзімді (ағымдағы) жоспарлау.
Болашақты жоспарлауды басқа жоспарлаудан болжау нысаны бойынша айыруға бола - ды. Болжау жоспарлаудың ажырамас элементі бола отырып, болашақтағы мүмкін жағдайы бар тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, суреттемесін көрсететін әдіс болып табылады және үдеріс пен кәсіпорынның даму өзгерісіне қарай ағымды суреттемесін анықтайды. Маркетинг, кәсіпкерлік, инвестициялау, инновация облысында қабылданатын көптеген шешімдер болашақта болатын жағдайларды бағалауға негізделген, яғни болашақта болатын жағдайлардың болжамы болады. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің дамуының әр түрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Орташа мерзімді жоспарлаубір жылдан бес жылга дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгікезеңде жүзеге асады жәнежарты жылдық, тоқсандық, айлық, апталық жәнетәуліктік жоспарлаудан тұрады. Жекелеген кәсіпорындар орташа мерзімді жоспарлауды ағымдағымен біріктіреді: өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құрылады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеліп көрсетіледі. АҚШ-та кәсіпорындарда жоспарлау бір жылдан үш жылға дейін жүзеге асады. Жапонияда жоспарлар корпорацияларда 5 жылдан 15 жылға дейін жасалады. Бұрынғы КСРО кәсіпорын деңгейінде бес жылдық және бір жылдық жоспарлар жасалды. Жылдық жоспарлар әсіресе нарықтық экономикаға өтуге дейінгі соңғы жылдары жиі реттеліп отырды. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болды. Қазіргі уақытта өмір сүру мәселесі бар кәсіпорындарда кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болып табылады.
Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау. Қойылған мақсат маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция жәнематериалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді:
1) стратегиялық жос - парлау;
2) тактикалық жоспарлау;
3) оралымды жоспарлау;
4) инвестициялық жобалау;
5) бизнес-жоспар.
Осылайша болашақтықжоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады. Стратегиялық жоспарлау - сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялық басқарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспар - лау - балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы дамустратегиясын құру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін ка - лы птастыру.
Әлемдік тәжірибе бойынша көбінесе ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлау түсінігі қолданылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау дамудың қалыптасқан үрдісінің алдағы уақытта болатынын жәнеоларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтармен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру, мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңге қарағанда жақсы болатындығына үміттелінеді. Стратегиялық жоспарлаудың негізі болып мақсат ағашын және жоспарлау бағдарламасын құру, жағдайлық үлгінің негізінде жоспарлар жасау, шаруашылықәрекеттер баламаларын сарапты және матрицалық бағалау және т.б. саналады. Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше қағидасы- оларды болашақтан қазірге дейін құ - ру. Жоспарлаудың бұл нысаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның стратегиялық басқару тұжырымдамасына жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б). Стратегияны таңдау кезінде жаңа стратегияның кәсіпорынның жинақталған әлеуетінесәйкес болуын ескеру қажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақ мерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін орташа мерзімді жоспарлар қабылданады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің жоспарларды орындауы бойынша мәліметтері жиналады, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақ мерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша), сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша), негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі. Ірі жапондықкорпорациялардың 70-80 пайызы ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін қолданады. Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді қамтитынкөп кезеңді үдеріс:
Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);
Бизнес миссиясы (рөлі) - олардың сандық өлшеміндегі көптеген зерттелген мақсаттар, яғни миссия - даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу қарқыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.).
Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия.
Бюджеттеу - бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.
Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.
Тактикалық жоспарлау - кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.
Ішкі өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техника-экономикалық жоспардың негізінде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген парапарлы және негізгі қызмет түрлері бойынша бюджеттер жасалады, сондай-ак олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. Қазіргі жағдайда бюджет - теу жоспарлаудың және мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте бақылаудың негізгі құралы болып табылады. Кәсіпорын бюджеті - белгілі бір кезеңге кәсіпорын саясаты мен міндеттерін, мақсатын көрсететін кәсіпорынның шаруашылық операцияларының барлық аспектілерін қамтитын жоспар.
Оралымды жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалықжоспар - лау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспар - лау жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды, бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі болуымен сипатталады.
Инвестициялық жобалар (күрделі салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, ұзақ мерзімді сипатпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарықка шығу және шар - уашылық қызметтің пайдалылыгын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Басқа да белгілері бойынша жоспарды саралау.
653 ♦ 11-тарау. Кәсіпорыннын маркетингтік және өндірістік қызметі
Жоспар түрлері, сондай-ак келесідей белгілерге байланысты жіктелуі мүмкін:
1) шаруашылық қызметтің мазмұны - зерттеулер (ҒЗЖ және ҰҚЖ), өндіріс, маркетинг, өткізу, персонал, шикізатты және материалдарды сатып алу, инвес - тиция, қаржы жоспарлары;
2) басқару деңгейі және кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы - корпоративті, кәсіпорындық жоспарлау, филиалдардың жоспары, цехтың жоспарлау жүйесі, жоспарлаудың өндірістік жүйесі (бөлімше, бригада, жұмыс орны және т.б.);
3) пайдалану саласы бойынша - цехаралық, цехішілік, бригадалық, жеке;
4)жоспарлау нысаны - мақсатты жоспарлау (стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау), бағдарламалық жоспарлау (нақты бағдарламаларды жасау және жүзеге асы - ру, мысалы, маркетинг, өзіндік құнды төмендету, өндірістік бағдарламалар, өткізу) және қорларды жоспарлау (мақсатқа жету үшін қажетті құралдарын анықтау, персоналды жос - парлау, өндірістің техникалық қайта жабдықталуы);
5) жоспарлау тереңдігі - шектелген жоспарлау (берілген көрсеткіштермен шектелген, мысалы, бөлімшелер сомасы бой - ынша цехты, цехтар сомасы бойынша зауытты жоспарлау) және бөлшектерді жоспарлау (терең есептеу және үдеріс пен жоспарланған нысанды суреттеу);
6) қамту деңгейі бойынша (барлық кезеңдер мен көрсеткіштер) жалпы және бөлшекті (белгілі бір кезеңдер, көрсеткіштер және облыстар) жос - парлау;
7) жасау кезеңдері бойынша - (жоспар жобалары жасалады) алдын ала және соңғы (бекітілгеннен кейін жоспарлар заңды күшіне ие болады) жоспарлау;
8) уақыт бойын - ша жоспарлардың үйлесімдігі - тізбекті (әр түрлі жоспарларды жоспарлаудың келісілген тізбекті жүзеге асырылатын үдерісі) жоспарлау және бір уақтылы (барлық жоспарлардың көрсеткіштері жоспарлау кезеңінде анықталады) жоспар - лау;
9) мәліметтердің өзгерісін есепке алу бойынша - қатап және икемді жоспарлау.
Жоспарлау кезеңдері.Жоспарлы қызмет - қазіргі менеджменттің негізгі функцияларының бірі. Басқарудың орталықтанған жүйесі жоспарлы-экономикалық бөлім және кәсіпорындағы бухгалтерияға бөлінеді, өйткені ақша көбінесе есептеу функциясын орындайды. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын стратегиясының негізі кіріс пен шығысты жоспарлау болады; жоспарлаудың қаржылық аспектісі (бюджеттеу) жоспар жасау кезінде және оны нақтылап, орындау кезінде негізі болып табылады. Жоспарлауды басқарудың бастапқы кезеңі бола отырып, кәсіпорынның даму мақсатын таңдауға, әрекет ету бағдарламасын анықтауға, қойылған мақсатқа жету әдістері мен шараларын жасауға бағытталған үдерістен тұрады. Жоспарлау үдерісі бес кезеңге бөлінген.
Бірінші кезеңде болжау жүргізіледі, алдымен бар ресурстарды болжау мақсатында белгілі бір факторларға жүйелі талдау жасалады. Болжау жоспарға негізделген мүмкіндігін көрсетеді.
Екінші кезеңде кәсіпорынды дамыту баламасына таңдау жасалып, салыстыру жүргізіледі. Басқаруда койылған міндеттің шешіміне бірыңғай болмайды. Сондықтан әр түрлі тұғырнамада баламаны бағалау қажет (пайдаланылатын ресурстардың пайдалылығын, әлеуметтік-экологиялық мәнін және т.б.) және неғұрлым ыңғайлы баламасын таңдау.
Үшінші кезең - мақсатты қалыптастыру және міндетті қою. Мақсатты дәл анықтап, оған жету мерзімдерін анықтау қажет.
Төртінші кезеңде жұмыстың сәйкес тізбегі мен әрекет ету бағдарламасы жасалады. Әрекет ету бағдарламасын жасау үшін қабылданатынміндеттердің орындалуының уақытша тізбектілік пен кезектілігін бекіту қажет.
Бесінші кезенде бағдарламаны құндық бағалау және бірінші кезекте қаржылық ресурстарды бөлу жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің басқа жүйесіне (неғұрлым тиімді) сүйенетін қазіргі әлемдік тәжірибеде бұл кезең бюджеттеу, яғни бюджетті қалыптастыру деп аталады. Ол өткен барлық материалдарды жалпылап, құндық түрде құжаттардың стандартты жинағы түрінде ұсынуға арналған.
Ағымдағы жоспарлау жылдық кезеңді қамтиды және әр түрлі қызмет түрлері бойынша жоспарлар жиынтығынан (мысалы, зерттеу, өндіру, персоналдар, материалды-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг және т.б. бойынша) тұрады. Нарықтық қатынас жағдайында әрекет ететін оралымды жос - парлар жүйесі мен құрылымы көп түрлі және өзара байланысты жоспарлы шешімдерді сипаттайды. Кәсіпорынның қызметінің нақты бағыты бойынша жоспарды құру негізі құндық және табиғи көрсеткіштермен анықталатын міндеттер болып табылады. Ағымдағы жоспарлау кәсіпорын және оның жекелеген бөлімшелері үшін оралымды жоспарларды жасау жолымен жүзеге асырылады. Жоспарларды жасап болғаннан соң жекелеген бағыттар бойынша талдау жасалынып, сәйкессіздіктер анықталады. Жоспарлар өзара байланысты болғандықтан, сәйкес реттеулерді енгізу рәсімдері қарастырылады.
Өндірістің агымдағы жоспарының негізгі бөлігі күнтізбелік (айлық, тоқсандық, жарты жылдық) жоспарлар, бұл ұзақ мерзімді және орташа мерзімді қойылған мақсаттарды нақтылайды. Өндірістің күнтізбелік жоспары тапсырыс жөнінде, оларды материалды ресурстармен қамтамасыз ету өндірістік қуаттың пайдалану деңгейі және оларды әрбір тапсырыстың орындалу мерзімін ескере отырып, пайдалану жөніндегі мәліметтер негізінде жасалады. Өндірістің күнтізбелік жоспарлары қуаттылықты қайта құруға, құрал-жабдықтарды алмастыруға, жұмыс күшін оқытуга және жаңа цехтар мен кәсіпорындардың ғимаратын жөндеуге жұмсалатыншығындардан тұрады.
Жоспардың басты бағыттарының бірі - кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін сақтау. Жоспардың шығын және табыс қалдығы бюджетке енгізіледі (табыс пен шығын жоспары). Кәсіпорынның қызметін жоспарлау үшін алғашқы мәліметтер нарық көрсеткіштері болып табылады. Нарық жөнінде толық көрініс беретін маркетинг нәтижесі сату жөнінде жоспарлышешімді қабылдау үшін алғашқы мәліметтер болып табылады. Сондай-ақ өткен жылдың ішкі кәсіпорындық мәліметтеріне талдау жүргізіледі және сату шығындары мен оны азайту, құрылымы жөнінде ақпараттар беретін, кесте түріндегі статистикалық мәліметтер пайдаланылады. Сатылған өнімнің жылдық жоспары өнім өндірісінің жоспарына тікелей ықпал етеді, басқарудың орталықтанған жүйесі жағдайында бұл керісінше болатын. Табиғи және құндық өрнектегі қалыптасқан өнім сату жоспары жоспарлы пайданы есептеу мен ең төмен баға үшін негіз болып табылады. Осылайша, өнім сату жоспары басқа жоспарларды жасаудың негізі болады.
Ресурстарды дұрыс жоспарламай, сол кәсіпорынның қызметін табысты жүргізу мүмкін емес. Ресурстарды жоспарлаудың бірінші сатысына жоспарланған кезеңнің әрбір жылына қажетті ресурстар көлемі мен түрі бекітіледі, әрі қарай жабдықтаушылардың мүмкіндігімен салыстырылатын қажеттіліктерге талдау жүргізіледі. Жоспарлаудың екінші сатысында артық немесе жетіспейтін ресурстар бойынша шешімдер қабылданады. Соңғы сатысында мақсатты бағдарлама бойынша ресурстарды бөлінуі және ресурстар теңдестігі бағаланады. Кәсіпорынның ағымдағы жоспарының ерекшелігі қаржы нәтижелерімен қаржылық ресурстарды барынша дәл бағалау болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның жылдық жоспарында Қаржылық жоспарлау жеке қарастырылады, мұнда ағымдағы қаржылық шығындар мен табыстар, сондай-ақ шығындар және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан күтілетін пайдалар бірге жазылады. Оралымды жоспарлар әрбір жеке бөлім бойынша жеке мерзімге немесе бір жылға құрылатын бюджеттер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорын бюджетіоралымды және қаржылық жоспарды байланыстырады және кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесін - пайда мөлшері мен шамасын болжауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын бюджеті оның іс-әрекетінің барлық мұндатарын қамти отырып және бөлімшенің оралымды жоспарларына негізделе отырып, оның бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруші құрал болып табылады. Бюджеттік жоспарлау кәсіпорынның қаржылық есептерінің барлық ақпараттық негізін қамтитын бюджеттер жүйесін құруды ұсынады. Бұл үдеріс - операциялықбюджеттің және қаржылық бюджеттің қалыптасуы бо - лып, екі бөлікке бөлінуі мүмкін.
657 ♦ 11-тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Операциялық бюджетқұжаттардың келесі жиынтығын құрастыруды ұсынады: сату бюджеті, өндіріс бюджеті, өндірістік қорлар бюджеті (дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, материалдар), материалдарға тікелей шығындар бюджеті, еңбек- ақыға тікелей шығындар бюджеті, коммерциялық шығындар бюджеті, басқарушылық шығындар бюджеті, табыс және шығын бюджеті (немесе пайда және залал жөнінде есептеме болжамында кәсіпорынның қандай табыс алғанын және бұл кезеңге қандай шығындар болғаны көрсетіледі). Қаржы бюджеті ақша қаражаттар ағымының бюджетін немесе кассалық бюджеттің (кәсіпорынның қызметінің барлық түрлері бойын - ша шығындар мен табыстар болжанады - негізгі, қаржылық, және инвестициялық), есеп теңдестігінің (болжам теңдестігі) және инвестициялық бюджеттің дайындығын көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж
2. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж
3. http://www.e-gov.kz
4. Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.