Реферат тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт Орындаған: Сабаншы Әділ Тексерген: Жолдасова М. К


Тұлғаішілік конфликт өз кезегінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына көмектесетін адекватты өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына мүмкіндік береді



бет5/6
Дата01.11.2022
өлшемі33,34 Kb.
#46787
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат СӨЖ

Тұлғаішілік конфликт өз кезегінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына көмектесетін адекватты өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Деструктивті болып өмірлік дағдарыстарға ұласатын немесе невротикалық реакциялардың дамуына әкелетін тұлғаның ажырауын күшейтетін тұлғаішілік конфликтілер табылады. Ұзаққа созылған тұлғаішілік конфликт іс-әрекеттің нәтижелігіне қауіп төндіреді (Куценко, 1990). Орыс философы А.Бердяевтің ойынша, «рефлексияшылдар мен сенімсіздер бұл өмірде белсенділік таныта алмайды, ол жауынгер де бола алмайды,- ол өзін әлсіздендіретін ажырауға толығымен берілген, ол өмірге ықпал ететін белсенді, шығармашылық күшке сенімсіз…Рефлексия, ажырау, сенімсіздік қажеттіліктер өмірінің көпжақтылығына бейімделу деген сөз. Сенімсіздік күйі тәуелділік» (1916).
Ұзаққа созылатын ішкі конфликтілер тұлғаның дамуын тежеуі мүмкін. Л.И.Божович, «… үнемі ішкі конфликтілерге топ болатын адам мінез- құлықтың тұрақсыздығымен, сенімсіздікпен, сапалы түрде қабылдаған мақсаттарға жетуге қабілетсіздікпен ерекшелінеді, яғни, ол адамда психологиялық түрде кемеліне келген тұлғаның сипаттамасына кіретін ерекшеліктер болмайды»(1981)
Жиі болатын тұлғаішілік конфликтілер адамның өз күштеріне сенімділігін жоғалтуға, кемшілікті сезінудің тұрақты комплексінің қалыптасуына, ал кейде- өмірдің мағынасын жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Шиелініскен тұлғаішілік конфликтілер, әдеттегідей, жанұядағы, жұмыстағы тұлғааралық қатынастардың деструкциясына душар етеді. Олар тым жоғары агрессивтіліктің, мазасызданудың, қарым-қатынастағы ашушандылықтың себебі болуы мүмкін.
Тұлғаішілік конфликтінің невротикалық конфликтіге ұласуы проблемасына ерекше тоқталу қажет. Конфликтіге тән уайымдар тұлға қатынастарының жүйесінен басты орын алған жағдайда, аурулардың көзі болады. Адам конфликтіні патогенді күштену жойылатындай және қалыптасқан жағдайдан шығудың рационалды жолы табылатындай етіп өзгерте алмайды. Мұндай конфликт адам өмірінде жетекші орын алады, оған шешілмейтіндей болып көрінеді және ұзаққа созыла отырып, қайшылықтарды шиеленістіретін, тұрақсыздық пен әсерленгіштікті жоғарылатын, уайымдарды тереңдететін және бірдемені күйзеле бастан кешіретін, өнімділік пен өзін-өзі басқаруды төмендететін аффективті күштенуді туғызады.
В.Н.Мясищев (1960) невротикалық конфликтілердің дамуының ішкі механизмдерін есепке ала отырып, классифлкациясын жасады. Ол истериялық, обсессивті- психастеникалық және невроастеникалық типтегі конфликтілерді сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет