Реферат Тақырыбы: Қазақстан топырағы, түзілуі, жіктелуі және таралуы Орындаған: Игибай Динара Тобы: лр-20-03K


Тұзданған топырақтар және оны мелиорациялау



бет14/15
Дата24.04.2022
өлшемі152,99 Kb.
#32089
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2.5. Тұзданған топырақтар және оны мелиорациялау
Тұзды және тұзданған топырақтар дегеніміз – құрамында өсімдікке уытты мөлшерде ерігіш тұздары бар топырақтар. Бұларға жататындар:

1. Сорлар;

2. Сортаңдар;

3. Шақаттар;

4. Тақырлар

Сорлар дегеніміз – құрлымының жоғарғы бетінен бастап, бүкіл пішіндік кескінінің құрамында ерігіш тұздардың белгілі бір мөлшерінің болуы. Олардың сандық, сапалық және химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы: сорлардың жоғарғы қабаттарында 0,6-0,7ден бастап, 2-3%-ға дейін тұз мөлшерінің болуы.

Сортаңдар немесе солонцы дегеніміз – топырақтың иллювиальды В қабатындағы сіңіргіш кешенінде натрий, ал кейде магний катиондарының мол мөлшерде болатын топырақтар. Бұлардың сорлардан айырмашылығы - ерігіш тұздардың мол мөлшері топырақтың тереңдеу қабатында шоғырланған тектік қабаттары анық байқалады.

Шақат топырақ Қазақстанның орманды дала және дала аймағында көк теректі-қайыңды, талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаттау жерлерде кездеседі.

Шақат – опырақтар гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қатарына жатады. Оның тік кескінінің генетикалық қабаттарға жіктелуі айқын байқалады. Ақ түсті шақат А2 қабаты жақсы ажыратылады. Иллювальды В қабатында алмаспалы сіңген натрий иондары бар. Топырақтың астынғы қабаттарында карбонаттармен жеңіл еритін тұздар жиналған.

Тақыр – шөл және шөлейт аймақтардағы сазды тау жыныстарынан тұратын, беті тегіс, қатты алқаптар. Ауданы бірнеше мг-ден 10-12 кмг-ге дейін болады. Көбінесе өсімдік өспейді. Көктемде қар еріген кезде немесе нөсер жаңбыр жауғанда тақырға қақ тұрады. Су буланып кеткеннен кейін түбі қатады да, тобарсып, көпбұрышты жарықшақтарға бөлініп-бөлініп кетеді. Тақыр Орта Азия мен Қазақстанда, әсіресе Үстірт пен Маңғыстауда кең аумақты қамтиды.

"Мелиорация" деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет