Реферат Тақырыбы: Антика Философиясы Орындаған:Қаратай. А.Қ Қабылдаған: Абуханов. Ш. А алматы 2019 жыл



бет25/25
Дата06.01.2022
өлшемі59,26 Kb.
#12095
түріРеферат
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Ибн Сина (980 – 1037). Ол әлемге әйгілі ұлы емші ретінде кеңірек мәлім, медицина тақырыбына 43 трактат жазған. Осы саладағы басты еңбегі «Емшілік ілімінің каноны». Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалай келіп, оның ізбасарларын(Шығыс перпатетиктерін) сынға алған, себебі, олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап, оның кемшіліктерін көре білмеген. Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып, оның предметін анықтаумен біргесубстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал «Жан туралы кітабында» ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема – Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.

Ибн Рушд (1126 – 1198). Ол жас шағынан бастап теология, заң білімі, араб әдебиетін меңгеріп, медицинаға ерекше ықыласын танытқан. Оның шығармаларының формалары: түсініктер және арнайы шығармалар. Ибн Рушдтың барлығы 38 шығармасы болған, оның 28-і араб тілінде, 36-сы көне еврей тілінде,34-ті латын тілінде сақталған. Мұның көбісі Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау. Ибн Рушд еңбектерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-әл-Ғазалиге қарсы жазылған «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактаты. Ибн Рушд фәлсафа мен дін туралы көптеген терең ойлар айтқан, оның «Әрбір пайғамбар-данышпан, ал әрбір данышпан-пайғамбар емес» деген қанатты сөзі бар. Алайда ғұлама діни ортодоксия өкілдерімен таласқа түспеген, себебі, оның ғылым үшін қажеті шамалы. Талас діни дүниетаныммен «шығыстық перипатетиктер» арасында болған. Сол замандағы, тіптен қазіргі күннің де басты проблемасы-дүниенің мәңгілігі немесе оның пайда болуы туралы. Ибн Рушд «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактатындағы пікір таласы әл-Ғазалидің әлемнің жаратылмағандығы туралы ұсынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет