2.2. Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді. Сонымен қатар ҚР-сы территориясын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде, кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді және осы зиянды организмдерді анықталған жағдайларда жою үшін Фитосанитария мекемесі құрылып республикамыздың әр аймақтарында республикалық карантиндік сараптама зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік организмдер таралып үлгерген.
Қазақстан Республикасына таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар жүйесі іске асырылды.
Жыл сайын төмендеуге объектілер тексерістен өтуі тиіс:
Территориялар, қоймалар, элеваторлар өңдеу өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары
Тұқым шаруашылықтары питомниктер ғылыми зерттеу мекемелері, тұқым учаскілері себу және отырғызу материалдары
Барлық ауыл шаруашылқ дақылдары егістер және шеттен әкелінген ген тұқымдары
Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында еліміздің солтүстік аумақтарында екі рет оңтүстік аймақтарында 4 рет тексерілуден өткізілуі тиіс, ал жылы қоймаларды тексеру әр квартал сайын өткізілуі тиіс. Елімізге сырттан әкелінген барлық өсімдіктектес материалдарды ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдарын қапшықтарды тексеріп, сараптама жүргізу мақсатында шекара аймақтарында карантиндік тексеру орындары жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасына өтетін барлық жүк көліктері түгелдей тексерістен өтуі тиіс. Барлық әкелінетін жүктерге халықаралық стандартқа сай фитосанитарлық сертификат болуы тиіс. Фитосанитарлық сертификат әрбір мемлекеттің карантиндік тексеру мемлекеттері тасымалданатын жүкті тексеріп барып және импорттық карантиндік рұқсат қағаздары арқылы беріледі және бұл құжат халықаралық конвенсияға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады. Фитосанитарлық сертификатына жүктің карантиндік жағдайы тексеріліп болғаннан кейін толтырылады. ҚР-на шет елдерден жүктер карантиндік рұқсат қағаздарымен фитосанитарлық сертификаттары болған жағдайда өткізіледі. Ол жүк көліктерінің жолдама қағазадарымен қоса болуы тиіс.
Қазақстан Республикасына аумағына карантиндік және аса қауіпті өсімдіктердің зиянкестері аурулары және арамшөптер тұқымдары шекара аумағында немесе шекара аймағындағы аудандарға зиянкестер өз аяғымен өтіп кету жағдайлары болып тұрады. Сол себепті шекара маңында қызмет істейтін өсімдіктер карантині жөнінде жауапты адамдар үнемі ереже бойынша 3 км-лік аумақты тексеруден және зиянды организмдер анықталған жағдайда жергілікті басқару мекемелеріне хабарлама беріп, карантиндік шаралар қолданылуы тиіс.
Карантиндік аурулар зиянкестер және арамшөп тұқымдары шет елдерден теңіз кемелері автомобильдер және жүк көліктері арқылы жабысып өтіп кету жағдайлары кездеседі. Сол себепті осы жүктерді транспорт құралдарын шекарадан өтер кезде шекара жәнек кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіледі. Әрбір жүктерден тұқымдардан тексеру әдістемесіне сәйкес орта үлгі алып, карантиндік зертханаға сараптама жасау үшін жіберіледі. Жүктердің құжаттарына фитосанитарлық сертификаттарына жүкті жеткізілу жерінде екінші рет карантиндік тексеруге белгі соғылып, рұқсат етіледі. Егерде карантиндік объектілер шекарада анықталған жағдайда жүк көліктері өткізілмейді. Арнайы актілер жасалынып кері қайтарылады. Сонымен қатар кейбір жүктер карантиндік рұқсат қағазына сәйкес фумигациядан өткізілуі тиіс. Осылай жүкті газ арқылы заласыздандырып өткізіледі. Шет елдерде бізге өтіп кеткен калифорния қалқаншасы колорадо қоңызы, америкалық ақ көбелек осы әдістеме өтіп кетіп, біздің топырақ климат жағдайларымызға тез бейімделіп егіс дақылдарына орасан зор экономикалық шығын әкелуде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, қазіргі уақытта қолданыстағы өсімдік карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелер жүйесі мыналардан құралады:
1) республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар; (2000 жылдан)
2) 2 интродукциялық-карантиндік питомниктер; (2000 жылдан ) қызметкер саны бар Республикалық аймақтық карантиндік зертхана және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түскен үлгілердің карантиндік объектілерінің түр-тұқым құрамын және бөтен текті түрлерін анықтау функциясын ғана жүзеге асырады.
«Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі» ММ (12 – қызметкерлердің штаттық бірлігі), «Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі» ММ (11 - штаттық бірлігі) тексеріске келіп түскен импорттық, екпе және көшет материалдарда жасырылған жұқпалылықты анықтау функциясын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 980 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (бұдан әрі - ӨКҚХК) қосылды, онда ереже бойынша негізгі міндеттер ретінде фитосанитариялық шараларды анықтау үшін фитосанитариялық тәуекелді талдауды (ФТТ) жүргізу болып табылады.
ФТТ-ды жүргізу функциялары тапсырыстың негізінде іске асады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің бар болуын ескере отырып, бұл мекемелерді біріктіру және қайта құрылған мемлекеттік мекеменің ФТТ-ны өткізу фукциялары кеңейту қажеттілігі туындайды.
ФТТ карантиндік зиянды организмдер тізбесін қалай болса, карантиндік шараларды жүргізу тәртіптерін де солай құру және жаңарту үшін негіз болып табылады. ФТТ-ды өсімдіктер карантині жөніндегі барлық қызметтердің негізі деп білуге болады. ФТТ арқасында өсімдіктер карантині саласында қабылданатын шешімдер техникалық негізделген және оларды халықаралық сауданың техникалық тосқауылы деп қарастыруға болмайды.