Реферат тақырыбы: «Ақуыздар»



бет13/13
Дата25.11.2023
өлшемі140,3 Kb.
#126062
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Рецепторлық қызметі – клетка мембранасына орналасқан әр түрлі ақуыздар атқарады. Ол ақуыздар клетка мембранасының беткі жағында белгілі бір қосылыстармен (гормондар, медиаторлар, циклды нуклеотидтермен )әрекеттескеннен кейін клетканың ішіне хабар беріп тұрады.
Қорғаныс қызметі – генетикалық тұрғыдан алғанда табиғаты жатақуыздарды зиянсыздандырады, организмдерді вирус және микроб инфекцияларынан қорғайды. Мұндай ақуыздарға иммуноглобулин (антидене), интерферон, комплемент жатады. Фиброноген және тромбин сияқты ақуыздар қан ұйытуға қатысады, сөйтіп қан тамырлары зақымданған жағдайда көп ағуынан сақтайды.
Қорытынды
Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар организмде әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды. Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.
Ақуздар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне , шамамен, — 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Ақуыздың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым ақуыздар протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Т. С. Сейтембетов, Б. И. Төлеуов, А. Ж. Сейтембетова , «Биологиялық химия» - Алматы , 2011ж.

  2. С. О. Тапбергенов, «Медициналық биохимия» , Алматы , 2009 ж.

  3. З. С. Сейтов, « Биологиялық химия», 1992 ж.

  4. П. К. Кенжебеков, «Биологиялық химия», Шымкент, 2005 ж.

  5. А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий. Биологиялық химия, 1994ж.

К. С. Сағатов, Биохимия.
6. Ғаламтор көздері: http:yandex.kz/myuniversity.ru

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет