Бірінші типі тұлғаның обьективті жағдайларды немесе қоршағандардың талаптарын жете бағалай алмауына байланысты тым жоғары қоятын талаптарымен сипатталады
Бірінші типі тұлғаның обьективті жағдайларды немесе қоршағандардың талаптарын жете бағалай алмауына байланысты тым жоғары қоятын талаптарымен сипатталады. Екінші типі өзіндік қажеттіліктердің қайшылықтарымен, тілек пен борыш, міндет арасындағы моральдық принциптер мен жеке құштарлықтар арасындағы тартыспен сипатталады. Үшінші типтегі конфликт невроастениялы тұлғаның мүмкіндіктері мен оның өзіне қоятын тым жоғары талаптары арасындағы қойшылық болып табылады. Мұндай жағдайларда индивидтің өз-өзіне бағытталған агрессивті әрекеттері мысалы: суицидальді әрекеттер болып табылатын аутоагрессияның пайда болуы мүмкін. Әлеуметтік конфликт. Әлеуметтік конфликт дегеніміз – әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными). Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады. Конфликт психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: тұлғаішілік конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер. Қорытындылай келе, қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді. Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің алдын алу болып саналады. Сол себепті, қарым-қатынастағы конфликт немесе агрессия әр адамның өзінен байланысты десек қателеспеспіз.