Қазақстан Республикасының демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы.
1.Қазақстан Республикасының егемендігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы , құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады , оның ең қымбатты қазынасы — адам және адамның өмірі , құқықтары мен бостандыгы Республика қызметінің түбегейлі принциптері . Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық , бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму қазақстандық патриотизм , мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялык , әдістермен , оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу деп көрсеткен ( Жалпы ережелер , 1 - бап ) , 1990 жылы 25 қазанда , КСРО тарамай тұрғанда - ақ , Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды . Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық күші бар Жарлықтармен толықтырылды . 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды . Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды . Мемлекет өз аумағының тұтастығын , қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді . Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы — халық Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады , сондай - ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді . Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды . Республикада мемлекеттік билік біртұтас , ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы , атқарушы және сот тармақтарына бөлiну , олардың тежемелік әрі тепе - тендік жүйесін пайдалану арқылы , өзара іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады . Қазақстан халқы деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі , қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас Экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халкынын , әлеуметтік ерекшелігін , Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық , кәсіптік және азаматтық теңдігін , тең қолданылатын мемлекеттік және ресми Тілдерді сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі .