Кеңес Одағының ыдырауы 1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшті.
«Қазақ елі» идеясының қалыптасуы мен даму тарихы «Түрік Елі» идеясы мен «Қазақ Елі» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың Ғұн, уйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатындығын айтқан жөн. Сондайақ бұл ретте б.з.д. ІІ ғасырда мемлекеттік құрылымы бар ел ретінде танылған ғұн, үйсін және қаңлылардың түркі этносына тән екендігі, мәселен, көне қытай жылнамаларында түркілер мен үйсіндердің шығу тегіне байланысты аналық қасқыр туралы ортақ аңыз осы тұжырымға толық негіз бола алады. Соңғы мерзімге дейін тарихшы ғалымдар ғұн және үйсіндердің түркілік негізі жөнінде батыл да сенімді айта алмай келді. Оған себеп болған, біріншіден, отандық тарихнамада советтік идеологияның үстемдік құруы болса, екіншіден, көне түркілер дәуірінен біршама нақты мәліметтер беретін қытай жылнамаларының зерттеушілердің қолына түсе бермейтіндігі еді. Қазіргі уақытта, иншалла, дерек көздеріне қатшылық жойылды, сондайақ идеологиялық шектеуліктер де жоқ. Тарих ғылымында жүріп өткен міне осындай түбегейлі өзгерістерге сәйкес бүгін біз тарихымыздың түрлі кезеңдері арасындағы табиғи сабақтастықты қалпына келтіріп, оны бір тұтас процесс ретінде қарастыра аламыз. Академик О.С.Смағұловтың «қазақтардың бүгінгі метистік типінің қалыптасуына 20 ғасырдай уақыт кеткен және оның бәрі қазақ халқының өз жері мен өз елінде ғана болған энтроантропологиялық үрдіс» деген ғылыми тұжырымы бүгінде отан тарихы ғылымында орныққан ұстаным. Қытайдың археологғалымдары (Ма Мәнли, Хуаң, Уынби, Уаң, Биңхуа және басқа) мәселен, материалдық ескерткіштерге, сондайақ қытай жылнамаларының көрсетулеріне сүйене отырып ертедегі (б.з.д мыңжылдық) үйсін және қаңлы тайпалық құрылымдары мен кейінгі қазақ халқының құрамына енген үйсін және қаңлылардың бір этникалық қауым екендігіне ешқандай да күмән келтірмейді.
Тайпалық одақ ретінде әрине олардың құрамы түрлі тарихи кезеңдерде өзгерістерге ұшырап отыруы толық табиғи нәрсе, дегенмен, олардың өзекті бөлігі сапалық тұрғыдан сақталып қалғандығы анық. Есік обасынан табылған бұйымдар (б.з.д. мыңжылдық) бұл әрине, өзара кірігіп кеткен сақүйсін мәдениетіне тән жәдігерлер. Осы обадан алынған тостағандағы 26 әріптен тұратын мәтіннің «көне түркі руникалық таңбалармен көне түркі тілінде» жазылғандығын(А.Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996, 78б.) әзірге ешкім де жоққа шығарған жоқ. Яғни, Есік обасыбұл бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақүйсін мәдениетіне тән ескерткіш, басқаша айтқанда, өзара сабақтас сақ және үйсін мәдениетінің жинақы көрінісі. Б.з.д мыңжылдықтарда қазақ жерінде өмір сүріп мәдениет жаратқан сақ қоғамында «отан», «ел» туралы түсінік қалыптасып, оның жалпықоғамдық ұстанымға айналғандығы анық. Өкінішке орай, олардың қоғамдық өмірі жөнінде дерек көздерінің тапшылығына байланысты бұл ұғымдарға қатысты ой қорыту қиын. Ал сақтардан соң Іле бойы, Жетісу өңірінде елдік құрып, мемлекет орнықтырып, өздері жөнінде «үйсін обалары» атанған тарихи ескерткіштер және қытай жылнамаларында біраз фактілік материалдар қалдырған үйсіндер қоғамындағы жоғарыда аталған «ел» ұғымына байланысты ой қорытуға мүмкіндік бар. Осы ретте мынадай бір жағдайға көңіл аудару артық емес. «Үйсін обалары» деп біз кезінде этникалық және мәдени тұрғыдан біртұтас Түркістан атанған өңірде, яғни қазіргі Қытай мемлекетінің Шыңжан аймағы мен Қазақстан Республикасының Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген тарихи ескерткіштерді айтып отырмыз. Қытай Халық Республикасында (Шыңжаң өңірі) үйсін обалары Тәңіртау (ТяньШань) жотасынан Іле өзеніне дейінгі кең далалық белдемге, яғни Моңғолкүре, Текес, Күнес, Тоғызтарау, Нылқы аудандарына тараған. Тәңіртаудың солтүстік баурайындағы саға сағалардың сыртқы далалық беттерінде орын теуіп, төбетөбе болып тізіліп жатқан бұл үйсін «пирамидаларының» орташа алғанда аумағы 200300 метр, ал биіктігі 78 метр. Бұл ескерткіштерді көне замандардан бүгінге дейін жергілікті халық «үйсін обалары» атайды. Соған байланысты бұл ескерткіштерді зерттеген қытай археолог ғалымдары осы атауды қабылдаған. Ал Тәңіртау жотасының Моңғолкүре мен Шапшал аралығындағы тау сілемін күні бүгінге дейін жергілікті халық «Үйсін тауы» деп атайды.
Бұған қосымша Іле алқабын қазіргі уақытқа дейін атамекені еткен қазақ тұрғындарының арасында өздерін «үйсінбіз» дейтін рулы ел бар. Барлық белгікөріністері тұрғысынан осы «Үйсін обаларының» қазіргі қазақ жеріндегі жалғасы болып табылатын бұл ескерткіштер Іле Алатауының солтүстік етегінде, Іле аңғарында Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең және Күрті, Түрген өзенінің оң жақ жағалауларында орын тепкен. Бұдан ары олар шығыс және оңтүстік шығысқа қарай Шелек, Шарын, Кеген, Қарқара өзендерінің жағалауларын, солтүстік шығысқа таман Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз алқаптарын және Шілікті (Зайсан өңірі) және Пазырық қорғандарына дейінгі алып кеңістікті қамтиды. Бір қызығы сол міне осы барлық белгілері бойынша Іленің жоғарғы жағалауындағы ескерткіштермен бір мәдени ортаға тән екендігі айқын, әлеуметтікэкономикалық, тіптен этникалық тегі тұрғысынан да туыстығы анық байқалатын Іленің төменгі ағысындағы, яғни қазіргі қазақ жеріндегі бұл ескерткіштерді Қазақстандық археологғалымдар «сақ қорғандары» деп атап келеді. Яғни бұл арада ескерткіштердің Қазақстан бөлігіндегілерінің тарихи атауының бұрмалауға ұшырағандығын айтқан жөн. Мәселен, Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылының тұрғыны, ұзақ жылдар бойы осы өңірдің білім жүйесін басқарған, енді міне 90ды алқымдаған Әділхан Зықаев ақсақалдың бала кезінен осы өңірдің көнекөз қарияларынан естіп білгеніндей бұл обалардың ел арасындағы ілгері заманнан келе жатқан атауы «Үйсін обалары» болатын. Тек өткен ғасырдың 60жылдарынан бастап баспа жүзінде обалардың аты өзгеріске ұшырап «Сақ қорғандары» атала бастаған. Ал енді осы б.з.д мыңжылдықтың соңғы ғасырларында Іле алқабын мекендеген үйсіндер қоғамында «ел», «отан» туралы қабылданған түсінік жөнінде не айтуға болады? Үйсіндерден тікелей бізге келіп жеткен тарихи жазба дерек көздері жоқ десе де болады. Соған байланысты бұл мәселеге қатысты тұжырымдарды біз тек қытай жылнамаларында үйсіндер жөнінде сақталған фактілік материалдарға ғана сүйеніп жасай аламыз. Үйсіндердің Іле бойына келіп орын тебуі шамамен б.з.д 177176 жж. Ал осы мезгілге дейін бұл өлкеде өмір сүрген сақтар мен нүкістердің біраз бөлігі үйсіндердің құрамына сіңіп кетеді. Ғұндармен көрші, тіптен олармен аралас отырған үйсіндердің батысқа қарай қоныс аударуына себепші болған жағдай ғұндарға тәуелділіктен құтылу әрекеті еді.
Қытай зерттеуші ғалымдары Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы осы орайда «үйсіндерді тарихта ұзақ бойы ғұндар биледі және құл етті. Оларды ғұндар билігіндегі құлдар тайпасы деуге болады», – деген пікір білдірген. Үйсіндердің бастапқы мекені Келентау мен Дахата аралығында, ғұн және нүкіс аталған елдермен қанаттас тұрған. Ел билеуші тұлғасын «күнби» атаған. Жылнамаға түскен алғашқы күнбиінің есімі Нәнду би. Ол нүкістермен (яки ғұндармен) болған бір қақтығыста қаза тауып, ал оның елжұрты күйзеліске ұшырап, жерінен айырылып, тозтозы шығып, ғұндарға кіріптарлыққа түседі. Ғұндардың Бақтұғ (Мөде) Лапкөк тәңірқұты (билеушісі) Нәнду күнбидің ұлы Лапкөкті қамқорлығына алып, ержеткен соң шашыранды елін жинап беріп, әкесінің орнына билікке отырғызады. Бұл сюжетте шындық пен аңыздың өзара кірігіп кеткендігі және сол тарихи кезеңді үйсін жұртының қоғамдық санасының қалыптасу, балаң кезеңде тұрғандығы, сондайақ оның бастапқы кіршіксіз тазалығы және шығармашылық күшқуатының зор мүмкіндігі байқалады. Сонымен бірге бізге жеткен бұл аңызда ең кем дегенде осыдан екі мың екі жүз жыл бұрын үйсін жұртының басынан кешірген үлкен қайғылы оқиғаның табы жатыр, соның салдарынан 20 жылға жуық мезгіл елдік тұтастығынан және тәуелсіздігінен айырылғандығы тегі бір тайпа немесе ұлыс ретінде бұрынғы ішкі қандас туыстық қатынасынан айырыла қоймағандығын және ол байланысты сақтап қалуға ұмтылғандығын көреміз. Қайта бірігуге деген ішкі ықыласжігері күшті болмаған күнде тозтозы шыққан елдің әлсіз шаруашылық жағдайында қайта бас қосуы мүмкін емес еді. Алапат оқиғаны басынан өткізген елінің басын қайта қосқан Лапкөккүнби ендігі уақытта оны қайтадан өніпөсу жолына салудың қамына кіріседі. Ол үшін не істеу керек? Елдік құрып өніпөсуге кедергі жасауы мүмкін екі бірдей жайсыз көршілерден (ғұн және хән патшалықтарынан) іргені алыс салу туралы шешімге келубұл сауалға берілген жауап болатын. Ал бұл мақсатқа жетудің дұрыс жолы елді орнықты атамекен бола алатын жаңа қонысқа көшіріп апарып орналастыру еді. Үйсін жұртын шаруашылыққа, күнкөріске жайлы Іле бойына алып келген Лапкөккүнби бұл тарихи міндетін абыроймен орындап шығады. Сол үшінде үйсіндер қоғамының арасында орасан зор беделге ие болады.
Кейінгі тарих Лапкөк бидің бұл тарихи шешімінің тура қабылданғандығын көрсетіп берді, хән әулеті ғұндар қағанатын жойды. Осы ретте зерттеуші әрі жазушы Сұлтан Жанболаттың «Елжау би* ертерек ес жиып, өз еліне нұрлы болашақ іздеді», – деген тұжырымы толық негізді. Бидің ақтық айқасқа түскен қоғамдық құрылымдар арасындағы шағын елін жоқ болып кетуден сақтап қалу идеясы өзін ақтады. Ол басқарған қағанат Алатаудың батыс сілемі Іле өзенінің жоғарғы ағысынан Балқаш көліне құйғанға дейінгі төменгі ағысы аралығындағы кеңістікке орын тепті. Шығысында ғұндармен, солтүстік – батысында Кең де шұрайлы жаңа өлкеде үйсіндер елі аз уақытқа болса да өніпөсу жолына түсті. Жарты ғасырға жуық мезгілде олардың өмірінде жағымды өзгерістер байқалды. Олардың жаңа қонысында болып, қоғамдық өміріне көз салған Хән мемлекетінің елшісі Жаң Чян үйсін елінде 120 мың шаңырақ, онда 630 мың жан басы бар екендігін, ал соғысқа жарамды 188 800 әскер шығара алатындығын жеткізген. Яғни халқының саны өсіп, әлауқатының да біршама түзелгендігі байқалады. Елшінің көрсетуінде халқы сулы, шүйгін қоныс қуалап, көшпелі мал шаруашылығымен щұғылданған, әдетғұрпы ғұндарға ұқсайды. Елінде жылқы малы төрт түлік малдың басы, көп. Байлары 45 мың бас жылқы өсірген. Хән патшалығымен қарым қатынасқа түскен үйсіндердің қытай базарына шығаратын басты байлығы да осы жылқы малы болды. Қорыта айтқанда, елші Жаң Чян үйсіндер қоғамын қалыптасқан күшқуаты арқылы өзін хән және ғұн сияқты көршілеріне мойындатқан ел дәрежесінде көрді. Олардың қоғамдық өмірінде басым түрде көшпелі мал шаруашылығына негізделген мемлекеттік билік жүйесінің нысандары айқын байқалады. Қалыптасу жолында тұрған феодалдық қатынастар мен әлжуаз мемлекеттік құрылым жағдайындағы үйсіндер қауымын жаңа өлкеде рахат өмір күтіп тұрған жоқтын. Әсіресе жоғарғы билікқаған тағы үшін тынымсыз жүрген күрес барысында әлгінде ғана қалыптаса бастаған мемлекеттік құрылымға ыдырап кету қаупі төнеді. Бұл оқиға былайша өрбиді. Үйсін елін Іле бойына көшіріп әкелген Лапкөк күнбидің тақ мұрагері үлкен ұлы өмірден ерте қайтып мұрагер ханзадалыққа оның ұлы Семзеу белгіленеді. Бұған күнбидің екінші ұлы Датлұқ наразылық білдіріп, ағасы өлсе мұрагерлік інісіне өтсін деген талабын білдіреді. Лапкөк күнби мұрагерлікке таласты тереңдетпеу үшін үйсін ұлысын 3ке бөліп, бір бөлігін Датлұққа басқартады.
Лапкөк би қайтыс болған соң, тақ Семзеуге өтеді. Семзеу қайтыс болғанда баласы Ней жас болғандықтан Датлұқтың ұлы Оңғай би таққа отырады. Дәстүр бойынша ол Ней ер жеткенде тақты соған беруге міндетті еді. Оңғай би үйсін жұртын жақсы басқарып, ел ішінде берекелі қатынас, тәртіп орнатады. Осы тұста ел ішіндегі беделін пайдаланып Оңғай би өзіне мұрагерлікке ұлы Науанқұт биді белгілейді. Бұл мұрагерлікке байланысты қабылданған дәстүрді бұзу еді. Соның нәтижесінде елді басқарушы топтың арасында жік пайда болып, үйсіндер мемлекетінің тұтастығына қауіп төнеді. Жаңа басталған дауға «Ақсақалдар кеңесі» араласады. Кеңес Семзеу би мен Оңғай би арасындағы келісімді негізге алып, күнби мәртебесіне ер жеткен Ней биді көтеріп, оған Аусар хан деген ат береді. Ақсақалдар кеңесі бұл ретте тіптен Науанқұт бидің жағында болған Хән әулеті сарайының пікірін де есепке алмайды. Ел билеушілері ақсақалдар кеңесінің шешіміне тоқтайды. Дау осымен аяқталады. Міне бұл факті ақсақалдар кеңесінің елдің тұтастығы мен берекесін жеке тұлғалармен отбасыларының мүдесінен жоғары қойып, қорғай білгендігін байқатады. Сонымен бірге, таққа мұрагерлік мәселесінде қатал тәртіп орныққандығын көрсетеді. Ал филологғалым Ғ.Айдаров «ил» , «ел» деген сөздердің мемлекет мағынасында түркі тіліне енуі осы Іле өзені өңіріне келіп, елдік құрған үйсін ұлысының тарихымен байланысты болуы да ықтималау деген пікірді білдірген. Бұл пікір тым негізсіз де емес. Мәселен, Махмұд Қашқари (XІғ) «Түрік сөздігінде» Іле аңғарының түркілер өркениетінің қалыптасу процесінде маңызды орны бар екендігіне нұсқап, мәселен, жануарлар атымен аталған 12 жыл атауының өмірге келуін осы өзеннің бойындағы түркі елі қағанының қызметімен байланыстырады. М.Қашқаридың сөздігінде «Ел» мемлекет деген ұғымның баламасы (М.Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, 1997, 1 т., 77, 402403 бб.). Қалай болғанда да, үйсін жұртының б.з.д. ІІғасырда Іле өңіріне келіп елдік, мемлекеттік құруы түрік халықтарының тарихындағы аса маңызды кезең болып табылады. Өз ретінде бұл оқиға Іле өңірінің түріктер өркениетінің қалыптасу жолында аса маңызды рөл атқарғандығын, сондайақ түркілер этносының бір емес бірнеше этнотерриториялық өңірде қалыптасқандығын айғақтайды. Үйсін жұртын Іле бойына (аңғарына) алып келген олардың бұрыңғы жұртындағы өмірінен алған сабағы, тәжірибесі еді. Ол қандай сабақ? Ол Хән патшалығы мен ғұн қағандығы арасындағы өзара егестің соңғы жиынтығын, яғни қайғылы нәтижесін тура да дәл болжап түсіну еді. Бұл біріншіден. Екіншіден, үйсін билеушілері өз елінің мүмкіндігін таразыдан өткізе отырып, елдікті сақтау үшін Хән патшалығынан іргесін алысырақ ұстауды жөн көрді. Кейінгі оқиғалар ағымы көрсетіп бергендей бұл стратегиялық тұрғыдан Лапкөк (Елжау) қаған бастаған үйсіндердіңел басқарушы тобының тура қабылдаған шешімі болатын.
«Түрік елі» идеясының өмірге келуі VI ғасырдың екінші жартысында түрік қағанаты Азия кеңістігінде қалыптасқан қуатты мемлекет ретінде танылып, ұлы державалармен иық тіресе алатындай дәрежеге жетті. Оған негіз болған алдымен, әрине, қағанаттың біршама даму алған экономикалық қуаты болса, бұған қосымша, елді басқару ісінде аймақтықсатылық жүйенің қалыптасуы және жоғарғы қаған тағын мұрагерлік негізде иемденуде қатаң тәртіптің орнауы еді. Ерте орта ғасырлардағы түрік қағанатының тарих сахнасына шығуын еуропалық зерттеушілер оның басқа алысжақын елдерге жасаған басқыншылық әрекетімен байланыстырады. Бұл мүлдем қате түсінік. Кезкелген елдің экономикалық, соған байланысты әскери күшқуатының өсуі ең алдымен оның халқының күнделікті еңбегінің нәтижесі. Ал сырттан басқа жұрттарды тонау немесе қанау арқылы келген байлықтың елдің экономикалық өміріне белгілі бір мезгілге дейін жағымды ықпал жасауы әбден мүмкін, бірақ ол бәрібір тұрақты экономикалық өсуге негіз бола алмайды. Түркілер қоғамының біз қарап отырған кезеңінде өнімді экономикалық даму жолына түсуі мал шаруашылығына қолайлы жағымды табиғи ортаға тікелей байланысты болды. Түркілер қоғамы өзінің бастапқы қалыптасу және өсу сәтінде Орталық Азияның мал шаруасына қолайлы кеңістігін емінеркін игерді және ұтымды пайдалана білді. Мал шаруашылығы, әсіресе, жылқы шаруашылығы түркілерді басқа елдер санасатын қуатты әскери күшке айналуына жағдай туғызды. Көшпелі мал шарушылығына күнделікті өмірін бейімдеген халық өзін қоршаған табиғи ортаға біржола тәуелділікке ұшырады, яғни оның құлына айналды деп түсіну қателік болар еді. Ғасырлар бойы ауыр табиғи ортада өмір сүрген халық, сонымен бірге табиғат құбылыстарымен үйлесімді өмір сүруді үйренді, мал шаруашылығын адамзат қоғамының мүддесіне қажет экономика саласы дәрежесіне көтерді. Адамзат өркениеті мал өнімдерін игеру және оған қатысты шаруашалық құралжабдықтарын жетілдіру, сол арқылы қоғамдық дамудың жаңа сатыларына көтерілу ісінде, әрине, көшпелілер қауымдастығына қарыздар. Шаңырақ көтерген түркілер мемлекетінің басында Бұмын қаған тұрды. «Бұмын» бұл қағанның Орхон жазуында көрсетілген аты. Қытай жылнамасындағы аталуы «Тамын». Бұмын қағанның арғы тегі жөніндегі дерек бұлыңғыр, аңызданған болып келеді. Қытай жылнамалары арқылы жеткен деректер түріктер мен үйсіндердің арғы тегін ана қасқыр туралы аңызбен байланстырады (Ұлы түрік қағанаты. Қытай деректері мен түсініктер. Үрімжі, 2006, 28б.).
Бұмын қаған Ашына түріктерінің қағаны. Ал Ашына елі бүтін түріктердің тегі емес, бір бұтағы. Сондықтан да болса керек ашыналық түріктердің салтдәстүрінде олардан бұрынғы және олармен тұстас түрік тілді ұлыстардың салтдәстүрімен сабақтастық, ауыстүйістік байқалады. Бұмын қаған, мәселен, өзін Ел қаған (Елет, Елетміш қаған) атаған. Бұл ғұн еліндегі жоғарғы билеушінің өзін Тәңірқұт атағаны, немесе үйсіндердің бастапқы билеушісі Нәнду күнбидің ұлы Лапкөптың таққа Елжау күнби атымен отырғандығын еске салады. Бұмын қаған ашыналық түріктердің басын қосып, мемлекеттік бірлігін қалыптастырушы. Сондықтан да болса керек Күлтегін жазуында Бұмын билігі жөнінде «жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне атабабам Бұмын қаған, Істемі қаған (таққа) отырған. (Таққа) отырып түрік халқына, еліне, төріне (билік) тұтқа болған, қалыптастырған», – деген ой айтылады Бұмын қаған тұсында ашыналық түркілерде елдік сана қалыптасты. Қаған еліне Қытай патшалығынан елші келді. Түркі елі бұл оқиғаны өсіп, өркендеу жолына бастайтын тамаша жаңалықтың басы деп қабылдады. Сондайақ Қытай патшалығымен арада сауда қатынасы орнап, қытай тарапынан түркілер негізгі тауар ретінде жібек маталарын алса, оларға мал, әсіресе жылқы малын өткізу дәстүрге айналды. Мәселен, Бұмын қағаннан соң таққа отырған (553 ж) оның ұлы Қара қаған Уей әулетімен (қытай патшалығы) елшілік қатынас орнауына байланысты50 мың жылқы айдатады (Ұлы түрік қағанаты. Қытай деректері мен түсініктер. Үрімжі, 2006, 29500 бб.). Түрік қағанатының халықаралық дәрежедегі қуатты мемлекетке айналуы Қара қағанның інісі Іркін қағанның (таққа отырған соң қабылдаған аты Мұқан қаған) белсенді қызметіне тұс келді. Мұқан қаған көлемі ұлғая түскен мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін аймақтық сатылық басқару жүйесін енгізді. Мағынасы: аймақтықсатылық жүйе боынша тақ әкеден балаға емес, мемлекетті иелікке бөліп басқарып отырған қағанның ұлдары жасына қарай (яғни тақ егер кезектегі інісі өлген болса, онда оның ұлына) кезекпен және ретімен тақты иемденетін болды. Бұл тәртіпті ашыналық түркілердің үйсіндерден қабылдағандығы байқалады және ол жүйе мемлекеттің тұтастығына қызмет жасады. Мұқан қаған деректерде жігерлі де белсенді басшы ретінде бейнеленеді. Оның тұсында түркілер мемлекеті кеңейе түсіп, алып империяға айналды, оған қытай қабырғасының солтүстігі мен батысындағы, арасында қытандар (қидандар) мен қырғыздар бар ұлыстар, Арал мен Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы елдер қарады. Қағанды таққа отырғызу салтанаты оны киізге отырғызып, жоғарғы мәртебелі билері киізді төрт бұрышынан көтеріп қоршаған елдің алдынан күн қозғалысы бойынша тоғыз рет айналып өтуден басталды.
Айнала жиналған қараша жұрт, ел басқаратын ұлықтар жаңа қағанға тағзым ету арқылы өз ізетін білдірді. Елді басқаратын ұлықтары мынадай сатыдан тұрды: ең ірі ұлығыябғу, одан кейінгісі шад, одан кейінгісітегін, одан кейінгісіелтебер, одан кейінгісітұдынбер аталды. Мемлекет басқару ісіндегі шенділер барлығы 28 дәрежеден тұрды. Түркі жазба мәдениеті қалыптасты. Қытай жылнамасы түркілердің жазуын ғұндардың жазуына ұқсастығын айтады. Осы ретте ғұндар мен үйсіндер пайдаланған жазудың ендігі уақытта түркілерге жеткендігі туралы айтуға болатын сияқты. Он екі жануар атауынан тұратын жыл санау жүйесі орнықты. Қағандықтың туына бөрінің зермен айшықталған бас бейнесі салынды. Сарбаздарын «бөрі» атады (сонда, 29,30 бб.). Басқаша айтқанда, Мұқан қаған билейтін түркілер мемлекетінде мемлекеттіліктің барлық нышандары қалыптасты. Осы арада мынадай жағдайға көңіл аударған жөн. Бұмын қаған және басқа бастапқы қағандар билігі тұсында түркілер қоғамында орнаған береке ұзаққа созылмаған сияқты. Феодалдық бытыраңқылық жағдайында өмір сүрген жеке қытай әулеттері (Жоу, Чи, Уй Сүй ж.б) қуатты атты әскер күшіне сүйенген түркілердің қарқынына шыдас бере алмағандықтан ендігі уақытта бұдан бұрын ғұн және үйсін сияқты елдермен арақатынасында сыннан өткен әдіс айлаға көшті. Қытай жылнамаларында ондай әдісайлалардың қайсыбірі ашық та анық айтылады. Мәселен, қытай әулеттерінің сарайы түрік қағандарымен құдандалық қатынас орнатуға ынталылық танытып отырды. Осы құрал арқылы түрік қағандары мен қоғамына ықпалын өткізуге тырысты. Қытай билеушілерінің түрік қағандарына байланысты келесі өтімді саясаты – ол сол тұстағы негізгі байлығы қытай жібегінен жомарттықпен кең көлемде жасалған сыйсияпат еді. «Жоунама» жылнамасында, мәселен, осы жағдайға байланысты мынадай фактілер келтіріледі: «Сарай (қытай билеушілерінің ордасы – авт.) олармен құдандалық қатынасты сақтауға тырысып, жылына оларға (яғни түрік қағандарына – авт.) 100 мың топ торғынторқа, асыл кездемелер беріп тұрды. Түріктердің астанада тұрғандарын аса сыйқұрметпен күтті. Олардың сарай есебінен киім киіп, етжейтіндерінің өзі үнемі мыңға жетіп отырды. Чилықтар да (Чи әулетіавт.) олардың шабуыл жасауынан жасқанып, қазыналарын сарқып бітті» (сонда, 2732 бб.). Қытай билеушілері әсіресе түрік қағандарын өзара дүрдараз, алауыз ету, сол арқылы түрік қоғамын мүмкін болғанша әлсірету ісінде зор тәжірибе жинады. Мәселен, түрік қағаны Шату (Ышбара қаған) Жоу әулетінің патшасына елші аттандырып, сарайдан қалыңдық алып, әулетпен құдандалық қатынаста болу ниеті бар екендігін білдіреді. Қағанның бұл тілегін қанағаттандыруға тырысқан Жоу әулетінің билеушісі қызын қағанға «Мың – ділда ханша» деген атпен ұзатып, қаған ордасына қалыңдықты жеткізу сапарына басшылықты Жаңсүн Шың деген елшісіне тапсырады.
Жансүң Шың бұған дейін қытай қорғанының солтүстік батыс бетіндегі елдердің өмірімен жақсы таныс, бұл мәселеде Жоу билеушісі сарайында кеңесші міндетін атқарған сұңғыла, жүзіктің көзінен өткендей жылпос адам екен. Ол сонымен бірге түріктер қағандығына елшілік миссиямен келген басқа да елшілер сияқты тыңшылық міндетті қоса атқарып, Жоу әулеті сарайына қажет деген мәліметтерді де жеткізуге міндеттенеді. Бұдан бұрын талай қытай елшілерін қабылдаған Шату қағанға Жаңсүн Шың қатты ұнаған болу керек, әр саятқа шыққанда оны өзімен бірге алып шығып, жыл соңына дейін еліне қайтармай жанында ұстайды. Бұл жағдайды ұтымды падалануды көздеген Жаңсүн Шың түрік халқын билеген қағандардың өзара қарымқатынасы, жер жағдайы, ұлыстарының шамашарқын түгел бағамдап өз патшасы алдына жайып салады. Мәселен, ол сол кездегі түрік жұртын билеп отырған Шату, Темкіт, Аба және Төле қағандардың өзара бірі аға, бірі немере іні туыс, алдыалдына қыруар жасақ ұстаған қуатты қағандар болғанымен, өз ішінде бірінбірі аңдып, төртеуі төрт жаққа қараған, сырттай тату көрінгенімен шын мәнінде араларына іріткі салу тіптен де оңай, өзара іштей бақас жандар екенін ескертіп патшасына хат жолдайды. Хатында:«… Құдай тілеуімізді берсе қасиетті уазипаңыз іске асқалы тұр. Тақсыр, Сіз күллі хандардың… алдынан сан ықылымдарда ғана кезігетін орайлы сәтке дөп келіп отырсыз. … Бұл жауымызды әскер шығарып жазалайтын да кез емес, ал олармен жұмысымыз болмаса, шапқыншылықтан көз ашпаймыз. Сондықтан әдісайланы өрге бастырып, олардың көзін біртіндеп жойған жөн… Пақырыңыз Ғұндардың қыры мен сырына әбден қанған. Темкіт (жоғарыда аталған түрік қағаныавт.) әскери күш жағынан мығым болғанымен мәртебе жағынан Шатудан төмен тұрады. Көріністе оған қарасты болғанымен, іштей онымен қайшылықты. Оның сол мойынсал болмай жүрген тарапын неғұрлым өршіте түссек, араларында ішкі соғыс басталады. Мұнан тыс Шатудың інісі Чориға (есімі Төле шадавт.) алаяқ қу, әйтседе күші әлсіз. Адамға жағымдылығынан, елі оны жақсы көреді, Шату болса оны күндейді. Сонан мазасы май ішкендей. Араларында аратұра қайшылықтар да белең алып тұр: іс жүзінде оның қауіптен күдігі күшті. Ал, Аба тым екібеткей. Осылардың ішінде ол Шатудан көбірек жасқанады. Оның ырқынан шықпайды. Қай жақтың күші басым болса, сол жаққа жығылады. Әсіре тұрлаусыз. Қазір алыстағысымен байланыс орнатып, таяудағысына соққы беру, күштісін ыдыратып, олардың әлсізімен бірігу, Темкіттерге елші жіберіп, Абамен ұшарласу әбден қажет сияқты… Сөйтіп бұларды өз ішінде аңдыстырып, берекелерін бұза берсек, он шақты жылдан кейін патшалығымыз бір орайда оларға қарсы аттанып, бір жолда ақ оларды түбегейлі құрта алады» (сонда, 3940бб. ), – деп жазды. Жансүн Шыңның берген кеңесіне бой ұсынған қытай патшасы Темкіт қағанға елші аттандырып, оған бөрі басты ту тарту етіп, үлкен құрмет және қошемет көрсеткендей сыңай танытады. Өз ретінде Темкіт қағанның елшісі Жоу патшасымен кездесуге келгенде оған орын Шату қағанның елшісінің жоғары жағынан беріледі. Іріткі салу амалы осылай іске асырылып, өз ретінде бұл жағдайға байланысты түрік қағандары жағында алауыздық етек ала бастайды. Тура осындай іріткі Шату қаған мен Аба қағанның да арасына салынады. Соның нәтижесінде қағандар өзара қақтығыс жолына түсіп, олардың арасындағы айтыстартысқа төрелік жасау міндетін қытай билеушісінің сарайы өз мойнына алады.
Бұл VI ғасырдың соңы VII ғасырдың бас кезінде орын алған тарихи оқиғалар еді. Ескеретін жағдай, қытай патшасының сарайы Жаңсүн Шың сияқты «елшілерді» молынан даярлап, солар арқылы түркілерге байланысты жүргізетін саясатының бағытбағдарын анықтап, өз ретінде жаңсүншыңдардан марапатқұрметін аяған жоқ. Күлтегін жазуында қуатты да күшті Бұмын, Істемі, Мұқан қағандардың түрік жұртына сіңірген ерен еңбегін айта келіп, «Осындай күліг (даңқты) қағандар еді. Одан соң інісі қаған болған еді. Ұлдары қаған болған еді. Бірақ інісі ағасындай болмады. Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған еді. Әлсіз қағандар отырған еді. Бұйрықтары (қолбасшылары) да біліксіз еді, әлсіз болған еді. Бектері, халқы адал (түз) болмағандықтан, табғач халқының алдауына сенгендіктен, арбауына көнгендігінен, ініліағалының кектескендігінен, бектер мен халықтың ымырасыздығынан түрік халқы елдігінен, елінен айырылды. Қағандығын жүргізіп отырған қағанынан айырылды. Табғач халқына бек ұлдары құл болды, ару қыздары күң болды. Түрік бектер түрік атын жойды. Табғачшыл бектер табғач атын тұтынды. Табғач қағанға бағынды. Елу жыл ісінкүшін берді… Табғач қағанға [басқаның] елін, төрін алып берді. Түріктің күллі қара халқы былай десті: «Елді халық едім, елім енді қайда? Кімге елдік құраймыз?», – десті. «Қағанды халық едім, Қағаным қайда? Қай қағанға күшқуатымызды береміз?», – десті» (Орхон ескерткіштерінің толық атласы, 186 б.). Бұл айтылған ой тектентек айтылмаған еді, оның астарында ащы да болса өмір шындығы жатты. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі Ортағасырлық түрік мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуы Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген мезгіліне тұс келеді. Қарахандар Орта Азиядағы мұсылман дінін қабылдаған алғашқы мемлекет болды. Орталық Азиялық түріктердің мемлекет құру және басқару салтын сақтай отырып, олар оны ислам институттарымен байыта түсті. Қарахандар мемлекеті ортаазиялық түркілердің интелектуалдық өсу мүмкіндігіне жаңа өріс ашты: білім мен ғылымға қолдау жасады, медреселер ұйымдастырды , қоғамда білім беделін арттырды т.с.с. Мемлекттің руханиятқа көрсеткен бұл қолдауы өз нәтижесін берді. Өмірге Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» Махмұт Қащқаридың «Түрік сөздігі» сияқты түркілер өркениетін жалпы адамзаттық кеңістікке алып шыққан ұлы еңбектер келді. Түркі халықтары мәдениетінің жаңа сапа және кеңістікке шығуының жинақы көрінісі түрік әдеби тілінің қалыптасуы болды. Бұл ғылымда әбден таныс тарихи фактілер. Бірақ біздің халық және мәдениет ретінде түп тамырымыздың терең және берік екендігін айғақтайтын бұл рухани асылдарымыз советтік кезеңде бізге жат құндылықтар ретінде ұлттық рухани өндірісте айналымнан шығып қалды. Оның орнын ойлау жүйемізді жат арнаға салуды көздейтін бұлақтар басты.