2.2 Төрт түлік мал түрлері Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
9 Қорытынды Этнограф-ғалымдар қазақтың атқа міну мәдениетін терең зерттей отырып қазақ халқында «Шөген» өнері болғанын, оның «Хандар ойыны» деп аталғаны және еуропалық «Конное поле» спорт түрінің атасы қазақ жерінде көшпенділер қалыптастырған деген тұжырым жасап отыр. Қазіргі күні осы ұмыт қалған спорт түрін кеңінен таратып Қазақстан командалары шет ел жарыстарында алдыңғы орындарды иеленіп жүр. Жарғақ шалбар. Бабаларымыз алғаш рет ат үстінде жүруге ыңғайлы болу үшін ойлап тапқан шалбар мен жұмсақ өкшелі саптама етіктің алғашқы түрлері назарларыңызға ұсынылған. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлген. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жылдар өтсе де, киімнің осы түрі аса өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған шалбарлардың қазіргі уақыттағы шалбарлардан еш айырмасы жоқ.
10 5.Ал мына диорамада жабы жылқыға жегілген ат арбалар мен күймелердің бірнеше түрлері ұсынылып отыр
6.Ерлер. Қазақ халқы ер бала бес жасқа келгенде атқа мінгізу дәстүрін жасап, ашамайға мінгізген. 7.Ат әбзелдерінің жиынтығы. Қазіргі қолданыстағы ер-тоқымды сонау сақ заманында-ақ пайдаланған. Алайда сақтар ер тоқымның қаңқасын теріден жасаса, ер-тоқымды қазіргідей ағаштан жасауды алғаш рет ғұндар бастаған. Құйысқан – ер-тоқым аттың мойнына қарай жылжымас үшін ердің артқы жағы мен ат құйрығының астыңғы жағын жалғастыратын қайыстан немесе былғарыдан әшекейлеп жасаған әбзел атауы. Жүген – ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады. Жүгеннің өрме жүген, қайыс жүген деген түрлері бар. Өрме жүген таспадан өріледі, ол қайыс жүгеннен мықтырақ болады. Өмілдірік – ер-тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Оны қазақ шеберлері қатты құрым теріден немесе былғарыдан жасап, құйма әшекей заттармен безендірген. Дәстүрлі қазақ қоғамында өмілдірік секілді ат әбзелдері ер адамдарға арналып жасалғанда күміс қақталған темір құймалармен көркемделсе, әйелдің ат әбзелдеріне әшекей молынан салынып кейде шашақталған бау тағылып, асыл тастар орнатылған. Өмілдірікпен қатар өзге де ер-тұрман әбзелдері оюы мен әшекейі біркелкі болып өзара үйлесіп тұруы үшін барлығын бір шебер жасап шығарған.
11 Тартпа – ердің үстіне келетін төс айылдағы жалпақ әшекейлі зат. Былғарыдан жасалады. Оң жақ бетіне күмістен өрнек жүргізілгендіктен зергерлік бұйымға да жатады.
8.Экспонаттар. Ат жабуы, торсық, қалқан қылышымен, құрық, шоқпар. Сонымен қатар алтын, күміс металдармен өңделген және сүйекпен әшекейленген күміс, тобылғы сапты қамшылардың түрлері қойылған. Шалма – бұл құрал атқа мінген халықтардың көбінде бар. Шалма асау аттарды 15-20м жерден лақтырып, ұстауға пайдаланады. Шалма қазақта жылқының қылынан есілген қыларқан күйінде және тұтас қайыстан тіліп алып, ұстайтын жағын 3-4 өреді. Құрық – асау малды (жылқы, түйе, өгіз-бұқа) ұстауға арналған бұғалығы бар ұзын, мықты қыл арқан. Бір ұшын күрмеу арқылы кішкене тұзақшадан өткізіп, одан жылжымалы үлкен тұзақ жасайды. Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері: шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Қамшы – атқа мінген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкеріліп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйіздерінен жасалған атты айдап жүргізетін құрал. Баға жетпес ұлттық құндылығымыздың бірі – қамшы. Бұл бүгінде әрбір қазақтың шаңырағына сән беретін ұлттық бұйым. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрінде қамшының алатын орны ерекше. Ол бірегей өнер туындысы ғана емес, сый-сияпаттың төресі, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі саналған.
12 Тобылғы сапты қамшы – қазақ дәстүрінде тобылғы емдік қасиетімен, қаттылығымен, жеңілдігімен, ұзаққа шыдайтындығымен бағаланады. Қамшыға сап болатын түзу, жуан тобылғылар сирек өседі. Шебер атқа міне жүріп, тобылғы сайларын ұзақ аралап әзер дегенде табады. Қамшыға сап болатын тобылғыны табу – шеберді ерекше қуанышқа бөлеген. Сап болатын тобылғыны кесіп алып, бүршіктерін бәкімен ақырындап ашып, көлеңкеде кептіреді. Қабығымен кепкен тобылғы қызыл-қоңырланып әсем болып шығады. Ұзын қамшы – мал айдауға падаланады. Қасқыр және басқа да ұсақ аңдарды соғатын бишіктер салмағы ауыр, ұшына ауырлау болу үшін кішкене қорғасын тағылады. Жорғалайтын ұлар, кекілік сияқты құстарды кәдімгі мал айдайтын бишіктермен де қағып отырған. Сонымен көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы — өзінің бірнеше сатылы этникалық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам.