Реферат тақырыбы: «Ақуыздар»



бет5/13
Дата25.11.2023
өлшемі140,3 Kb.
#126062
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Біріншілік құрылым – бұл ақуыз молекуласының химиялық формуласы, яғни полипептидтік тізбекте амин қышқылдарының белгілі бір ретпен жалғасып орналасуы.

  • Екіншілік құрылым – полипептид тізбектің спираль тектес орналасуы.

  • Үшіншілік құрылым – полипептид тізбекте амин қышқылдарының кеңістікте орналасуы.

  • Төртіншілік құрылым – молекулада суббөлшектердің орналасуы.

    Ақуыздың біріншілік құрылымы дегеніміз – аминқышқылдары белгілі бір тәртіппен өзара пептидтік байланыс арқылы тізбек құрауы. Әр түрлі ақуыздардың құрамындағы амин қышқылдарының түрі де , саны да түрліше болып келуі мүмкін. Ал кейбір ақуыздар құрамындағы амин қышқылдарының саны мен түрі бірдей болуы мүмкін. Бірақ ақуыздың қасиетін, қызметін, оның ерекшелігін анықтайтын - амин қышқылдарының полипептидтік тізбектегі алатын орны болып есептелінеді. Бұл ақуыздардың құрылысы бірінші реттік құрылымы деп аталады. Ақуыздардың бірінші реттік құрылысын берік ковалентті байланыс - пептидтік байланыс құрайды. Полипептид тізбегіндегі аминқышқылының бір қалдығының басқасымен ауысуы немесе оның орнының алмасуы осы белоктың қызметін бұзады. Мысалы, адам гемоглобиніндегі 564 аминқышқылдары қалдықтарынан құралған полипептид тізбегіндегі бір қышқылдың қалдығы екіншісіне ауысса, адам ауыр сырқатқа ұшырайды.
    Табиғатта ақуыздардың кейбіреуі тек созылыңқы полипептидтік тізбекте болады. Барлық ақуыздар бір - бірінен полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарының саны және құрамымен ғана емес, сонымен қатар ең маңыздысы - аминқышқылдарының кезектілігімен ерекшеленеді. Ақуыз молекуласындағы аминқышқылдарының кезектілігі оның биологиялық қызметін анықтайды. Егер де ақуыздың полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарының орналасу реті өзгеретін болса, ол өзінің биологиялық қасиеттері мен қызметтерін жоғалтады. Ақуыздардың бірінші реттік құрылысын зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады:
    1. Шеткейлік амин қышқылдарын анықтау (ол үшін карбоксипептидаза ферменті -С- шеткейлік амин кышқылын бөліп алу үшін , ал 2,4-динитробензол -N- шеттегі амин қышқылын бөліп алу үшін қолданылады).
    2 .Пептидтік тізбекті қысқартып , әрі қарай амин қышқылдық құрамын анықтау үшін ақуызды пепсинмен (тирозин мен фенилаланиннің арасындағы байланысты үзу үшін) өңдейді. Сонан соң, түзілген пептидтерді хроматография әдісімен зерттеуге болады. Бұл әдіс «шыны ыдыстарды сындыру» немесе «саусақтардың ізі» деген әдістермен белгілі.
    3 .Осы жолдармен түзілген пептидтерден амин қышқылдары бірін-бірі жабатын пептидтік карталарды қарастырады. Содан кейін, полипептидтік тізбектегі амин қышқылдарының орналасу ретін анықтайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет