Реферат тақырыбы: «Ақуыздар»


Ақуыздардың құрылымдык элементтері



бет3/13
Дата25.11.2023
өлшемі140,3 Kb.
#126062
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ақуыздардың құрылымдык элементтері
Ақуыздардың молекулалық салмағы 50000-нан бірнеше миллион дальтонға дейін жетеді. Ақуыздардың құрылымдық элементтері, "құрылымдық бөліктері" - α-аминқышқылдары. Ақуыздардың құрамында аминқышқылдарынан басқа да заттар кездеседі. Бұл ақуыздық емес заттар простетикалық топтар деп аталады. Простетикалық топ ретінде металдардың атомдары, фосфат топтары, липидтер, көмірсулар, нуклеин кышкылдары болуы мүмкін. Ақуыз молекуласының ең маңызды құрылымдық элементтері - аминкышқылдары.
Аминқышқылдары
Аминқышқылдары - бұл органикалық бифункционалды қосылыстар. Олардың молекуласына карбоксил (СООН) және амин (NH2) топтары кіреді. Табиғи ақуыздардың құрамында тек α-аминқышқылдары ғана кездеседі. α-аминқышқылдарының жалпы формуласын келесі түрде жазуға болады:
R
NH2-CH-COOH, а
мұндағы R - радикал, ол бүйірдегі топтарды көрсетеді.
Аминқышқылдары бір – бірімен пептидті деп аталатын ковалентті амидті байланыс арқылы қосылған: Аминқышқылдар бір-бірімен пептидті байланыс арқылы қосылған қосылыстар пептидтер деп аталады, мысалы, дипептидтер, трипептидтер, тетрапептидтер және т. б. Аминқышқылдарының көптеген қалдықтарынан тұратын қосылыстар полипептидтер деп аталады:
Ақуыздардың құрамында 20 негізгі аминқышқылдары және бірқатар олардың туындылары табылған:
1 .Моноаминомонокарбонды:
-алифатты: глицин, аланин, валин, лейцин, изолейцин,
-ароматты: фенилаланин, тирозин, триптофан,
-гидроаминқышқылдары: серии, треонин,
-құрамында күкірт бар : цистеин, метионин.
2.Моноаминодикарбонды: аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы.
З.Дикарбонды аминқышқылдарының амидтері:аспарагин, глутамин.
4.Диаминомонокарбонды: лизин, аргинин, орнитин, гистидин
5.Иминқышқылдар: пролин, гидроксипролин.
Ақуыздың құрамына 20 түрлі α – аминқышқылы кіреді, соның ішінде 19 – α аминқышқылы және 1- аминқышқылы.
Аминқышқылдарының физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі - ол бүйірлік топтардың құрамына тәуелді. Аминқышқылдары топтарының құрамына байланысты 3 топқа жіктеледі:
1) полярсыз (гидрофобты) алифаттық және ароматтық топтары бар аминқышқылдары;
2) полярлы бейтарап (зарядталмаған) топтары бар аминқышқылдары;
3) полярлы зарядталған ( иондық) топтары бар аминқышқылдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет