Жай ақуыздар - протеиндар. Жай ақуыздар келесі топқа бөлінеді: -протаминдер және гистоңдар, -глютелиндер және проламиндер, -альбуминдер және глобулиндер, -протеиноидтар (склеропротеиндер). Күрделі ақуыздар (протеиндер немесе холопротеиндер). Күрделі немесе екі компонентті ақуыздар өздерінің простетикалық тобының түріне байланысты жіктеледі: фосфопротеидтер; хромопротеидтер; нуклеопротеидтер; липопротеидтер; Ақуыз денатурациясы Денатурация – ақуыз құрылымының кең спектрде өзгеруі, сонымен қатар дара ақуызға әр түрлі жағдайлардың әсері. Барлық денатурациялайтын агенттер табиғи ақуыздың ковалентсіз (ковалентті емес) құрылымын ары-бері шамада бұзады. Кейбір ақуыздардың конформациясындағы аздаған құрылымдык, өзгерістер оның биологиялық активтігінің жойылуына әкеледі, ал басқа ақуыздардың конформациясындағы аздаған өзгерістер ақуыздың әдеттегі әдістерді қолданғанда байқалмайтын толық инактивтенуіне әкеліп соғады. Кең таралған денатурациялаушы агенттер - гуанидингидрохлорид және мочевина. Көптеген ақуыздарды гуанидинхлоридтің 6-8 М судағы ерітіндісі және мочевинаның 8-10 М ерітіндісі толық денатурацияға түсіреді. Осы жағдайда ақуыз молекуласының табиғи конформациясы толық бұзылады және ретсіз домалақ күйге келеді, ондағы атомдар мен топтар арасындағы ковалентсіз әрекеттесулер жойылады. Сусыз ерітінділер ақуыз молекуласындағы гидрофобтық байланыстарды бұза отырып, оларды денатурациялайды. Әдетте еріген ақуыздың денатурациялануы 50-60° температурада жүреді. Бірақ конформацияны өзгертетін температураның нақтылы мәні әр түрлі ақуыздарда кең аралыкта ауытқиды. Ақуыздың денатурациялануына рН-тың өзгеруі де себеп болуы мүмкін. Ақуыздың полипептид тізбегіндегі электростатикалық әрекеттесулер рН мәніне елеулі түрде тәуелді болады. Көптеген ақуыздар рН-тың едәуір кысаң (тар) аралығында тұрақты. Тірі организмдерде ақуыздардың түрі өте көп. Мысалы, E.coli деген бак-териялардың клеткаларында 3000-нан астам түрлі ақуыздар қызмет атқарады. Қазіргі уакытта ақуыздарды топтастыруға мына жағдайлар негіз болады: Ақуыз молекуласының пішіні; Ақуыз молекуласының құрамы; Ақуыздардың организмде атқаратын қызметі. Ақуыз молекуласын пішіні жағынан қарастырғанда, оларды екі топқа бөлуге болады: глобулярлы жене фибриллярлы (талшық тәрізді) ақуыздар.