Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К



бет15/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Менайдарова Айана. Реферат

Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір ақылгөй қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралады. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалды. Ол бөлме жабық тұратын.
Бір күні қыз қарияға:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп, бойжетеді. Қария қызына жабық бөлменің алтын кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай жүгіріп келіп, есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені-ұршық, өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:
- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен онан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - деді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұдан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндірді қария.
Мәтін бойынша тапсырмалар
1. Қарияның ойынша дүниедегі жақсылардың жақсысы нелер?
_______________________________________________________________

2. Ұршық пен өрмектің жақсылардың жақсысының қатарына қосылуының себебін қалай түсіндірді?


_______________________________________________________________

3. Кітаптың жақсылардың жақсысының қатарына қосылуының себебін қалай түсіндірді?


___________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Өзіңе осы аталған үш затты (өрмек, ұршық, кітап) дүниедегі жақсылардың жақсысы деп ұсынса қуанар ма едің?


_______________________________________________________________

5. Өзің осы аталған үш затты (өрмек, ұршық, кітап) дүниедегі жақсылардың жақсысы деп ойлайсың ба?


_______________________________________________________________

6. Сен үшін дүниедегі жақсылардың жақсысы нелер және оларды не үшін жақсы деп ойлайсың? _________________________________________________________________[15].


Мәтінмен жұмыс жүргізген кездегі қолданылған әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін байқау үшін ағымдағы (күнделікті) бақылау, ауызша нұсқау мен жазбаша қадағалау жүргіземін.
Оқушыларды өз қателіктерді қайталамас үшін өзін-өзі бақылау қолданамын.
Оқушылармен мәтінмен жұмыс кезіңдегі әртүрлі әдістерді қолданғаннан кейін, қорытынды тексеруді жүргіземін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет