Агрессия түрлері:
1.Физикалық және вербальді болып келеді.
• Физикалық агрессия— белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану;
• Вербальді — негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.
2. Тікелей жәнежанама
• Тікелей агрессия — белгілі адамға бағытталған;
•Жанама агрессия — белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
3. Сыртқы агрессия және ішкі (ауто) агрессия
• Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған;
• Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;
4. Қорғаныш және арандатқан (провокация) Қорғаныш — басқа адамның агрессивті мінез-құлығына пайда болатын агрессия;
5. Жаулық және инструментальді
• «Жаулық» агрессияның негізі жындану болып табылады, оның басты мақсаты – зақым келтіру.
• Егер зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл «инструментальді» агрессия.
Араңдатқан агрессия — агрессия бірінші босату, агрессия көзі болу;
6. Дұрыс (обоснованная) и дұрыс емес (деструктивті) Агрессия шекараларына нықтау қиын. Егер агрессия дұрыс көзінен көрініп, жақсы нәтижеге келтірсе, онда бұл дұрыс агрессия. Ал бұрыс агрессия бұған қарама-қарсы.
Агрессия дамуының себептері.
Отбасылық тәрбиенің түрлері.
Отбасы және отбасы ішіндегі қарым-қатынас баладағы агрессияның дамуының негізгі себебі болу мүмкін. Заманауи психологияда отбасылық тәрбие 3 түрге бөлінеді: авторитарлық, либеральді (босаңсу) және авторитетті (демократиялық).
Авторитарлық стиль
Авторитарлық стиль агрессиямен, диктатпен, бір-бірінің қарым-қатынасында суығымен сиппаталады. Бұл стиль кезінде қарым-қатынас қысқа, қатал және шошытып үрей туғызумен жүреді. Баланың эмоцияларына көңіл аз бөлінеді, мақтау немесе ұрысу ата-аналар көңіл-күйіне байланысты. Авторитарлық стиль де ата-аналар қатал ережелер ойлап тауып, бала солардың бұйрықтары мен өседі. Көбінесе, отбасыдағы балалар қысымға шыдай алмай, агрессияға беріліп кетеді. Осыдан агрессивті адамдар пайда болады. Ал агрессиясын шығара алмаған балалар, депрессияға түсіп, ауто агрессияға айналып кетеді. Либеральді (босаңсу) стиль Либеральді (босаңсу) стилінде тәрбие негізгі принцип бойынша жүреді: «не істесең, соны істе». Этот бұл стильде ата-аналар минимум ережелер қояды. Отбасы мүшелер арасында қарым-қатынас өте әлсіз, балалар эмоциясы мен ішкі жан-дүниесіне қызығушылығы болмайды. Ата-аналар балалары тәуелсіз өсу керек деп ойлайды. Өмір мәнін тез түсінеді, қоршаған ортаға бейімделе алады деп ойлайды. Біраз ата-аналар қолы бос болмағандықтан, балаға керекті тәрбиені бере алмайды. Авторитетті (демократиялық) стиль Авторитетті (демократиялық) стиль отабасы мүшелерінің бір деңгейінде болуымен сипатталады. Қарым-қатынастарында демократия болады. Ата-аналар балалары мен өзімен тең адамдар сияқты қарым-қатынас жасайды. Керек кезде мақтап немесе жақтайды. Бұл стиль ең қолайлы, өйткені балада өз көзқарасы пайда болады, және қорғауға қорықпайды. Ата-аналары үнемі корғаныш жасай алады. Агрессияның алдын алу әдістері: 1) Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Егер авторитарлық және либеральды стильде тәрбие жүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Балаға авторитет болу керек. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек. Білім болмаса, адам қалай өзін тәрбилей алады? Ол психология, коммуникация, вербальды емес қарым-қатынас жайында әдеби оқулықтар оқуы тиіс. Егер білімді біліп, меңгерсе, баланы тәрбиелеуге көшу керек. Баласына ең бірінші әке немесе ана авторитетін орнатып, онымен достасуға тырысу керек. Ұрыспай, айғайламай, балаға қорқыныш арқылы емес, оның түсінушілігіне дейін жету керек. Керекті әдебиет материалдары: Дебра Хаффнер «От пеленок до первых свиданий», Франсуаза Дольто «На стороне ребенка». 2) Эмпатия. Егер адам сізге агрессивтілігін көрсетсе. Оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз. 3) Кешірімді болу. Қазіргі заманда, уақыт өте құнды болып тұр. Адамдар үнемі асығыс. Біреулері жұмысқа, не оқуға, не т.б. жерлерге. Қазіргі заманда адамдар эгоист. Олар өз пайдасын ойлап, жер әлемінде индивид деп санайды. Ия, біз барлығымыз индивидпіз. Бірақ, өте көп болғанымен, күнделікті өмірде бірдей көрінеміз. Адамдардың тез ашуланшақтығын ескеріп, олардың агрессияларын жүрекке жақын қабылдаудың керегі жоқ. Кешірімді болған адам, агрессияға жауап бермей, оны өршітпейді және өз денсаулығын сақтайды. 4) Қалжың, көңілді көңіл-күй. Күнде көңіл-күйі жоғары адамдар, үнемі өзінен позитив шығарады. Қасындағы адамдармен орынды қалжыңдап, олардың көңіл күйін көтере алады. Бірақ, оның да шекарасы бар. Адамдар қалжыңды көтере алмаса, агрессияның пайда болуына жол ашады. 5) Артын ойлау. Әр адам қадамдарын бақылап, орынды сөйлеу тиіс. Өз-өзін бақылай алатын адам үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бір адамға агрессиямен жауап берсең, оның дұрыс не бұрыстығын теңестіріп, келешекте сол адамға немесе саған әсері болуын не болмауын ойлауы тиіс. 6) Спортпен айналысу. Көп күш жұмсалатын іс-әрекеттерде көп негативті агрессивті сезімдер шығады. Және бұл денсаулыққа өте пайдалы. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін. Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу. «Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады: «қиындықпен шешілетін» немесе «өткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің аллды болып саналады. Кез келген конфликті құндылықтардың, мақсаттар мен мотивтердің қайшылықтарын көрсетеді. «Конфликтология» ұғымымен «конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады. Б.И.Хасанның айтуынша, мәдени-тарихи психологияның дәстүрінде конфликт маңызды орын алғанмен де зертеу пәні болып табылмайды. Осы терминнің мәдени-тарихи концепцияда пайдаланылуына байланысты үш негізді бөлуге болады. Конфликт диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде – конструктивті және продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Сонымен қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін көрсетеді. Конфликт диагностикалық ситуация ретінде – осы контексте ол ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір жетістіктерді тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады. Конфликт үйрету - оқыту ситуацияларының негізі ретінде – мұның позитивті мәні бала үшін оның өзінің мүмкіндіктерін ашып беруінде. Мінез-құлықтың қалыптасқан формасы «қажеттіліктер және мотивтер-нақты объект» байланысына сәйкестігін жоғалтқан кезде балаларда конфликт пайда болады. Конфликт бір жағынан, жасқа байланысты қайшылықтар ретінде (Л.С.Выготский) көрсетілсе, екіншіден- үйренудегі шынайы қайшылықтар ретінде (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин) көрінеді. Екі қайшылықтар да бала мінез-құлқының табиғи және мәдени формаларының қосындысындағы қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Конфликтолог – конфликтіде делдалдық жұмысшеберлігін меңгерген, конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер.
Конфликтология тек қана ғылым ғана емес, ол сонымен қатар қақтығыс пен диалог жүргізу шеберлігінен тұратын өнер. «Өнер» термині тұлғалық-шығармашылық фактордың маңыздылығы мен конфликтология аймағындағы кешенді білімдер жүйесінің практикалық іске асуын білдіреді. Себебі, тіпті идеалды білімнің өзі практикада конфликтілі ситуациялардың кері салдарын жою технологиясын шеберлікпен қолданусыз іске аспайды. Жасөспірімдердің өзін субьект-лидер-тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым-қатынас пен өзара қарама-қайшылықтың бірі мезетте тууынан болатын құбылысты конфликт деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға беруге болады. «Ер шекіспей, бекіспейді» дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа да ұласуы мүкін. Сондықтан да отбасында, мектепте, аулада балалар арасында туған конфликттіге педагогикалық тұрғыда көмек беріліп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн. «Басқа пәле- тілден».Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес.Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине, біледі.Әйтсе де осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып, теріс ықпал етіп барады. Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған конфликтіде жаман сөзбен бірін-бірі сыбап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады. Мысалы:Чукчалар мен эскимостарда ұрысқанда айтылатын «сен- олақсың» деген сөз, ең намысқа тиетін жаман сөз болып саналады.Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе: «жасыл тасбақа» немесе «қоян» дейді.Кей халықтың мәдениетінде сиыр киелі жануарлар саналғандықтан, оның атын мәртебе көреді.Орыстар жақтырмаған әйелді «сиыр» деп қорлайды.Ал, мұсылман халқы үшін «шошқа» деген өте ауыр сөз.Оның есесіне, папустар шошқаны үй жануары деп қарағандықтан, қыз балаларына «Борома» деген (қазақтың «Ақбота,Ботагөз деген аттары сияқты) ат қояды екен.Бүл өз тілдерінде шошқа деген сөз.Қай тілде айтылсада балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әрекетке итермелейді.Мұндай сөздер қорланған адамның теріс сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді.Балағат сөз ұяттан аттап кетеді.Сондықтан екі жақиан конфликт туып, дөрекі сөздер айтылады.Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады.Осыған қарап отырып, бұлардың әдеп пен мәдениетің аулынан алыстап кеткенің көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |