Реферат Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық өсімдік карантинінің даму тарихы»



бет3/5
Дата03.10.2024
өлшемі62,73 Kb.
#146636
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-62290

2.3.Сыртқы және ішкі карантин
Республикамыздың халық шаруашылығына едәуір нұқсан келтіретін карантиндік және тағы басқа кауіпті зиянкестердің, өсімдіктің ауру қоздырғыштары мен арам шөптердің шет елдерден Қазақстан Республикасының территориясына енуінен қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі - шекаралық карантиндік фитосанитарлық қадағалауды ұйымдастырудың негізі.
Республикаға өзге елдерден карантиндік организмдер енуінің алдын-алу үшін басқа мемлекеттердің бакылау органдарымен (шекаралық, кедендік т.б.) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өткізу бекеттерінде, әкелінген өнімдерді алғашкы карантиндік тексеруден өткізетін өсімдік карантині жөніндегі шекаралык бекеттер өз қызметін жүзеге асырады.
Өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер теңіз, өзен кемежайларында, автожол, шекаралық өтпежолдарда, халықаралык почтамтарда, әуежайларда құрылған. Осы саладағы, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар саны шет елдерден келген көлік құралдары санының көп-аздығына, сыртқа шығарылатын, сырттан әкелінетін және транзиттік карантиндік тексеруге жатқызылған өнімдерді тексеру және сараптау жұмыстарының көлеміне байланысты келеді.
Дүниежүзілік өсімдіктер (фауна) әлемі мен жануарлар (флора) әлемін зерттей келе, жергілікті жағдайлардыескере отырып, әрбір ел өз карантиндік зиянкес-организмдерінің тізімін жасайды. Бұл тізімдер екі тізімнен құрастырылады: біріншісі - ол елде тіркелмеген карантиндік нысандар да, екіншісі - шектеулі шамада таралғандар.
Шекаралық карантиндік фитосанитарлық қадағалаудың маңызды принципі - біздің республикамызға карантиндік нысандар әкелудің алдын алу.
Шекаралық бекеттің өсімдік карантині жөніндегі инспекторыжүкті тексергенге дейін оны әкелуге рұқсат етілген құжаттарының, экспортер елдің фиотосанитарлық сертификатының бар-жоқтығын анықтайды. Жолдама кұжаттарынан қандай жүк келетінін, қай елден келетінін, шеттен әкелінетін карантиндік рұқсатнамада көрсетілген жеткізу шарттарының орындалған-орындалмағанын, жүктің ол жақтан жөнелтілер алдында залалсыздандырылған - залалсыздандырылмағанын, залалсыздандырылса, кандай препаратпен өңделгенін, залалсыздандыру сертификатының бар-жоқтығын нақтылайды. Бүкіл құжаттарды, тексеріп болған соң ғана инспектор тексеруге кіріседі.
Карантиндік фитосанитарлық тексеруге және сараптауға шет елден республикаға келетін, сондай-ақ оның жерінен транзитпен өтетін түрлі категориядағы және әртүрлі бағыттағы өсімдік материалдары жатқызылады. Сонымен бірге, біраз жануар тектес өнімдер (тері, жүн т.б.) де жатқызылады.
Егер тіпті карантиндік тексеруге жатқызылмайтын жүктер (жиһаз, түрлі жабдықтар т.б.) республика үшін карантиндік мәні бар нысандар тараған елден келсе, зиянкес тасымалдағыш ролін атқаратын өсімдік тектес ыдыстар немесе буып-түю материалдары тексеруге жатқызылады.
Келген жүкте қауіпті зиянкестер зақымдаған анық белгілер болмаған жағдайда әрі қарай тасымалдау үшін қайта тиеледі де, тексеру жүргізген инспектор дереу ҚР-сы АШМ-нің МКИ-на жүкті барған жерінде қайтадан тексеру қажеттігі жөнінде хабарлайды. Карантиндік сертификаттың немесе ол жайлы карантиндік хабарламаның көшірмесін, сондай-ақ алғашқы тексеру нәтижелері жайлы мәліметтерді, олар жөнелтілген жүктен бұрын жететіндей есеппен, территориялық инспекцияға жібереді. Карантиндік хабарламада алушының нақты мекен-жайы мен аты-жөні көрсетіледі.
Егер көлікті, жүкті, контейнерлерді, буып-түйілген заттарды сырт көзбен қарап тексергенде тірі қауіпті зиянкестер, ауру белгілері байқалса, тексеру тоқтатылады да зақымдалған көлік жүгінен бөлек немесе жүгімен дәріленеді.
Тірі бунақденелілері, саңырауқұлақ культуралары, бактериялар мен жүмырқұрттары бар сәлемдемелер мен бандерольдарды, өсімдік карантині жөніндегі шекаралық нұсқаушы ашпастан карантиндік зертханаларға сараптау үшін жібереді.
Астық дақылдары мен дәндік өнімдердің, түрлі түқымның, жас (балғын) жидектердің, көкөністердін. картоптың, азық-түліктік мақсатқа арналған басқа да өнімдердің, сондай-ақ өнеркәсіптік өсімдік шикізаттарының үлкен тауарлық бөліктерін өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттің инспекторы өте мұқият тексереді. Ол мұндай жүктерден көзге түскен бөжектерді жинап, іс жүзіндегі тәсілдермен одан арғы зертханалық талдау мен сараптау үшін үлгілер іріктейді.
Темекі шикізаттары, мақта және басқа өсімдік талшықтары, сондай-ақ өңделмеген жүн, құрылыс киізі, мал терілері, тәрізді жүкті өсімдік карантині инспектор тек көзбен шолып қана тексереді.Олар ел ішінде, осы шикізаттарды өңдейтін кәсіпорындарда егжей-тегжейлі тексеріледі.
Шет елдерден келетін кемелердегі, ұшақтардағы және басқа көлік құралдарындағы азық-түлік қорын инспектор тікелей сақтау орындарында мұқият тексеріліп, көзге түскен зиянкестерді жинап, зақымдалған белгілері бар және соған тән жарақатты азық-түлік үлгілерін іріктеп, оларды өсімдік карантині жөніндегі бекетте талдайды.
Жеке кісілерге жолданған халықаралық поштада жатқан сәлемдемелердегіөнімдерді халықаралық поштамтардың жанындағы өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер инспекторлары егжей-тегжейлі тексереді.
Сырттан әкелінетін карантиндік жүкті залалсыздандыруға байланысты шығындарды сыртқы сауда қызметімен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар төлейді.
Егер карантиндік организмдермен зақымдалған материалдар залалсыздандыруға немесе тазартуға келмесе, онда оларды экспортер елге қайтарады немесе жүк иесінің есебінен жойылады.
Шекаралық өткізу бекеттеріндегі тексеру мен сараптау көліктің ұзақ тұрып қалуына әкелмеу керек. Алайда жүктің карантиндік және фитосанитарлық жағдайын анықтау үшін өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекет инспектор тексеру уақытын созып, көлікті кідірте алады. Инспектордың талабы бойынша вагондарды, трюмдерді, автокөліктерді, контейнерлерді, кейбір жүк салынған орындарды ашуды кедендік ұйымдар өкілдерінің, көлік жүргізушісінің, ал барған жерінде жүкті қабылдап алушының катысуымен ашады.
Басқа елден келген көлік құралдарын, жүгі түсірілген соң, Мемлекеттік шекарадан өткізу бекетінде көлік берген ұйымдар, ал барған жерінде жүкті қабылдап алушылар жақсылап тазартады. Қажет болса, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор кемелерді фумигацияға, ал вагондар мен автокөлік кұралдарын жуу-дезинфекциялау станциясына жібереді.
Қарантиндік зиянды организмдермен зақымдалған, сондай-ақ жеке кісілердің алып өтуіне тиым салынған өнім алынып, жойылады немесе жүк жөнелтушіге қайтарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет