Реферат Тақырыбы: Қазақстан топырағы, түзілуі, жіктелуі және таралуы Орындаған: Игибай Динара Тобы: лр-20-03K



бет10/15
Дата24.04.2022
өлшемі152,99 Kb.
#32089
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2.2. Қара-қоңыр топырақ түзілу үрдісі
Қара – қоңыр топырақтардың пайда болуы, генезисі бұл аймақтың климатының құрғақшылығымен өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен байланысты екендігін В.В. Докучаев, М. Сибирцев дәлелдеген, ал В.А. Ковда қара-қоңыр топырақтарының пайда болуы қуаң даланың ойпаңды жазықтықтарында осыған дейінгі палеогидроморфты жағдайымен байланысты деп қараған.

Қара-қоңыр топырақтары жіктеуін бірінші рет В.В. Докучаев жасаған:



  • онда А қабатындағы гумус мөлшеріне қарай екі типше-күңгірт қара-қоңыр (4%) және ашық қара-қоңыр(2-3%) топырақтар бөлінген.

Қазір қара-қоңыр тип 3 типшеге бөлінеді: күңгірт (қою) қара-қоңыр (А да гумус 4-5%), кәдімгі қара-қоңыр немесе нағыз қара-қоңыр (3-4%) және ашық қара-қоңыр(2-3%) топырақтар. Типшелер мынандай тектерге бөлінеді: кәдімгі, кебірлі, сортаңданған, кебірлі – кермекті, карбонатты, терең сортаңданған, тұтасқан және шала дамыған.

Қара-қоңыр топырақтар қасиеттері: гумус мөшері 1-дан 5%-ға дейін, катиондармен алмасу сиымдылығы 100 г топырақта 45 мг-экв-ке дейін. Топырақ ортасының реакциясы сілтілі, сілтілігі карбонатты қабатта артады. Қара-қоңыр топырақтары ауыл шаруашылығында (егін және мал шаруашылығы) кеңінен қолданылады. Олар игеріліп егістік алқапт құрамына кірген.Бұл топырақтарда біріншіден ылғал мөлшері тапшы болып келеді.

Сондықтан ауыл шаруашылығында тиымды пайдалану үшін ылғал мөлшерін арттыру және сақтау шаралары (қыста қар тоқтату, көктемде ылғалдың булануына жол бермеу, егістікте арамшөптерді бодлдырмау, топырақтытерең қопсытып аудармау) қатаң түрде жүзеге асырылуы тиісті.Сонымен қатар органикналық және минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтыштарын пайдалану, керекті жағдайларда азот тыңайтқыштарын қосып пайдалану керек. Топырақты жел және су эрозиясына шалдықтырмау шаралары да міндетті түрде игерілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет