Реферат Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық өсімдік карантинінің даму тарихы»



бет4/5
Дата03.10.2024
өлшемі62,73 Kb.
#146636
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-62290

Ішкі карантинді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының өсімдік карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі республиканың жер аумағында өсімдіктің ішкі карантині бойынша шаралар жүйесін іс жүзіне асырады. Ол зиянкестердің өсімдік аурулары қоздырғыштарының, арам шөптердің республикадағы бұлар жоқ аудандарға зақымдалған аудандардан енуінің алдын алуға; карантиндік нысандарды дер кезінде анықтауға, оларды оқшаулау және жою; ауыл шаруашылығы өнімдері мен басқа да карантиндік тексеруге жатқызылған материалдар өндіру, дайындау, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату кезінде өсімдік карантині жөніндегі ережелер мен шараларды бақылаудың орындалуын және оны ұйымдастыруға бағытталған.
Карантиндік шаралар төмендегілерге жүргізіледі:

  • «карантиндік тексеруге жататын өнім» (карантиндік тексеруге жататын материал, жүк) деп аталатын жүктерге, материалдарға;

  • ауыл шаруашылығы, орман, дәрілік және әсемдік дақылдары мен өсімдіктер тұқымдары мен отырғызу материалдарына, олардың бөліктеріне (қалемшелер, жуашықтар, тамырсабақтар, тамырлар, тамыржемістер, қыш құмыраларға отырғызатын өсімдіктер, гүл қиындылары т.б.);

  • балғын (жас) көкөністерге, жемістерге, жидектерге, саңырау- құлақтарға;

  • азық-түліктік, жемдік және техникалық дәнге, сонымен бірге олардың өңделген өніміне, күнжара, мақта талшығы, зығыр тағы басқа талшықты дақылдарға, дәрілік өсімдік шикізаттарына, сондай-ақ тері шикізаттары мен жүнге;

  • күрішке (ақталған, ақталмаған), жаңғаққа, жержаңғаққа, ұн, жарма, кофе дәні, какао бұршақтары, кептірілген жемістер мен көкөністерге, темекі шикізатына, дәмдеуіштер мен шайға;

  • тірі саңырауқүлақтар, бактериялар, вирустар, жұмырқұрттар, кенелер, бунақденелілерге. Өйткені олар тірі өсімдіктерді, өсімдік тектес өнімдерді зақымдайды, сондай-ақ өсімдік ауруларын қоздырып, таратады;

  • поштамен жөнелтілген жүктердегі, жолаушылардың жүгі мен қол жүгіндегі өсімдік тектес дүниелер;

  • ыдыстарға, ағаш сүрегіне, ұсақ-түйек ағаш сүрегі, одан жасалған бұйымдарға, буып-түю (синтетикалық материалдардан басқа) материалдарына, өсімдік материалдарынан дайындалған бұйымдарға, монолиттерге және топырақ үлгілеріне;

  • жемге (пішен мен сабанды қоса), құрама жемге, карантиндік аймақтардан алып шыққан мал төсеніштеріне;

  • басқа мемлекеттен немесе карантиндік аймақтардан келген көлік құралдарына;

  • карантиндік материалдар өңделетін, пайдаланылатын және сатылатын қойма ғимараттарына;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына, мемлекеттік шекарадан өткізетін бекеттерге, қойма бар жерлерге, карантиндік материалдарды өңдеу, пайдалану және сату орындарына жақын ауыл шаруашылық, ормандық және басқа бағыттағы жерлерге;

  • Өсімдік зиянкестерімен, ауру коздырғыштарымен оңай зақымдалып, арам шөптермен залалданатын кез-келген өнімге, жүктер мен материалдарға.

Тексеруге және қарап шығуға мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен шектесіп жатқан аудандардың егістері мен ауыл шаруашылығы және басқа дақылдары отырғызылған жерлер;

  • шет елден өсімдік тектес өнімдер әкелінетін теңіз, өзен кемежайлары, әуежайлар, темір жол және автожол станциялары, сондай-ақ тас төселген жолдар мен темір жолдардының шеткі тұстары;

  • еліміз ішінде пайдалану және экспортқа шығару үшін тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын өсірумен, көбейтумен және сатумен айналысатын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің егісі мен екпе ағаштары;

  • шет елден жеткізілген және республикамыздың карантиндік тексеруге жатқызылған аудандарынан әкелінген тұқымынан және отырғызу материалдарынан егілген барлық егіс пен екпе ағаштар;

  • карантиндік зиянкестер, өсімдік аурулары мен арам шөптер тараған, сондай-ақ олармен қанаттас аудандардың ауыл шаруашылық және басқа жерлері;

  • республикамыздың карантин қойылған аудандарынан немесе шет елден әкелінген өсімдік тектес өнімдер сақталатын және өңделетін орындар, элеваторлар, қойма ғимараттары, сондай-ақ соларды әкелген көлік құралдары.

Ауыл шаруашылық, ормандық немесе басқа да жерлерден өсімдіктің карантиндік зиянкестері, ауру қоздырғыштары және арам шөптер байқалған кезде Қазақстан Республикасында өсімдік карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің органдары табылған залалды ошақтарды оқшаулау және жою жөнінде шұғыл шаралар қолданулары керек және әкімшілік органдарына тиісті территорияға карантин қою жайлы ұсыныс жібереді. Өсімдік карантині жөніндегі Мемлекеттік инспектор дереу карантиндік зиянды организмдер ошақтарының табылғаны жайлы, табылған ошақтардың таралуының алдын алу және шұғыл жою үшін, сондай-ақ халықты құлақтандыра отырып, тиісті жерлерге карантин қою жөнінде аудан әкімдігіне хабарлайды.
Жергілікті ауыл шаруашылығы органдары мен өсімдік карантинінің Мемлекеттік жоғары органдарын да хабардар етеді.
Карантин қойылғаны жайлы шешім қабылданған соң ҚР АШМ-і АӨК-нің кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, шаруашылық басшыларын, сондай-ақ азаматтарды карантиндік шектеулер енгізілгені және карантиндік организмдерді оқшаулау және жою бойынша қажетті шаралар жүргізілетіні жөнінде хабардар етеді, аталған ұйым басшыларының, сондай-ақ азаматтардың карантиндік шектеулер мен шараларды бұлтартпай орындауларын қатаң бақылауға алады.
Карантин қойылған жерлерден тұқым, өсімдік және өсімдік тектес өнімдер карантиндік қызмет шарттары мен ережелері сақталған жағдайда ғана шығарылады.
Карантин қойылған шаруашылықтардан карантиндік нысандар жоқ өзге шаруашылықтарға егу және отырғызу мақсатында пайдалану үшін тұқым және отырғызу материалын карантиндік сертификатсыз шығаруға тиым салынады.
Карантин қойылған жерлерден карантиндік сертификатсыз алынып шыққан тұқым, өсімдік және басқа да карантиндік тексеруге жатқызылған өнімдер пайдаланудан алынып тасталып, техникалық өңдеуге немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында және жабық мекемелерде пайдалануға жіберіледі, ал қажет болса олар залалсыздандырылады, қайтарылады немесе жойылады. Карантин қажетті карантиндік шаралар жүргізіліп, карантиндік зиянкестер, өсімдік аурулары мен арам шөптер ошақтары толық жойылған соң алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет