Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасының демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы


Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет



бет3/4
Дата06.03.2023
өлшемі21,19 Kb.
#72137
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
саясаттану срс 1

2. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет . Біздін Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет — ең алдымен Конституция қабылдап , тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға , өкілетгі мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады . Басқару тәртібінің нысанына ( президенттік , парламенттік ) қарамастан , мемлекеттің жоғары органдары арқылы көпшіліктің еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына , тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан , азшылық пен жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне , оның есепке алынуына да мүмкіндік береді . Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз , ар - ұждан бостандығы , тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып , бірлесу , митингілер , демонстрациялар , шерулер еткізу , ереуілге шығу құқығымен қоса , жекелей және ұжымдық еңбек дауын шешу , сондай - ақ мемлекеттік қызметке араласып , мемлекеттік , тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқыктар беріледі . Демократиялық мемлекеттің сипаттык ерекшелifi республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады . Мемлекеттік кызмет институтын реттеу алғаш рет 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - — Қоғамдық татулық пен саяси тұрактылық . Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады .

3. Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Бұл Қазакстанда діни мекемелер мен дін мемлекеттен бөлектігін білдіреді . Қазақстандағы ислам мен православиелік , тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді . Діни негізде партия құруға жол берілмейді . Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес , Конституция негізінде құрылып , жұмыс істейді . Сонымен бірге әркімнің ар - ұждан бостандығына құқығы бар , оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет . Наным немесе атеизм мәселесі — әркімнің жеке басының шаруасы . Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп , бақылайды . Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі , ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет