Лекция Шешендік сөздер



бет1/4
Дата29.09.2022
өлшемі41,05 Kb.
#40830
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
4лекция


Лекция-4.
Шешендік сөздер.
1.Шешендік сөздердің жиналуы мен зерттелу тарихы.
2.Шешендік сөздердің жанрлық өзгешеліктері мен түрлері.
3.Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы.
4.Шешендік сөздердің эстетикалық,тәрбиелік маңызы.
Әдебиеттер:
Ш.Уәлиханов Таңд.шығ.А,1985.
С.,Негимов Шешендік өнер А,1997.
3-39 беттер.
Б.Адамбаев Халық даналығы А,1976.Ж.Дәдебаев Шешендік сөздерА,1993.55-102 беттер.
Қазақтың би-шешендері А.199388,182,186,241 беттер.
Әдеби мұраның қай түрінде болсын шешендік сөздер ұзақ ойдың қорытындысы, тұжырымы болып көрінеді. Халықтың ғасырлдар бьойы жасаған шешендік сөздері өмірдің талай асуларына өтіп, бізге жеткен. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр.Жанрына қарай шешендік сөздер:
1.Шешендік арнау
2.Шешендік толғау
3.Шешендік дау болып бөлінеді
Алғаш зерттеушілер Ш.Уәлиханов: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққав өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен бұл би деген атақ келіп билік айитуға және төрелік сөз смөйлеуге патент сияқты нәрсеге ай налған» Шоқаннның бұл пікіріне қарағанда, қазақ қауымында би атағын алу үшін екі шарт: бірінші - әдет-ғұрыпты жетік білу; екінші – шешендік қабілеті болу кероек. Дәл осыған ұқсас пікірді Абай да айтады. «Бұл билік дегенг біздің қазақ ішінде әрбір сайлнған кісінің қолынан келмейді.Бұған бұрынғы қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәуке ханның күлтөбенің басында күнде кеңес болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек, һәм ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып төлеу соларға жарарлық кісі болса керек.» Шоқан мен Абай бұл пікірлерімен дау шешіп, бітім-билік сөйлеу үшін әдет зыңын білумен бірге шешендік өнер патент сияөқты маңызды роль атқарғанын орынды көрсетеді. Ежелгі Грех тарихында шешендік өнердің өркендеуіне атақты Салон (мемлекет қайраткер) заңы секбеп болған. Афиннің әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиісті екен. Бұлай істеу әркемнің қолынан келе бермейтіні белгілі. Осыдан келіп сот алдында айтылмақ сөзді алдын ала жұптайтын, даярлайтын логогритар – сөз жұптаушылар пайда болған. Афинде шешендік өнердің негізхін салған ежелгі Грецияның әйгілі саясатткері Демосфен шешен алғашында міне осындай логориф болған. Қазақтың «Жеті жарғысы» гректің Салон заңына ұқсас.
Қазан төңкерісіне дейін халық сотының алдында билер бірі талапкердің. Екіншісі айыпкердің сөзін сөйлеген, алүшіншісі – төбе би болып төрелік – қалыстық сөз айтады. Қазақ қауымында ертеден қалыптасқан ел ішіндегі дау-жанжалды мәмлемен шешіп, реттеудің осы бір қарапайым халықтық тәсілі дәстүрлі шешендік өнердің дамуына әсер еткен. Шешен – ойға ұшқыр, тілге шешен. Халықтың шешен адамға көрсететін сыйы- би ақысы- шешендік өнерді дамытуда ынталандырушылық, қызықтырушылық қызмет атқарған.
Шешендік өнерді зерттеушілердің бірі В.Радлов. Ол:» Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұщырамай, түпкі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тілд. Рас мұнда да бірен-саран жат сөздердің енгені байқалады.Бірақ ол сөздер.... қазақ тілінің үндестік заңына бағынып бірыңғай халық тілінің қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғылығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқаларынан құрастырған жинақтардың толық бір томын арнауыма себеп болды. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған қатты әсер етті» ,- дейді.,кітабының кіріспе сөзінде. Мұнда зерттеуші шешендік өнердің дамуына тағы бір себеп – қазақ тілінің тазалығы мен табиғылығын дұрыс аңғарған.
Қазақтың шешендік – тапқырлық нақөыл сөздерін жинап, жариялаушылардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің «Қырғыз хреситоматиясына» «Ізбасты», «Байұлы», «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен» дейтін тапқырлық-шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынды. Халық даналығының балаларды тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны кзінде қажетке жарата білген. Осы сияқты қазақтың шешендік-тапқырлық сөзінің алғашқы қағазға түскен нұсқаларын А.Васиьевтің, Ә.Диваевтың, М.Көпеевтің т.б. қолжазбаларынан және кейбір мерзісді баспасөдерден кездестіруге болады. Мысалы, «Дала уалаятының» газетінді қазақ билерінің қоғамдағы орны, билік-кесім шығаруы жөнінде бірнеше мақалалар берілген. Мысалы, «Қазақ билерінің жұмыстарды тексеретұғын турасында», «Қазақ жұртының хүкімі хақынды», «Бұрынғы замандардағы билердің билік қылуы» т.б.
Ш.Құдайбердіұлының да «Би һәм билік туралы» деген мақаласында қазақтың «қазылған қара жолдай» тамаша билік- кесімдері болғанын, бірақ та даңғыл дәстүрлердің бәрі «орыс законына қарағандықтан» мүлде көмескіленіп кеткенін, егер де солардың кейбір ереже қағидаларын сұрыптап алса, қазіргі күннің рухына, қазақ тұрмысына сайса-сай келетінін әңгімелейді.
Әлихан Бөкейханов та «Тағы да һәм билік» деген мақаласында би тағдыры, билік жасаудың қиындығы мен күрделілігі, орыс судьясына құлақ асу керек пе, не болмаса шариғат жолын берік ұстау керек пе, міне, осылардың арасындағы мәлімсіз күйі, кереғер жайлары айтылады.
Ахмет Байтұрсынов: Шешенг сөз қара сөз шығармалардан бөлектй бір түрі емес, бұл да байымдама болады. Мұның байымдамадан бөлінетін жері мынау ғана: Байымдамада жазушыныі пікірін баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап, анық түсіндіріп берук. Шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап,сипаттап, түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұыту, бұйыту, иман келтіру болады. Оны істеу үшін шешендер жай баймдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге ыждаһат етеді. Сондықтан шешен сөздің «қыздырма», яки «қоздырма» деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі адамның жұрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру.(101-б.) Шешен сөздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады»,- деп оны 5-ке бөледі.1) Бастамасы.2) ұсынбасы. 3) мазмұндамасы.4) қыздырмасы. 5) қорытпасы.
Кеңестік дәуірде шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде бөле зерттеген М.Әуезов болды. Ол 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» деген еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырып енгізіп шешендік сөздердің кейбір түрлерінен мысалдар келтіреді. Ал С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932) деген оқулығына «Билердің сөздері» деген тарау енгізіп, шешендік сөздерді дербес жанр деп қароаған. Алғаш рет шешендік мен мақал-мәтелдердің ара қатынасына назар аударады. Бірақ автор қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының бүкіл ауыз әдебиетін үстем таптың мұрасы деп, соның ішінде шешендік сөздерді қанаушы таптың сойылын соққан феодал билердің ғана сөзі деп жаңсақ қорытынды жасады. Сәкен сонымен бірге шешендік сөз нұсқаларынының бір кісіге жатпайтындығын, бір сөзді әлденеше кісі иемденіп айтатындығын дұрыс аңғарған.
Қазақтың шешендік сөздерін арнайы зерттеген Ә.Мәметова. Ол «Қазақ билерінің шешендік сөздері және әдебиет тарихындағы орны» (1945) дейтін кандидаттық диссертациясын қорғады. Бірақ социдеологияның сынына ұшырады. Одан кейін өнімді еңбек еткен ғалымдар М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, Б,Адамбаев т.б. ғалымдарды атауға болады. Қазір бұл салада арнайы зхерттеу жұмыстьарын жүргізіп жүргенС.Негимов, Г.Қосымова т.б. ғалымдар бар.
Қазақтың «шешендік сөз өнері» туралы сөз қозғамас бұрын «шешендік сөз дегеніміз не, оның ғылыми анықтамасын, сипатын, мәртебесін қалай түсінуге болады, шешендік өнердің қазақ топырағында туып қалыптасуы қай дәуірден басталады?» деген мәселелердің бетін айқындап алу қажет.
Шешендік өнер – қазақ халық ауыз әдебиетіндегі шағын дидактикалық жанр.
Сөйлеу тілінде қалыптасқан көркем де әсерлі, мағыналы да мәнді шешендік сөздер этнограф-тарихшылардың зерттеулеріне қарағанда өте ертеде, рулық қоғамдыққұрылыс кезінде пайда болған. Шешендік өнері ерекше дамыған Қытай, Таяу Шығыс, Көне түркі, Грекия, Рим, т.б. елдерде шешендік сөздердің ааторлары (Демосфен, Цицерон, Аристотель, т.б.) белгілі.
Шешендік сөздердің теориясын тұңғыш жасаған Марк Тулий Цицерон біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі 106-43 жылдары өмір сүрген Римнің ұлы философ-заңгері, шешені болған. Оның «Қайырымдылық пен қастандықтың шекарасы», «Тускуландық әңгіме», «Міндет туралы», «Лелий немесе достық туралы» деген еңбектері бар.
Ол өзінің осы еңбектерінде шешендік өнердің қыры мен сырын ақтара қарап, оның теориялық жақтарын да, күнделікті өмірде қолдану аясын да жан-жақты сөз етеді. Цицероннның пікірінше, адам өзінің мінез-құлқымен бойындағы қабілет мүмкіндіктерін үнемі жетілдіруге, өзіне-өзі сын көзімен қарап өзін өзі тәрбиелеуге міндетті. Ол адам бойына ақылдылық, әділдік, ерлік, ұстамдылық қасиеттерді дарыту үшін қажет. Жеке адам бойында болуға тиісті қасиеттер бүкіл қоғамның қажетінен туындауы тиіс. Адам қоғамда тек өзі үшін ғана өмір сүруді мақсат етпей, басқаларға да көмектесу үшін қызмет етуі керек. Ол үшін адам бойында достыққа ұмтылы, басқаларға деген қайырымдылық, оларды да бақытты етуге деген ақ ниет болуға тиіс деп қарайды. Сондықтан да Цицерон құлдарды жақтап, құл иеленушілерден оларға бас бостандығын әперу жолында аянбай еңбек етті.
Шешендік өнердің дамуына ақыл-ой еркіндігі қажет. Қазақта «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп өлім аузында тұрған тұтқынға да ақырғы сөз айтуына мүмкіндік берілген. Мәселен, екі ұрысы ұсталып қалып ашуға булығып отырған Тезек төренің үстіне рұқсатсыз ткіріп келген Сүйінбай ақыннның басын алмақ болып алмас қылышты ала ұмтылған Тезекке Сүйінбайдың табан аузында
Ассалаумағалейкум, Тезек төре,
Елден жылқы қоймаған кезек төре.
Сәлемге келген елді тонап алып,
Елде кісі қалмапты әттеге!

А, тақсыр, жақсы да өтер, жаман да өтер,


Дүниеден жүйрік те өтер, шабан да өтер.
Сәлемге келгендердің басын ала берсең
Ұры төре, саған да кезек жетер...
деп сөзден сүріндіріп, Тезек төрені райынан қайтаруы көзсіз ерлік.
Ақындардың ас пен тойда , билердің жесір дауы, жер дауы, құн дауындағы билікте айтқан шешендік сөздері табан астында тұтқиылда туған халық тілінің қаймағы, шешендік пен тапқырлықтың асыл үлгілері деуге болады. Ол жөнінде академик В. Радлов қазақ тілінің тазалығы мен мәнділігіне таңдана «қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіні соншалық бейне бір өлең екен деп таң қаласың» деп тамсана жазды.
Өнер атаулыдан өзгеше сара қасиеттерімен құбылған шешендік өнер туындысының тілі шиыршық атқан ширақ та мәнерлі, бейнелі де көркем тіл. Көркем тілі көркем ойлаудан туатынын ескерсек, көркем ойлау шын шебер өнерпазға, шынайы шешенге тән шығармашылық қасиет екені белгілі. Сондықтан, санасы сәулелі, ақылы нұрлы, жүрегі таза, ақынжанды адам ғана тағдыр-талайына, таным-түйсігіне тұс келген қым-қиғаш өмір құбылыстарының мән-мағынасын саралап, олар жайлы көркем ой түйе алады. Сол көркем де көрікті ойдың бояуын, сұлу суретін оңдырып алмай, оны көркем тілмен күлтелеп, тыңдаушысына жеткізу – хас шебер шешендік. Шешендік өнердің сөз кестесінің бай ажары мен өрнегі сондай шынайы шеберліктің үлгісі екені аян.
Ерте замандардан-ақ Грекия мен Римнің риторика өнерінде айқын теңеулер мен образдарға, ассоциацияларға жүгіну ойлаудың еркіндігі мен кеңдігінің, жүйелілігінң, аналогиялық ой қорытуға алғырлықтың, сұңғыла сезім-түйсіктің, асқан ділмарлықтың белгісі ретінде танылған. Қазір көркемдік әдіс ретінде қолданылып жүрген бейнелеу құралдарының түрлері ежелгі риторика ілімінің жеке-жеке салалары болған. Шешендік өнерді зерттеуші ғалымдар Н.Н.Кохтев, Г.З.Апресян, Е.В.Клюев, А.И.Ефимов «шешен сөз» деп алуан түрлі бейнелеу құралдарының табиғи келісімінен тұратын сөзді айтады.
Қазіргі кезде шешендік сөз өнерін зерттеу ғылымында элокуция деп аталатын айшықтар теориясы қалыптасып келеді. Яғни, бұл тілдің – қолданылуындағы риторикалық функциясы. Себебі, шешеннің сөз таңдай білу, сөз тіркестерін әдемі әуезге құру, бейнелеу құралдарын шебер қолдану ерекшелігі сөз саралығына стиль даралығына апаратыны даусыз.
Шешендік өнердің қазақ еліне кең қанат жаюының екі түрлі басты себебі болған.Біріншіден- көшпелі халық табиғатқа өте жақын жүрген, табиғаттың сұлулығы халықтың көркемдік көзқарастарының жоғары дәрежеде қылыптасуына әсер еткен.Екіншісі – ол дәуірде заң және қоғамдық ережелердің барлығы ауызша шығарылып, ауызша сақталған.Мәселен, дау-жанжалдар,бітім-келісімдер сөз арқылы шешілген,сөзге тоқтаған Сөз – шындық пен адамның арасын жалғастырушы,байланыстырушы деп білген.Сөз арқылы қазақтар аңдардың тіршілігінен алыстаған, соның нәтижесінде заңдар орнатқөан,көркемөнерді ойлап тапқан.Көркемөнердің ішінде сөз өнері - өнер атаулыдан өте жоғары қойылған.Сөз білетін, жөн білетін адамға елдің ішкі,сыртқы мәселесін шешуге толық право берген.Сондықтан «өнер алды – қызыл тіл» деп санаған.Әрбір сөйлеушінің алдында екі түрлі мақсат болған: а) тыңдаушының сезімін ояту;ә) ой-санасына қозғау салу. Шешендік сөздің негізгі кілті – мазмұнға байланысты. Шешендіктің тағы бір сыры – орындауда.
Қазақтың шешендік өнерін үшке бөлуге болады.

  1. Саяси-әлеуметтік шешендік сөздер.

  2. Шешендік дау сөздері

  3. Тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын шешендік сөздер.

Ал шешендік сөздер жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет