Реферат Тақырыбы: Биомедициналық мәліметтердің графикалық көрсетілімі. Жиілік үлестірімдерін көрсету



бет2/5
Дата01.04.2022
өлшемі292,3 Kb.
#29522
түріРеферат
1   2   3   4   5
Үздіксіз деректер үшін:

  • гистограмма;

  • «жапырақты сабақша» диаграммасы (stem and leafs);

  • «мұртты жәшік» диаграммасы (вox and whiskers plot).

Аралас деректер үшін:

Бағаналы диаграмма


Тік немесе көлденең бағандар қатарынан тұратын диаграмма. Бағандар номинальды немесе реттік деректердің категорияларына сәйкес келеді. Бағанның ұзындығы категорияның жиілігіне пропорционал. Бағандар бір-бірімен жанаспайды, бҧл мәндердің ҥздіксіз емес екендігін көрсетеді.

Мысал: А, В, С немесе Д дәрілерін 100 сұралған адамның арасында қабылдау


Айналма (секторлық) диаграмма


Дөңгелек секторларға бөлінеді, әрбір сектордың ауданы категорияның пайызбен (%) өрнектелген жиіліктеріне немесе үлестеріне пропорционал. Секторлар саны 3 пен 5 арасында болуы мҥмкін. Барлық дөңгелек (360°) деректердің толық жиынын көрсетеді. Графиктің бұл түрін әр шаманың жалпы көлемге қатысты үлесін көрсету керек болған жағдайда қолданған ыңғайлы. Мүмкіндігінше секторлар санының 5-ке дейін болғаны дұрыс, ең үлкен секторды 12- сағ. позицияда орналастырып, дөңгелектің қалған бөліктерін сағат тілімен толтыру керек, ең кіші сектор дөңгелек ең соңғы болуы керек. Бірде-бір сектор жалпы саннан 5%-дан кем құралмауы керек (18° бұрыш).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет