Реферат тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт Орындаған: Тұрсын Ернар Тексерген: Аязбаева Б. Б



Дата25.11.2023
өлшемі92,11 Kb.
#125933
түріРеферат
Байланысты:
Тұрсын Ернар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті





Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы « Кадастр және жерге орналастыру»


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт

Орындаған: Тұрсын Ернар
Тексерген: Аязбаева Б.Б

Алматы, 2023ж

Жоспар:


  • Конфликт туралы түсінік……………………… 3



  • Конфликтінің түрлері………………… 4



  • Қарым-қатынастағы конфликт………………….. 5




  • Агрессия туралы түсінік…………………… 8



  • Қарым-қатынастағы агрессия…………………….. 9



  • Қорытынды………………………. 10

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.


Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.
Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу.
«Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады: «қиындықпен шешілетін» немесе «өткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің аллды болып саналады.
Кез келген конфликті құндылықтардың, мақсаттар мен мотивтердің қайшылықтарын көрсетеді. «Конфликтология» ұғымымен «конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады.
Б.И.Хасанның айтуынша, мәдени-тарихи психологияның дәстүрінде конфликт маңызды орын алғанмен де зертеу пәні болып табылмайды. Осы терминнің мәдени-тарихи концепцияда пайдаланылуына байланысты үш негізді бөлуге болады.

Конфликтінің түрлері.



  • Тұлғаішілік

  • Әлеуметтік

  • Тұлғаішілік конфликт

  • Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі

  • Рөлдік конфликт

  • Адаптациялық конфликт

  • Адамгершілікті конфликт

  • Моральдық конфликт

  • Мотивациялық конфликт

  • Әлеуметтік конфликт

  • Тұлғааралық конфликтілер

  • Әлеуметтік топтар арасындағы конфликтілер

  • Мемлекет арасындағы конфликт

  • Ұлтаралық конфликт

Қарым-қатынастағы конфликт


Қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көпжақты процесс.
1. Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі немесе кемшілікті сезіну комплексінің конфликтісі (Юрлов, 1995). Бұл тілектер мен оларды қанағаттандыруды бөгейтін шындық (ақиқат) арасындағы конфликт. Кейде оны «олар сияқты болғым келеді» (референттік топ) мен оны іске асырудың мүмкін еместігі арасындағы конфликт ретінде түсіндіреді.(Захарова, 1982) Конфликт тек шындық тілектерді жүзеге асыруды блакирует ғана емес, сондай – ақ, адамның оны жүзеге асыруға физикалық мүмкіндігінің жоқтығының нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Бұл өзінің сыртқы келбетіне, физикалық мәліметтерімен қабілеттеріне қанағаттанбаушылыққа байланысты пайда болатын конфликтілер. Аталмыш түрге сексуалдық патология негізінде жатқан тұлғаішілік конфликтілер де жатады. (Кратохвил, 1991; Свядощ, 1991; Харитонов, 1996).
2. Рөлдік конфликт бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудаң мүмкін еместігімен байланысты, (рөларалық тұлғаішілік конфликт) сондай-ақ, тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды әр түрліше түсінуімен байланысты (ішкірөлдік- конфликт) сезімдерден айқындалады. Бұл түрге екі құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлғаішілік конфликтілер жатады(Родных, 1993; Скалепов, 1995).
3. Адаптациялық конфликт кең мағынада, яғни субьект пен қоршаған орта арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық ретінде, ал тар мағынада - әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу процесінің бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсініледі. Бұл шындық талаптарымен адамның мүмкіндіктері (кәсіби, физикалық, психологиялық) арасындағы конфликт (Сенокосов, 1989). Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе іс- әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде, сондай-ақ , қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде қарастырылуы мүмкін.
4. Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі. Тұлғаның өзін-өзі бағалау адекваттылығы оның сыншылдығына, өзіне талап қоюшылығына, табыстар мен сәтсіздіктерге деген қатынастарына тәуелді. Талаптанулар мен өз мүмкіндіктерін бағалау арасындағы айырмашылықтар адамда жоғары мазасыздану, эмоционалдық олқылықтардың және т.б. пайда болуына әкеп соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты емес өзін-өзі бағалау конфликтілерінің ішінен тым жоғары өзін-өзі бағалау мен өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау ұмтылыстарының арасындағы (Юферова, 1975), өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен адамның обьективті жетістіктерін ұғыну арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, максималды табысқа жету үшін талаптануды көтеруге, ал екінші жағынан, сәтсіздіктерге ұрынбау үшін талаптануды төмендетуге ұмтылыстың арасындағы (Хекхаузен, 1986). Конфликтілерді бөліп көрсетеді.
5. Тұлғаішілік конфликтілер қоршаған орта, оның ішінде әлеуметтік орта тұлғасына ықпалын тигізбей пайда болмайтындығы баршаға мәлім. «Таза», тек қана ішкі әрекеттер себебіне байланысты.
Әлеуметтік конфликт дегеніміз – әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными).

Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.

Конфликт психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: тұлғаішілік конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер.

Конфликт психологияның орталық обьектісі - әлеуметтік конфликтілер ал олардың ядросы – тұлғааралық конфликтілер болып табылады. Басқа әлеуметтік конфликтілермен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылытын тұлғааралық конфликтілерді зерттеу конфликтілі өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін.Психикада болып жатқан және адамның конфликтілі мінез-құлқын анықтайтын процестерді зерттемей әлеуметтік конфликтілердің мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.

Отандық психологияда әр түрлі конфликтіні зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты.Еңбектердің 83 %-ке жуығы тұлғааралық конфликтілерді зерттеу болып келеді.Ішкітұлғалақ конфликтілерге 8%-ке жуық публикациялар арналған. Шағын , орта және үлкен топтар арасындағы конфликтілердің, халықаралық конфликтілердің психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ ресей психологтары адамзаттың әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі және қатынастар сфераларындағы конфликтілерді зерттейді:

-әлеуметтік конфликтінің түрі; обьектісі, еңбек қатынастары мен оларды қамтамасыз ету шарттары болып табылатын

-еңбек конфликтілері

-ғылыми-зерттеу ұжымдарындағы конфликтілері

-құқық қорғау органдары қызметіндегі конфликтілер

-әскери ұжымдардағы конфликтілер

-спорттағы конфликтілер

-сотталғандар арасындағы конфликтілер

-педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілер

Қарым-қатынастағы конфликт кезіндегі тұлғаның маңызды мінездері

Тұрақтылық

Өзін-өзі ұстай білу

Қиын сәтте тез шешім табуы

Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербальдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессияға») дейін түрленеді.


Агрессия түрлері
1. Физикалық және вербальді болып келеді.
Физикалық агрессия— белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану;
Вербальді — негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.
2. Тікелей және жанама
Тікелей агрессия — белгілі адамға бағытталған;
Жанама агрессия — белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
3. Сыртқы агрессия және ішкі (ауто) агрессия
Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған;
Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;
4. Қорғаныш және арандатқан (провокация) Қорғаныш — басқа адамның агрессивті мінез-құлығына пайда болатын агрессия;
5. Жаулық және инструментальді
«Жаулық» агрессияның негізі жындану болып табылады, оның басты мақсаты – зақым келтіру.
Егер зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл "инструментальді" агрессия.
Қарым-қатынастағы агрессияның алдын алу
Агрессияның алдын алу әдістері: 1) Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Егер авторитарлық және либеральды стильде тәрбие жүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Балаға авторитет болу керек. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек. Білім болмаса, адам қалай өзін тәрбилей алады? Ол психология, коммуникация, вербальды емес қарым-қатынас жайында әдеби оқулықтар оқуы тиіс. Егер білімді біліп, меңгерсе, баланы тәрбиелеуге көшу керек. Баласына ең бірінші әке немесе ана авторитетін орнатып, онымен достасуға тырысу керек. Ұрыспай, айғайламай, балаға қорқыныш арқылы емес, оның түсінушілігіне дейін жету керек. Керекті әдебиет материалдары: Дебра Хаффнер «От пеленок до первых свиданий», Франсуаза Дольто «На стороне ребенка». 2) Эмпатия. Егер адам сізге агрессивтілігін көрсетсе. Оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз. 3) Кешірімді болу. Қазіргі заманда, уақыт өте құнды болып тұр. Адамдар үнемі асығыс. Біреулері жұмысқа, не оқуға, не т.б. жерлерге. Қазіргі заманда адамдар эгоист. Олар өз пайдасын ойлап, жер әлемінде индивид деп санайды. Ия, біз барлығымыз индивидпіз. Бірақ, өте көп болғанымен, күнделікті өмірде бірдей көрінеміз. Адамдардың тез ашуланшақтығын ескеріп, олардың агрессияларын жүрекке жақын қабылдаудың керегі жоқ. Кешірімді болған адам, агрессияға жауап бермей, оны өршітпейді және өз денсаулығын сақтайды. 4) Қалжың, көңілді көңіл-күй. Күнде көңіл-күйі жоғары адамдар, үнемі өзінен позитив шығарады. Қасындағы адамдармен орынды қалжыңдап, олардың көңіл күйін көтере алады. Бірақ, оның да шекарасы бар. Адамдар қалжыңды көтере алмаса, агрессияның пайда болуына жол ашады. 5) Артын ойлау. Әр адам қадамдарын бақылап, орынды сөйлеу тиіс. Өз-өзін бақылай алатын адам үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бір адамға агрессиямен жауап берсең, оның дұрыс не бұрыстығын теңестіріп, келешекте сол адамға немесе саған әсері болуын не болмауын ойлауы тиіс. 6) Спортпен айналысу. Көп күш жұмсалатын іс-әрекеттерде көп негативті агрессивті сезімдер шығады. Және бұл денсаулыққа өте пайдалы.

Қорытынды

Қорытындылай келе, қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді. Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің алдын алу болып саналады. Сол себепті, қарым-қатынастағы конфликт немесе агрессия әр адамның өзінен байланысты десек қателеспеспіз.

Әдебиеттер:


1. Вердербер Р., Вердербер К. Психология общения. – СПб: «Прайм-ЕВРОЗНАК», 2003. – 318 с.
2. Этика делового общения. Юнита 1. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 88 с.
3. Психология и этика делового общения. Юнита 1. Теоретические основы психологии и этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 57 с.
4. Психология и этика делового общения. Юнита 2. Технологмческие аспекты психологии и этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 57 с.
5. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений. – М.: Аспект Пресс, 1997. – 376 с.
6. Общая психология: Учеб. Для студентов пед. Ин-тов / Под ред. А.В. Петровского. – М.: Просвещение, 1986. – 464 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет