Реферат Тақырыбы: Биомедициналық мәліметтердің графикалық көрсетілімі. Жиілік үлестірімдерін көрсету



бет3/5
Дата01.04.2022
өлшемі292,3 Kb.
#29522
түріРеферат
1   2   3   4   5

Нүктелік график


Нысандардың жеке мәндері бейнеленетін график. Оны бақылау саны 20-дан аз болатын үлкен емес деректер жиыны үшін қолданған орынды. Бір немесе бірнеше категориялар, дискретті айнымалының градациялары х осінде белгіленеді.

Бақыланған мәндердің диапазоны у осінде белгіленеді. Әр бақылаудың сандық мәні нүктемен бейнеленеді. Мәндері бірдей бақылаулар бір көлденең сызықтың бойында көрші орналасады. График деректердің орналасуы мен олардың өзгергіштігін

(құбылмалылығын) көрсетеді.


Гистограмма (Histogram)


Гистограмма – бұл деректердің жиілікті таралуының графиктік түрде кескінделуі. Ол бір-біріне іргелес орналасқан тіктөртбұрыштар түрінде белгіленеді. Әр тіктөртбұрыштың табанының ені топтау жиілігіне, яғни топтау аралығындағы бақылау санына пропорционал. Бір шыңнан тұратын гистограмма біртөбелі, екі шыңнан – екітөбелі (бимодальды), үш немесе одан көп шыңнан – көп төбелі

(полимодальды) деп аталады.





«Жaпырақты сабақша» диаграммасы (Stem аnd leafs) Бұл диаграмма мен кестенің қоспасы және ол деректердің таралуын суреттейді. Диаграмма бойынша деректер жиынының симметриялылығы жөнінде жоруға болады. Деректердің біртектілік дәрежесін сипаттайды. Әдетте тік сабақша тұрғызылады, ол деректердің ретімен келтірілген бірнеше бірінші цифрларынан тұрады. Бұл сабақшадан сыртқа шығып тұрған жапырақтар - барлық деректердің өсу ретімен көлденең орналастырылған соңғы цифрлары.

«Мұртты жәшік» диаграммасы (box and whiskers plot) Бҧл екі параллель қабырғалары деректердің жоғарғы және төменгі квартильдеріне (25-ші және 75-ші процентильдер) сәйкес келетін тік немесе кӛлденең орналасқан тіктөртбұрыш. Жәшіктің ішіне көлденең жҥргізілген сызық медианаға (50-ші процентиль) сәйкес келеді. Жәшік квартильаралық диапазонды қамтиды. Шеткі нүктелер (мұрттар) ең төменгі (min) және ең жоғарғы (max) мәндерді білдіреді. Барлық «шығарылып тасталған» (аномальды ҥлкен немесе кіші мәндер) мұрттардан әрі орналасады және бірыңғай аномальды мәндер кіші қашықтықта, ал төтенше аномальды мәндер үлкен қашықтықта орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет