Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасының демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы



бет4/4
Дата06.03.2023
өлшемі21,19 Kb.
#72137
түріРеферат
1   2   3   4
4. Қазақстан құқықтық мемлекет . Қазақстанның Конституциясы — құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты . Оның негізгі принциптері азаматтар үшін - занда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі , мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — заңда нақты не көрсетілсе , соған ғана рұқсат болып табылады . Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды , барлық заң жүйесін жақсартып , әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады . Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралык өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады . Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады . 1995 жылғы Конституция нормаларында аталған белгілер айқын көрініс тапқан болатын .

5. Қазақстан - әлеуметтік мемлекет . Конституцияда көрсетілгендей , демократиялық , зайырлы , құқықтық мемлекет болумен қатар , Кдзақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет бола алады . Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес , тұтас қоғам мен адамға қызмет етеді . Ол мемлекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер керсетіп , қоғамдағы ауыртпалықтарды да тендей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады . Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей , білім беру , денсаулық сақтау , ғылым , мәдениет , әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз етілу , еңбекті қорғау , әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды . Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді . Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар жасап , жүзеге асырады . Қоғам мен азаматтардың нақты бір категорияларының мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді . Мәселен , Кдзақстан Республикасының 1996-1998 жылдары реформаны

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет