Реферат тақырыбы: «Атқа міну мәдениеті генезисінің пайда болуы»


Көшшпеліліктің қалыптасуына ықпал еткен табиғи- географиялық жағдайлар және әлеуметтік-мәдени факторлар



бет3/5
Дата10.12.2023
өлшемі4,71 Mb.
#136488
түріРеферат
1   2   3   4   5
1.2 Көшшпеліліктің қалыптасуына ықпал еткен табиғи- географиялық жағдайлар және әлеуметтік-мәдени факторлар
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар және олардың экологиялық жүйесі қандай? Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары.


5
Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Арабия түбегі, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады.
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдыц аймацтар қалыптасқан. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылыц пен мэдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерінде жылына 500 мм-ден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық-мәдени тұрпаты қалыптасты.
Табиғи-климаттың өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген тұрғындардың шаруашылық мәдени келбетінің әр замандарда өзгеруіне әсер етті.
Климатологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша, жекелеген құрлықтарда жаһандық климаттық өзгерістер 100—200 жыл өткен сайын болып отыратын құбылыс. Қазақ халқының ата-бабасы өмір сүрген кең-байтақ аумақ бірнеше рет климаттың өзгерістерді бастан кешірді. Ол халықтың өмір сүру салтына, шаруашылық-тұрмыстық өміріне, мәдени дамуына, т.б. әсер етпей қоймады. Сондай-ақ ол жекелеген табиғи-географиялық аймақ тұрғындарының белгілі бір антропологиялық типінің қалыптасу үдерісіне де өз ықпалын тигізді.
6
2 Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы.


Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.
Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды.
Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарға бейімделіп,тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі,қоршаған ортаны игеру тәжірибе сінен қалыптасты. Ежелгі Қазақстанның қуаң даласын мекендеген тұрғындардың өмір сүруді қамтамасыз етудегінегізгі кәсібі – көшпелі тірлікке негізделген мал өсіру болды. Көшпелімалшаруашылығынакөшу себептерінің бірі – жылқыны қолға үйрету еді. Жылқы малы ең алдымен Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілді. Бұл жерде ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі, әлемге әйгілі Ботай мәдениеті табылған. Ботай қонысы 15 гектардан астам жерді алып жатты. Жылқыны қолға үйретіп, кейін оны мініс көлігіне айналдырудың барысында адам орасан зор кеңістікті игерді.
Көшпелі өмір салты малды жау шапқыншылығынан және табиғат апаттарынан аман сақтап қалып отырды. Сонымен қатар жайылымдардың тозуы да табиғи талаптарға байланысты мал өрістерін ауыстырып отыру қажеттілігін тудырды.
 Көшпеліліктің пайда болуы ғасырлар бойы малшылардың қоршаған ортаның табиғи- климаттық жағдайына икемделуіне байланысты еді. Бұл тұжырымды ХІХ ғасырдағы Қазақстанды зерттеуші ғалымдар да қолдайды. Орыс ғалымдарының басым көпшілігі көшпелі малшаруашылығы қалыптасуын табиғи жағдайға тәуелділіктен туындағанын негізге алады (И.Ф. Бла- рамберг, А.Н. Макшеев, Л.Л. Мейер, Г.Н. Потанин, И.И. Зава- лишин, А.И. Добросмыслов және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет