Ақуыздардың коллоидтылығы- оның макромолекулалық құрылысына тәуелді. Ақуыздардың судағы ерітіндісі гидрофильді коллоидтық қасиет көрсетеді және олардың ерітіндісіне Тиндаль конусын беретін "сәулені шашырату" құбылысы байқалады. Ақуыздар жартылай өткізгіштік қабілеті бар мембраналардан өте алмайды. Ақуыздардың бұл қасиетін, оларды төменгі молекулалы қоспалардан тазарту үшін медицинада (бүйректің қызметі) кеңінен қолданады. Бұл әдісті диализ деп атайды. Ақуыздар кілегей тәрізді ерітінділер түзуге бейім. Олардың ісініп, тұтқырлығы күшті ерітінді түзе алатын қасиеттері бар. Ақуыздардың ерігіштігі.Акуыздардың құрамында (-ОН, -СООН, NH2-және т.б.) гидрофильдік топтар болғандықтан, олар суда жақсы ериді. Акуыз молекулаларының сыртында, олардың гидрофильді топтарына дипольдік қасиеті бар су молекуласы байланысып, гидратты қабат түзеді. Сондықтан, ақуыз суда жақсы еріп, коллоидтық ерітінді түзеді. Бірақ, бұл коллоидтық ерітінді молекулалы-дисперстік жүйелерге жатады. Көптеген гидратты қабаттағы судың молекуласын өзіне қосып алатын факторлар (t, рН, кышкылдар, сілтілер және т.б.), ақуыздарды тұнбаға түсіріп, олардың ерітінділерінің тұрақсыздығын күшейтеді. Кейбір жағдайларда тұнбаға түскен акуыз молекуласы суды өзіне кайтадан қосып алып, бастапқы қалпына келе алады. Ақуыздардың мұндай жолмен тұнбаға түсуін «тұздардың көмегімен тұнбаға түсіру» деп атайды. Ақуыздарды тұздардың көмегімен тұнбаға түсіру, оларды кристалды түрде бөліп алуға мүмкіндік береді. Сонымен, ғылыми және практикалық жұмыстарда орын алатын диализ, тұздардың көмегімен тұнбаға түсіру сияқты ақуыздардың қасиеттері, оларды қоспадан тазартуға, бірінен-бірін ажыратып алуға мүмкіндік береді. Өте жоғарғы температура, күшті қышқылдар, тұнбаның суды сіңіргіш қасиеті күшті заттармен ұзақ уақыт бірге болуы, ақуыздардың денатурациясына, яғни олардың ерігіштік қасиетінің қайтып қалпына келмеуіне, биологиялық қасиеттерінің жойылуына әкеліп соктырады. Ақуыздың нативтік құрылысы бұзылып, конформациясы өзгереді. Денатурацияланған акуыз өзінің биологиялық белсенділігін, ерігіштігін, оптикалық тығыздығының өзгеруіне, гидрофобты радикалдардың молекуланың бетіне шығуына жене т.б. өзгерістерге ұшыратады. Бірақ, ақуыздардың бірінші реттік құрылысы сақталады. Бұл ақуыздардағы пептидтік байланыстардың мықтылығын көрсетеді. Кейбір жағдайларда (мысалы, біртіндеп суыту сияқты) денатурацияланған ақуыз молекуласы қайтадан өзінің бастапқы қалпына, биологиялық белсенді күйіне келуіне мүмкіндік береді. Бұл процесс -денатурация біртіндеп, жайлап жүрген кезде немесе денатурацияның аяғына дейін жүрмей қалған кезінде болуы мүмкін. Барлық денатурацияланған акуыздардың ренатурацияға ұшырауы мүмкін. Бірақ, ол өте баяу жүретін болғандықтан, өте көп уақыт қажет етеді. Ренатурацияланған ақуыз жаңа қасиетке ие болмай, сол өзінің бүрынғы биологиялық қасиеттерін көрсетеді. Мұның өзі, акуыздың қасиетінде, белсенділігінде, оның бірінші реттік құрылысының алатын орнын көрсетеді.