Эклектизм (эклектика)- әртүрлі идеялар мен концепциялардың жүйесіз бірігуі.Философияда әртүрлі ілімдердің әрқайсысының “ең жақсы ”жағын біріктіруге ұмтылу. Көрнекті өкілі-римдік Цицерон.
Неоплатонизм -антика кезеңінде қалыптасқан соңғы бағыт(3-4ғ.ғ.).Негізін қалаған –Плотин.Неоплатонизмде Платон идеялары стоицизммен, перипатетизммен (Аристотель ілімі) толықтырылады. Жүйелі объективтік идеализм болып табылады.
Тестер:
1. Космос, фюзис, логос, эйдос, – осы кезеңнің басты категориялары болып табылады:
А) Қайта өрлеу С) Антика
В) Ортағасырлар D) Ағартушылық
2. Фалес бойынша дүниенің түпнегізі, субстанция, архэ:
А) суС) жер
В) от D) атом
3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі туралы заңның бастамаларын еңгізген ойшыл:
А) Сократ С) Аристотель
В) ГераклитD) Платон
4. «Майевтика» әдісін қолданған философ:
А) Сократ С) Аристотель
В) ГераклитD) Платон
5. «Өзінді танып біл», - деген ойшыл:
А) Сократ С) Аристотель
В) ГераклитD) Платон
6. Объективті идеализмнің негізін қалаушы:
А) Сократ С) Аристотель
В) Гераклит D) Платон
7. Аристотельдің логикалық дедукция туралы ілімі:
А) майевтика С) апологетика
В) силлогистикаD) акциденция
8. «Метафизика», «Никомах этикасы» шығармаларының авторы:
А) Сократ С) Аристотель
В) ГераклитD) Платон
9.Апориялар арқылы болмыспен ойлау мәселесін қарастырған ойшыл:
А) Сократ С) Аристотель
В) ЗенонD) Платон
10. Философия терминің алғашқы рет пайдаланған философ:
А) Сократ С) Аристотель
В) Гераклит D) Пифагор
Достарыңызбен бөлісу: |