Реферат тақырыбы: «Ақуыздар»


Ақуыздың екінші реттік құрылымы



бет7/13
Дата25.11.2023
өлшемі140,3 Kb.
#126062
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Ақуыздың екінші реттік құрылымы дегеніміз - бұл полипептид тізбегінде жақын орналасқан аминқышқылы калдықтарының кеңістіктік құрылысы. Ең бірінші рет полипептидтік тізбектін екінші реттік құрылымын 1951 жылы Полинг пен Кори зерттеді. Осы зерттеудің нөтижесінде мынадай қорытынды жасады – ақуыз молекуласында екінші реттік құрылымның екі түрі бар - α-шиыршық (спираль) жөне β-катпарлы қабат . Қазіргі күнде спиральдің басқа түрлері табылды . Оң жақты α-спираль.Бұл - L-аминқышқылы қалдықтарынан құрылған полипептидтік тізбектің ең көп таралған ширақталған құрылымы. Әр аминқышқылы қалдығындағы С=0 тобы полипептид тізбегі бойында аминқышқылының үш қалдығынан кейінгі орналасқан аминқышқылының NH-тобымен, төменде көрсетілгендей, сутектік байланыс түзеді. Ондай сутектік байланыстар спиральдың белдігі бойымен бағытталады. Аминқышқылдарының барлык бүйірлік топтары спиральдан тыс орналасады. Спиральдің бір орамы білік бойынша 5,4 Е. Бір аминкышкылының калдығына 1,5 Е сәйкес келеді. α-спиральдің бір айналымына 3,6 шамасындай аминкыш­кылының калдығы сәйкес келеді, спиральдің әр қадамы - 0,54 нм (3,6 х 0,15 нм).
Егер де полипептид тізбегі тек қана L-аминқышқылынан немесе аминқышқылынан құрастырылған болса, α-спираль түзіледі. Полипептид тізбегі L-аминкышқылының жене D-аминқышқылының қоспасынан құрылса, онда бұл тізбек α-спиральға ширақталмайды. Коллагеннің полипептидтік тізбегі бұл ақуызға ғана тән спираль түзеді. Сондықтан бүл спиральді коллаген спиралі деп атайды. Коллаген спиралі сол жаққа бұрылған. Бұл - едәуір созылған спираль, бір айналымына үш аминкышкылының калдығы келеді. Полипептид тізбегінің топтарының арасында сутек байланыстар түзілмейді. Бір полипептидтік тізбек тұрақты емес. Коллагеннің үш полипептидтік тізбегі коваленттік, сутектік байланыстар және гидрофобты әрекеттесу арқылы байланысқан. Үш коллаген спиралінен құрылған құрылымды тропоколлаген деп атайды. Тропоколлаген молекуласы өте тұрақты.
β-құрылым (катпарланған жапырақ) - полипептидтік тізбектің екінші реттік кұрылымының екінші түрі. β-құрылым едәуір созылған полипептидтік тізбектен түзіледі. β-құрылым екі түрлі болады:
қосарланған (параллельденген) β-құрылым - бұл β-құрылымының түрінде екі полипептидтік тізбектің бағыты бір жақты; антипараллельденген - βқұрылым - екі полипептидтік тізбектін немесе бір полипептидтік тізбектің екі бөлігінің бағыты қарсы параллельденген.
β -құрылым полипептидтегі карбонилдік және аминдік топтар арасындағы сутектік байланыс арқылы тұрақтандырылады. β-құрылымының ерекшелігі:
1) полипептидтік тізбек созылған, бірақ толық созылған емес, сондықтан
бүрмелі құрылым түзеді;

2) сутектік байланыстар бүрмелінің жазықтығында орналасады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет