Реферат Тақырыбы: Антика Философиясы Орындаған:Қаратай. А.Қ Қабылдаған: Абуханов. Ш. А алматы 2019 жыл



бет24/25
Дата06.01.2022
өлшемі59,26 Kb.
#12095
түріРеферат
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Әл Кинди (800 жылы туған) жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбекткрін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла,-дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде». Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бірінші топтамаға – логика, екіншіге физика туралы кітаптар, үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. «Категориялар» деп аталатын кітабында – сөз ұғымдар(категориялар), сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз – субстанция(зат). Сипат(атрибут) дегеніміз – акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын(кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану(обладание) және орын алу немесе орналасу.

«Алғашқы философия туралы» трактатында мынандай мәселелерге тоқталған:

1. Философияның мәні туралы. Ол шындықты танудағы адам қабілетінің мөлшерін білдіреді. Өйткені нағыз философия дегеніміз – ақиқатты тану.

2. Нағыз биік әрі ізгілікті, әрі рухани философия, ол қандайда ақиқаттың себебі болатын алғашқы ақиқат туралы ғылым.

3. Таным туралы. Адам танымының екі түрі бар. 1.сезімдік таным, 2.ақылмен тану.

4. Егер нәрсенің өзі болмай, оның мәні болса, ол ештеңе де емес. Ал ештеңе емес нәрсенің пайда болуына себеп бола алмайды.

Ол мән, субстанция, акциденция, бүтін, жалғыз,қатынас, айырмашылық, қайшылық, тыныштық, қозғалыс, басқа да философиялық ұғымдар мен түсініктер туралы ой пікірлерін білдірген.

Әл Фараби– Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»атанған данышпан ойщыл. Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:

1. Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасаған.

2. Дін мәселесіне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған.Ол аристотель ілімі негізінде әлемнің алғашқы себебін мойындайды, алғашқы себеп ол құдай. Фараби форма үздіксіз өзгерісте, ал материя мәңгі деген.

3. Ғылым, Фарабидің айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның екі түрі болады: теориялық және практикалық. Теориялықғылымдар: логика, табиғаттану ғылымдары, метафизика, практикалық – этика мен саясат.

4. Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар.

5. Фарабиді таза рационализм тұрғысынан түсінген, толық емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет