Реферат Тақырыбы: Антика Философиясы Орындаған:Қаратай. А.Қ Қабылдаған: Абуханов. Ш. А алматы 2019 жыл



бет21/25
Дата06.01.2022
өлшемі59,26 Kb.
#12095
түріРеферат
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Реферат Фило 2

Әл Киндиді араб философы деп атаған, философияның ұлы өкілі. Әл Кинди 200-ден астам еңбек жазған, соның ішінде «Алғашқы философия», «Бес мән туралы кітап». Әл Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыстырды, оның ойынша философиямен айналысу үшін математиканы үйрену керек. Әл Киндидің философиясы Аристотельге негізделеді және оның еңбектерін аударып уағыздады.

Әбу Насыр Ибн Мұхамед Әл Фараби (870-950) философ, ғалым – энциклопедист, шығыс аристотелизмнің басты өкілі, Аритотельден кейінгі «екінші ұстаз» болып табылады. Багдад, Алеппо, Дамаск қалаларында өмір сүрді. Негізгі еңбектері «Ақыл мен түсінік», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыка туралы кітап», Ибн Сина(латын тіліндегі транскрипциясы - Авеценна) Абу Әли Хусеин ибн Абдаллах (980-1037) – философ, энциклопедист, дәрігер, ақын, математик. Ибн Синаның белгілі еңбектері «Айығу кітабі», «Аман қалу кітабы», «Білім кітабы», «Медицина туралы поэма» өлеңдерін жинақ кітабы және ең негізгі еңбегі «Медицина ғылым каноны» болып табылады. «Медицина ғылым каноны» кітабы латын тіліне аударылған, ХІІ ғасырдан бастап Еуропа елдеріне әйгілі болды. Соңғы оқулық болып табылып, еуропа медицина университетінде бес ғасыр бойы оқытылды. Ибн Синаның ойынша - дүние эманация жолымен пайда болады.



Ибн Рушд (лат. аудармасында – Аверроэс, Averroes) Әбіл Валид Мұхаммед Ибн Ахмед (1126-1198) – Кордов (Испания) қаласынан келген философ, ғалым, дәрігер, шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілі, ұлы комментатор атымен әйгілі болды. Көбіне оның шығармалары Аристотельдің еңбегін түсіндірумен шектеледі. Негізгі шығармасы «Терістеуді терістеу» деп аталады. «Дін мен философияның арасындағы салыстыралы байланысы жайлы пікірлер». Оның идеялары әйгілі аверроистердің еңбектірмен байланысты болды. Аверроэс философиясы Европа философиясына күшті ықпал етті. Ақиқат жалғыз, бірақ оған жетудің екі жолы бар: білім немесе ғылым жолы және сенім немесе діни жолы.

Калам – «спекулятивті теология» - араб-мұсылман философиясының бағыттарының бірі, ол ІХ ғ. басында қалыптасқан және силлогизм мен аналогияға арқа сүйеген араб - мұсылман философиясының бағыты, оның негізі діни беделге сүйену емес, философиялық қағидаға сүйену.

Суфизм – (араб тілінен аударғанда «жүн шаш») деген мағынаны білдіреді. Исламдағы мистикалық аскеттік бағыт. Алғашқы суфийлер VIIІғ. соңы- ІХ ғ. басында Ирак және Сирияда жүнек киінген аскеттер болып саналады. Олар байлыққа және кедейлікке талпынбайтын әлеуметтік активтіліктен аулақ болды. Олар Аллаға махаббатын мистикамен түсіндірді.

Суфизм бойынша алла барлығында – гүлде, күнде және т.б. және де барлық Аллада Суфизм материалдық тұрғыдан қарағанда денесінен айырылып, жанымен Аллаға бірігуге шақырды. Ол төрт қадамнан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет