Реферат тақырыбы: «Ақуыздар»



бет1/13
Дата25.11.2023
өлшемі140,3 Kb.
#126062
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ақуыздар





РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ақуыздар»

Орындаған: Бегжан Ақтілек
206 “А”
Тексерген: Тоқтамысова А.Б.

ЖОСПАР:
1 . Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ақуыздар туралы түсінік
2.2. Ақуыздардың құрылымдық элементтері
2.3. Ақуыз молекуласының құрылымы
2.4. Ақуыздардың жіктелуі және қасиеттері
2.5. Ақуыздардың атқаратын қызметі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Биологиялық химия, немесе биохимия - организмдердің химиялық құрамын және организмның тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық әзгеріске ұшырау процестерін зерттейді.Биохимия деген сөз гректің bios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: адам биохимиясы (медициналық биохимия), өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және т.б.Кейіннен өз алдына жеке сала болып клиникалық биохимия отау тікті Оның әдістерімен организмді зерттеу негізінде ауруларды аырып, оларға ем тағайындалып, адам мен жануарды әр түрлі ауруладан сақтандыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүргізу етек алды.Кейінгі жылдары органикалық дүниенің дамуы барысында зат алмасуының күрделену жолдарын және тіршілітің жер бетінде пайда болуын зерттейтін биохимияның жаңа бір саласы эволюциялық биохимия дамып келеді.Сонымен қатар радиацияның организмге тигізетін әсерін, одан қорғану әдістерін және ионизациялық сәуленің көмегімен мәдени өсімдіктердің жоғары өнім беретін жаңа сорттарын, пайдалы микроорганизмдердің жаңа түрлерін шығару жолдарын зерттейтін радиациялық биохимияға да ерекше көңіл бөлінуде.
Биохимияның дамуы бір-бірімен шектес басқа пәндермен – жалпы биологиямен, гистологиямен, цитолоиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, биоорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен; молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты биохимияны оқып үйренуден алған білім азықтандыру, мал өсіру, зоогигиена, мал шаруашылық, патологиялық физиология, фармакология сияқты қолданбалы ғылымдардың теориялық негізін құрайды.Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалдардың тіршілігін қамтасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстару. Ақыр аяғында бұл мәліметтер қолданбалық маңызға иә болады, себебі олардың көмегімен мамандар мал өнімдерінің өнімділігін және оның сапасының артуын қамтамасыз ете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет