Реферат тақырыбы: Білім беру мазмұнын деңгейлік саралаудың көрсеткіштері Орындаған: Мәдіханова О. П



Дата07.01.2022
өлшемі26,62 Kb.
#17424
түріРеферат
Байланысты:
ФБО практикалық сабагынан


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

М.О.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі

«Физика» кафедрасы



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Білім беру мазмұнын деңгейлік саралаудың көрсеткіштері


Орындаған: Мәдіханова О.П.

Қабылдаған: Абдуалиева М.А.

Тобы: МЕП-20-2 нк

Шымкент, 2021



Білім беру мазмұнын деңгейлік саралаудың көрсеткіштері
Физикадан беінді оқыту – саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру процесінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастырылуында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, таңдаған бағыттарына сәйкес білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау.

Бейіндік оқытуға көшу мақсаттары – жалпы орта білім берудің жекеленген пәндерін тереңдете оқыту.

Білім беру мазмұны – оқушылардың біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі(кешені).

Яғни, бұл оқыту процесі компоненттерінің бірі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.

Оқушыларды жан–жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындайды. Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы  он  жылдың  ішінде  мектеп  бағдарламаларында  берілетін  білім  көлемін  реттеуге   көп көңіл аударылып келеді.

Жалпы алғанда біздің еліміздегі бағдарлы саралап оқытудың дамуы, негізінен, білім берудің әлемдік тенденциясына сәйкес келеді.Алайда бүгінгі таңда барлық жинақталған тәжірибені ой елегінен өткізу және соның негізінде саралау проблемасын шешудің оңтайлы жолдарын іздестіру қажеттігі туындауда. Саралау проблемасы бойынша зерттеулерде “саралап оқыту” және “саралау тұрғысынан қарау” ұғымдары ерекшеленеді. Біріншісінде, әдетте оқу орнының белгілі бір статусын анықтайтын оқытудың ұйымдастыру-басқару, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық аспектілері қарастырылады. Екіншісінде, оқушылардың қабілеттілігін және бағдар таңдаудағы мүмкіндіктерін, оқытудың барлық кезеңінде әрбір жеке тұлғаны мүмкіндігінше дамытуды анықтау мақсатымен оқушыларға даралау тұрғысынан қарау туралы айтылады.

Америка педагогикасында “даралау” ұғымы оқушылардың дара ерекшеліктерін ескерудің кез келген түрі мен әдістерін ескереді. Сонымен қатар, мысалы Н.Э. Гронлунд даралап оқытуды оқыту принципі ретінде емес, оқыту стратегиясы ретінде қарастырады.

Сонымен білім мазмұнын саралау балалардың денсаулығы мен психикалық дамуы ескеріле отырып, генетикалық және әлеуметтік тұрғыдан анықталатын олардың дамуының біркелкі болмауынан туындайды. Оның негізгі мақсаты әрбір оқуышының мүмкіндігін ескере отырып, олардың қарай даму жолдарын іздестіру болып табылады. Білім мазмұнын саралау оқушылардың интеллектуалдық қабілеттіліктерінің барынша дамуы, әр түрлі іс-әрекет түрлерінде, оқу тапсырмаларының формалары мен қарқынын анықтауда олардың мүмкіндіктері мен өздерін көрсете алулары үшін жағдайлар туғызудың құралы ретінде қарастыралады.

Білім беру мазмұнын саралау проблемасын шешу білім беру ұйымдарының бірлігі мен әртүрлілігі ретіндегі қазіргі кездегі мектептің даму факторларынан туындайды, яғни білім білім мазмұнын саралау бірлік пен әртүрлілілік принциптеріне негізделеді. Оқушылардың қабілеттілігін, бейімділіктерін ескере отырып, оларды әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетке дайындау оқыту мазмұнын саралаудың мақсаты болып табылады.

Е.Голант бойынша білім беру мазмұнын деңгейлік саралаудың көрсеткіштеріне:



  • білім мен білікті игеру деңгейі;

– оқушылардың танымдық, практикалық дербестілік деңгейі;

– пәнге деген қызығушылық жатқызады.

Е.С.Рабунский үлгерім деңгейі, танымдық дербестілік деңгейі, оқуға деген қызығушылық әрекеттілігінің деңгейі сияқты ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. А.А.Бударный оқушының оқуға және еңбек етуге деген қабілеттілігі, сондай-ақ оқуға деген ықыласы, қызығушылығы, эмоционалдық және еріктік сапалары сияқты ерекшеліктеріне басымдық береді.



Деңгейлеп саралап оқыту – жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп саралап оқытудың мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Әр түрлі деңгейде оқитын оқушылардың өз күштеріне деген сенімін жоғалтпас үшін саралап оқыту әдісін қолдану әлдеқайда тиімді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3)Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. В.А. Крутецкий, Н. Богоявленский, Н.А. Менчинская, З.И.Калмыкова сияқты ғалымдар өз  еңбектерінде  бұл  мәселенің   кейбір  аспектілерін  зерттеп, оқу материалын  қабылдауда  оқушылардың  мүмкіндіктерін  талдап, оқушы мүмкіндіктерін ескере отырып оқытуды ұсынған. Нәтижесінде  мұндай оқыту бірыңғай  оқу  үрдісі,  бірыңғай  оқу  мазмұнын  құрып, балалар  дамуының  әр  түрлі  деңгейі,  жеке  мүмкіндіктерінің, қабілеттерінің  және  ынтасының  әртүрлілігі  арасындағы   қайшылықты жоюға көмектескен. Осындай қайшылықтарды  шешудің бірден-бір жолы – әртүрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды беру.  Әртүрлі деңгейлі тапсырмалар   материалды  терең  игерту   кезінде  және  оқушылармен  жұмысты  саралау  мақсатында  қолданылады.  Бұл  жүйе  барлық  оқушыға   тапсырмаларды  дұрыс  орындауға   бағдар  береді,  ал қиын  тапсырмаларды  орындауда қабілеті жоғары оқушылардың өз  қабілеттерін, танымдарын, шығармашылықтарын  арттыруына мүмкіндік береді.

Деңгейлеп-саралап оқытудың міндеттері: ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.

Деңгейлеп-саралап оқытудың негізгі бағыттары:  оқушыларды қабілеті бойынша топтау, кәсібі бағдар бойынша топтау; сынып ішінде саралау. Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың саралануы материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Сонымен бірге оқушының төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп-саралап оқытудың оқушыларға тиімділігі:



  • Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;

  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;

  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы.

Деңгейлеп-саралап оқытудың мұғалімдерге тиімділігі:

  • Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;

  • Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;

  • Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі.

Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы Ж.Қараев "Үш өлшемді оқыту жүйесі" атты құралын жасап, мұғалімдер қауымына ұсынған болатын. Қазіргі күні деңгейлік тапсырмалар жасауда осы құралды басшылыққа алып жүрміз. Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасында осы Ж.Қараевтың деңейлеп- саралап оқыту  әдісі көрініс тауып отыр.

Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:

Бірінші деңгей – «үйренушілік». Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.

Екінші деңгей – «алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей – «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.

Өздігімен мысалдар, тапсырмалар құрастыру және оны өздігінен шешімін табу. Мысалы диаграмма, сызбалар салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.

Төртінші деңгей – «шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Мысалы олимпиадалық тапсырмалар, берілген тақырыптарға өз бетінше реферат, баяндамалар, ғылыми жобалар дайындау.

Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады.Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Оқытушы білімі төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы физика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.



Деңгейлік тапсырсмалардың ауқымы өте кең.

Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысына деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.

Деңгейлеп-саралап оқыту:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушыны ынталандыруға;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Физика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар:

- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

- оқушының жеке қабілеті айқындалады;

- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;

- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өз бағасын біліп отырады (1 - деңгей – «3», 2 - деңгей – «4», 3 – деңгей – «5»);

- даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата - анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады;

- бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды.

Оқушылардың ұжымдық жұмысы жағдайында оларға даралық тұрғыдан қарау қажеттігіне алғашқы ой тастаған Ян Амос Коменский болатын. Ол өзінің “Ұлы дидактикасында” сынып-сабақ жүйесі жағдайында оқу іс-әрекетінің ұжымдық жіне даралық түрлерін үйлестіру қажеттігін көрсеткен болатын. Ол оқушылардың танып-білуге деген қабілеттігін зерттеу, ал бұдан осы қабілеттілітерге сәйкес келетін және оқушылар игеруі тиіс білім негіздеріне оқыту тәсілдерін іздестіру дидактика пәні болып табылады деген болатын.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».

2. Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».

3. Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі №8, 2004 ж.



4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г

.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет