Реферат Тақырыбы: Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы. Орындаған: Маханбетова Рита Сережевна



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі52,15 Kb.
#117137
түріРеферат
1   2   3   4
Қорытынды
Ал бізге қазіргі уақытта өзіміздің көне замандардан бірде әлсіреп, бірде қайта жаңғырып, бірақ үзіліссіз жалғасып келе жатқан түркілік өзегімізді танып білуге және оған жаңа серпін беруге бастайтын ойлау мәдениеті қажет. Бұл ретте біз жоқтан бар жасауды емес, барды өз орны мен дәрежесінде көрсетіп, бағалауға жол ашатын жаңа ойлау жүйесі мен стилін қалыптастыру жөнінде айтып отырмыз. Осы ұстаным тұрғысынан келгенде Ж. Баласағұн мен М. Қашқаридың бізге қалдырған мұралары заман сұранысы тұрғысынан несімен құнды, сондай­ақ іргелі еңбектер ретінде осы шығармаларды негізге ала отырып «ел», «ұлттық идея» сияқты ұғымдарға бүгін біз қандай түсінік бере аламыз? Бұл ретте мына жағдайды ескерген жөн. Бұл екі шығарма да төл тума, жергілікті этнос өмірінен бастау алатын түрік қоғамдық ойының сол мезгілге дейінгі қалыптасып, жетіліп, еркін дамуының табиғи жемісі, шаруашылық жүргізу, мемлекет құру және мәдениет қалыптастыру тәжірибесінің жиынтық көрінісі, сондай­ақ бұдан былайғы рухани өсіп­өнуінің берік негізі болды. Алладан соң ұлы шығармашылық иесі­халық. Ал халықтың ең ұлы туындысы оның тілі. Махмұт Қашқаридың айтуында түріктер Алланың басқа да сүйікті құлдарының санатында. Ғалым «Тәңірі оларды «Түрік» деп атады және оларды мемлекетке еге қылды», деп көрсетіп, одан ары «заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл­ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады»– деген ойды айтып, түркілердің әлемдік кеңістікке шығып, өзін басқа өркениеттерге мойындатқандығын білдіреді. Сондықтан да ғалым «түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал» екендігін ескертіп, сол үшін де «мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас­түгесілмес, азып­тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, «Түрік тілдерінің диуаны», аталатын кітабын жазып шыққандығын баяндайды.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдықтың І томы. Алматы, 1996.

  2. Артықбаев Ж. О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.

  3. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  4. Гумилев Л. Н. Древние тюрки. Москва, 2004.

  5. Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  6. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы «Санат», 1999.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет