Реферат тақырыбы: Бейіндеуді психологиялық-педагогикалық қолдаудың диагностикалық әдістері мен олардың сипаттамасы



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі24,34 Kb.
#138232
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
реферат Асанова Гулзира (1)


Жұмабек Тәшенев университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Бейіндеуді психологиялық-педагогикалық қолдаудың диагностикалық әдістері мен олардың сипаттамасы

Орындаған: Асанова Гулзира Зоиркызы
Тобы: ПиК-21-16к1
Тексерген: Алшымбаева Сауле Нагашбековна

Шымкент 2023ж


Мазмұны:

Кіріспе


Психологиялық зерттеулердің негізгі əдістері...........................................2
Негізгі бөлім

  1. Бейіндеуді психологиялық-педагогикалық қолдаудың диагностикалық әдістері мен олардың сипаттамасы...........................................................3

  2. Педагогикалық жағдайларда бейіндік оқытудың анықталған мақсаттары...................................................................................................4

Қорытынды............................................................................................................5
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................6

Кіріспе

Жеке адамды зерттеуде Кэттелдің психодиагностикалық əдістемесінің бірнеше түрінің сипаттамасын келтіруге болады. 1. Жеке тұлғаны зерттеуге арналған психодиагностикалық тестер. 2. Түрлі материалдарды, сұрақтар мен тапсырмаларды сөздік сипаттау немесе сұрақ-жауап тəсілі. 3. Вербалды емес əдістер. 4. Суреттер негізінде əңгіме құру. 5. Дифференциалдық-диагностикалық тестер. Психодиагностикалық тестердің мазмұнына қарй төмендегі топтамасын көрсетуге болады: 1. Типологиялық тест – мұнда тестілеуге жеке тұлғаның мінезі, темпераменті, нерв жүйесін диагностикалы жəне зерттелінушінің мақсаты, қызығушылығы, шыдамдылығы зерттеледі. 2. Тестілеу сапасына стандартты жəне стандартты емес тестер, яғни: - жалпы диагностикалық (Кэттелл, Айзенк, Векслер сауалнамалары жəне т.б.); - кəсиби тесттер (Армиялық классификациялық тест); - қасиеттердізерттеу тесттері (техникалық, музыкалық жəне т.б.); - жетістікке жетуді зерттеу тесттері. Сонымен қолданылатын жабдықтарға байланысты тесттер төмендегідей болып бөлінеді: - бланкілік тестер («қарындаш-қағаз») қолдану арқылы; - Вэкслердің қиын фигураларын қолдану; - аппаратты тесттер, олар: ойлау, ес, зейін-танымдық процестерді зерттеу тестері; - компьютерлік тестер. Қолданылу аясына қарай психодиагностикалық зерттеу əдістерін төрт топқа бөлінеді: 1. Ұйымдастырылған əдістер. 2. Эмпирикалық əдістер. 3. Мағлұматтарды өңдеу əдісі. 4. Интерпретациялық əдістер. Психодиагностикалық əдістер бағыттарына сəйкес қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген кейбір авторлардың топтамасын ұсынуға болады:
І. Й. Шванцар бойынша психодиагностикалық əдістердің топтамасы: 1. Қолданылатын мəліметтерге сəйкес (Вербалды, вербалды емес, манипуляциялық тест жəне т.б.). 2. Алынған көрсеткіштердің санына қарай «Дұрыс» жəне əртүрлі жауаптары бар тестер. 3. Зерттелушінің психикалық белсенділігі бойынша: - адамның өз санасының ішкі əлемін зерттеуі (зерттелінушінің өз тəжірибесіне сүйене отырып тұжырым жасауы): сауалнама, əңгімелесу; сыртқы əлемге назар аударуы (бақылау жəне əртүрлі құбылыстарды бағалау); - зерттелуші тұлғаның санадан тыс қасиеттерін көрсететін жобалау тестері.
Негізгі бөлім

Психологиялық-педагогикалық қайнар көздердегі берілген әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде төмендегідей тұлғаның әлеуметтік жетілу сипаттамаларын көрсетуге болады:


-өмірлік құндылықтарының кеңдігі мен тұрақтылығы;
-тұлғаның өз өміріндегі оқиғаларға белсенділігі мен жауапкершілігі;
- қоршаған әлеммен өзіне жоғары рефлексия жасау;
Біздің көзқарасымызша, қазақстандық 12 жылдық мектепте оқушыларды бейіндік оқытуды жүзеге асыратын технология мұғалімі осы көрсеткіштерді басшылыққа алуы тиіс және пәнді оқытуда жастардың тұлғалық өзің-өзі анықтауының негізгі өлшемдерін анықтап беруі тиіс. Сондықтан бейіндік оқытуды педагогикалық қолдау жүйесіндегі жұмыстың негізгі бағыты- жастардың әлеуметтік бейімделулері мен тұлғалық анықталуларын зерттеу, өмірлік қызметтерінің түрлі аспектілеріндегі саналы таңдау жасауда өз бетінше жұмыс жасау мен әлеуметтік жетілуін анықтау болып табылады.
И.В. Дубровинаның пайымдауынша, өзін-өзі анықтауға даяр болуының негізінде оқушылардың бойында қоғамға және басқа адамдарға қатынасы бойынша өз міндеттері мен құқықтары туралы тұрақты сапалы пікірлерін, ойларын, моральды қағидаларды, парызын түсінуді, жауапкершілікті, жеке өмірлік тәжірибесін талдай білуі, шынайы құбылыстарды бақылап , оларға баға бере білуін қалыптастыру жатады. «Дубровина И. В, 2004»
Қазақстандағы орта білім беруді жаңарту туралы айтқанда, бейіндік оқытудың негізгі мақсаттарын естен шығармау керек, соның бірі оқушылардың әлеуметтердірілу мүмкіндіктерін кеңейту қажет, әсіресе, мектеп бітірушілерді кәсіби анықталуларына тиімді даярлау қажет.
Кәсіби қызметке даярлықты оқушылардың негігі құзыреттіліктерін дамыту ретінде қарастыруымызға болады.
Педагогика ғылымының докторы А.В. Хуторскойдың пікірінше, негізгі құзыреттіліктерді меңгеру күнделікті, кәсіптік немесе әлеуметтік өмірдегі әр түрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құзыреттілік құрылымының негізгі құраушылары анықталады:
- интеллектуалды құраушы (білім);
-құндылықтық құраушы (осы білімге көзқарас – қабылдау, қаблдамау және т.б);
-тәжірибелік құраушы ( білімді тәжірибелік жүзеге асыру).
Тәжірибе жүзінде бейіндік оқытуды психологиялық қолдауда және кез келген бейінге оқытуда негізгі мақсат оқушының қарым-қатынас пен қызметтегі өзінің тұлғасын жүзеге асыру мен анықтауға, дамытуға бағыттауда көптеген мәселелерді шешумен байланысты, әсіресе оқушылардың кәсіби бағдары мен бейінді таңдауымен , танымдық қызығушылықтарын дамытумен, мектеп бітірушінің болашақ кәсіптік қызметіндегі табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттілігімен байланысты оқушылардың оқу-танымдық және тәжірибелік қызметтерін жақындастыру үшін жағдайлар жасаудан көрінеді.
Озық тәжірибиелер мен теориялық зерттеулерді талдау бейіндік мектепте оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңартылатын мектепте бейіналды және бейіндік даярлықтардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- оқушылардың қызығушылықтары мен бейімдерін, қабілеттерін анықтау және жоғары мектепте оқыту бейінін таңдауға бағытталған танымдық және кәсіби қызметтердің әр түрлі салаларындағы тәжірибелерін қалыптастыру;
- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты тәжірибелерін жинақтауға психологиялық-педагогикалық көмек беру;
- болашақ қызметте табыстылықты қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді танымдық және кәсіби қызығушылығының кең спектрі арқылы дамыту;
- ары қарай білім алу бағытын таңдауға, мамандық алу жолдары туралы шешім қабылдауға қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл міндеттердің барлығын бейіндік оқытуды психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттарына жатқызуымызға болады.
Қазір қолымызда не бар? С.Н. Устипованың анықтауы бойынша (95 ) оқушының бейіндік оқуды таңдау жағдайларына даярлығын келесі шартты кезеңдерге бөлуге болады:

  • пропедевтикалық (8-сыныпты аяқтап немесе 9-сыныптың басында);

  • оқушылардың білім беру тапсырыстарын анықтау;

  • негізгі (9-сыныпты оқу кезеңі) –бейіндік мектепте талап етілетін білім беру қызметінің түрлерін модельдеу мен түрлі білім беру жағдайларында шешім қабылдауы;

Соңғы (9-сыныпты аяқтағанда)- жоғары мектепте оқыту бейінін таңдау туралы шешім қабылдауға оқушының даярлығын бағалау. Әрбір кезеңде мазмұнына сәйкес түрлер мен әдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет