Кіріспе Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу кезеңі 1991 жылы , яғни Кеңес Советтік Социалистік Одақтың тарау кезімен тұспа-тұс келді. Сол алғашқы жылдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстанда аса ауыр саяси және экономикалық дағдарыстарға тап болды . Дәл осы кезде Қазақстанның жеке дербес саяси - экономикалық тұғырының болмауын өте айқын байқауға болатын еді . Себебі Қазақстан Республикасының экономикасы іс жүзінде негізінен осы шикізат өндірумен және тапсырумен ғана ғана шектеліп қойған болатын . Сонымен бірге әлеуметтік жағдай да тым ауыр хал кешті . Жетпіс жылдан астам уақыт аралығында бұрынғы Кеңес Одағындағы Социалистік қоғам саясаты азаматтардың ынталы әрекетін басып, оған әр кез мүмкіндігінше кедергі келтіріп , шектеу саясатымен айналысып отырған және оларды енжарлық пен ынтасыздыққа бейімдеп келді . Оның үстіне Қазақстан үшін жаңадан тәуелсіз мемлекет құру осы алғашқы жылдары өте оңайға тиген жоқ болатын . Шыныменде тәуелсіз мемлекетті құру мен оны қалыптастыру шын мәнінде барлық мәселенің ең бастысы болатын. Бірақ Қазақстанның Елбасы Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша бұл күрделі істер сол кезеңдерде жеткілікті деңгейде дұрыс жүзеге асырылып басқарылды деп айтуға бүгін толық негіз бар. Сонау 1990 - шы жылдардың басында Қазақстанды тәуелсіз , демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде құрып оны қалыптастыру барысында өте үлкен істерді алғаш бастауға тура келді сол себептен де болар кейбір кезеңдерде біздің еліміздің дамуында да сан - салалы жаңылсулар мен қателесіп ұтымсыз жолдарды таңдау жағдайыны жол берілген кезеңдер болды . Қазір міне тәуелсіздіктен кейін он төрт жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгінгі күнге дейін орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткіземіз . Мен өз жұмысымда , Қазақстан Республикасының демократиялық жолды таңдаған тәуелсіз ел болып қалыптасу - қоғамымызда қалай іске асырылып отырғандығын қарастырыуды мақсат еттім.