Сонымен, әлеуметтанудың дербес ғылыми пән ретінде бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған қажеттіліктермен тікелей байланысты. Қоғамды әлеуметтану жағынан зерттеу бірнеше шарттардың орындалуын талап етті.
Біріншіден, ол өзінің зерттеу объектісіне тікелей тәжірибелік ықпал етуден бас тартуы керек еді. Екіншіден, ол сол кездегі ғылыми қоғамдастықтың әлеуметтануды ғылым деп есептеуіне мүмкіндік беретін белгілі бір принциптермен, көзқарастармен және әдістермен толықтырылуы тиіс болды. Басқаша айтқанда, әлеуметтанудың қалыптасуы жөніндегі алғышарттардың бірінің пайда болуына қоғам идеясы мен қоғам туралы ғылым идеясының бірігуі әсер етті.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуының келесі бір алғышарты әлеуметтік детерминизм ұғымы болып табылады. Бұл ұғым бойынша, қоғамды былық пен зорлықзомбылық емес, кеңістіктік және уақыттың реттелуі, себеп-салдарлар байланысы, құбылыстар мен процестердің басқаларына тәуелді болу шарттары билейді. Әлеуметтік заңдар идеясы әлеуметтанудың қалыптасуы мен құрылуында маңызды орын алады. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік құбылыстар табиғи құбылыстар сияқты туынды айла-шарғыларға көнбейді, олар едәуір мықты және тұрақты болып келеді, сондықтан оларды белгілі бір шекте және тек олардың өздеріне сүйене отырып басқаруға болады; оларға түсінуге оңай кеңістіктік және уақыттық реттелу тән. Мұның барлығы әлеуметтік құбылыстар жөніндегі ғылымның қажеттілігін айқындай түседі.
Соңғы заң алдыңғы екеуін белгілі бір мағынада қорытындылай келіп, әлеуметтанудың қалыптасуының алғышарттары ретінде маңызды орын алады.
Әлеуметтік заң туралы түсінік өзіне бір мезгілде енді-енді пайда болып келе жатқан әлеуметтануды онтологиялық және эпистинологиялық негіздеуді қамтыды. Алайда әлеуметтік заңдар бар және оларды танып-білудің тәсілдері табылуы мүмкін екендігі, сондай-ақ бұл тәсілдерді көрсетуді дәлелдеу талап етілді. Жаңа ғылымды құру үшін оның әдіснамалық мәртебесін бекіту қажет болды. Әлеуметтанудың тікелей пайда болуының алдындағы дәуірде әдіснама жағынан алғанда мінсіз, эталонды ғылым бір мезгілде ұтымды, эмпирикалық, тәжірибелік те болды. Дұрысын айтқанда, “табиғи”, ұтымдықэмпирикалық және ғылыми білім бірін-бірі қайталайды.
Жоғарыда айтылған барлық идеялық алғышарттарды біріктіру ғылыми қоғамдастықта қалыптасқан эталонды жалпы ғылыми өлшемдерге сәйкес әлеуметтанушылық білімнің негізгі өлшемдерінің пайда болуына алып келді. Бұл қоғамдастық және оның әлеуметтік ортасы жаңа ғылымды құру мүмкіндігі мен қажеттілігін сезінді. Ол ғылым өзіндік сананы қалыптастырып, “ әлеуметтану ” деген атауға ие болды.
Көптеген ғалымдар мен әлеуметтік реформаторлар бұл кезде қоғам жөнінде ғылымның пайда болуына орай қоғамды жетілдіруге үміт артты. Олар жаңа ғылымның пайда болуын күтті және оны қалыптастыруға шақырды. Әрине, бұл жеткіліксіз еді. Жаңа ғылымды қалыптастыруға орасан зор күш-жігер талап етілді. Оны әлеуметтанушылық ойдың пионерлері жүзеге асырды. Солардың арқасында әлеуметтану өзінің жеке тарихы бар дербес ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.
История теоретической социологии / ред. Ю.Н.Давыдова. - М.: Канон, 1997. - Т.2. - 560 с.
Джунушев Р.Е. Особенности формирования и развития казахского просвещения вт. пол. ХIХ-нач. ХХ в. Дис. ... канд. философ. наук. Алматы, 1985. - 167 с.
Чокан Валиханов и современность / Сборник материалов Всесоюзной научной конференции, посвященной 150-летию со дня рождения Ч.Ч.Валиханова. - Алма-Ата: Наука КазССР, 1988. - 320 с.