Реферат тақырыбы: Бүйрек Орындаған: Бахытжан Күлай бк-221 тобы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата26.11.2022
өлшемі433,3 Kb.
#52773
түріРеферат
1   2   3   4   5
Клиникалық көрінісі. Жіті пиелонефритке қарағанда, созылмалы 
пиелонефриттің көрінісі, әсіресе өршуінен тыс кезінде солғын. Науқастың 
көбі дерттің белгілерін аңғармай жүре береді. Мұқият сұрастырудың 
нәтижесінде белдің оқта-текте ауыруы, кейде қызудың субфебрильді 
деңгейге көтерілуі, дизуриялық бұзылыстар анықталады. Сонымен қатар, 
инфекциялық астенияның әдеттегі белгілері болуы мүмкін – 
шаршағыштық, дімкәстік, жұмыс қабілетінің төмендеуі. Кейде науқас 
дәрігердің алдында алғаш рет артериялық гипертензия, анемия, бүйрек 
шамасыздығы дамығанда келеді. Негізінде, созылмалы пиелонефриттің 
көрінісінде басты орын алатын келесі синдромдар: несептік, 
поллакиуриялық, интоксикациялық, ал өзге синдромдар – анемиялық, 
гипертониялық және бүйрек шамасыздығы жүре пайда болады. 


Гломерулонефрит – бүйректің қандағы қалдықтар мен сұйықтықты сүзуге 
жауапты бөлігі зақымданатын ауру.
Гломерулонефрит организмнің иммундық жүйесіндегі бұзылыстарға 
байланысты болуы мүмкін. Көбінесе, оның пайда болу себебі анықтала 
бермейді. Шумақтарының зақымдануы бүйректен несеппен бірге қан мен 
ақуызды жоғалтуға апарады. Бұл жағдай тез дамуы мүмкін, бүйректің 
қызметі бұл кезде бірнеше апта немесе ай бойы жоғалтылады (тез 
ушығатын гломерулонефрит). Ұзақ уақыт бойы өтетін гломерулонефриті 
бар адамдардың төрттен бір бөлігінде қандай да бір бүйрек ауруы 
болмаған. Келесі жағдайлар гломерулонефриттің пайда болу қаупін 
арттыруы мүмкін:
Қан айналым және лимфа жүйесіндегі бұзылыстар Көміртекті 
еріткіштердің әсері Отбасында қатерлі ісік ауруының болу тарихы 
стрептококтық, вирустық, жүрек инфекциялары немесе абсцестер.
Көптеген жағдайлар гломерулонефритті немесе оның пайда болу қаупін 
туындатуға қабілетті, оның ішінде: Амилоидоз антигломерулярлық 
мембраноздық антиденелердің жиналуына байланысты ауру (организмнің 
ауру қоздырғыштарына және генетикалық бөгде заттектер мен 
жасушаларға қарсы телімді қорғаныс факторы) қантамырларының 
аурулары, мысалы, васкулит немесе полиартериит
Фокалды сегментарлық гломерулосклероз
Гудпасчер синдромы (өкпенің альвеоларының және 
бүйректің гломерулярлық аппаратының базальдық мембраналарының 
зақымдануымен өтетін ауру)
Ауырсынуды басатын құралдарды жиі қабылдау, әсіресе, НПВП 
(стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды )
Шенлейн – Генох Пурпура бөрітпесі IgA – нефропатия Люпус – нефрит
Мембраналық пролиферативтік гломерулонефрит 


Жедел бүйрек жетіспеушілігі – бұл белгілі бір аурулар, уланулар және т.б. 
нәтижесінде кенеттен дамитын жағдай. ЖБЖ- бүйрек қан ағымының кенет 
бұзылысы, сонымен қатар бүйректің организмнен сұйықтықты және 
организмге қажетсіз заттарды шығару қабілетінің күрт төмендеуі. ЖБЖ 
кез-келген жаста кездеседі ( бірақ жиі 20-40 аралығында), көбінесе бұл 
қайтымды жағдай. 
• 
Преренальді (гемодинамика бұзылыстарында және қан 
айналым өзгерістерінің азаюы) 40-60 % жағдайда кездеседі. 
• 
Ренальді (бүйрек паренхимасының ишемиялық зақымдануы, 
сирек жедел бүйрек қабынуы және қан тамыр 
патологиясында) 75% жағдайда кездеседі. 
• 
Постренальді ( зәр жолдарының кез келген экстраренальді 
бөлімдерінің обструкциясы нәтижесінде болады және 
ануриямен жүреді) 
Этиологиясы 
1 Жедел нейроциркуляторлы нефропатия 
• 
травмалық шок 
• 
электротравма 
• 
операциялық травма 
• 
қан жоғалту 
• 
сәйкес емес қан құю 
2 Жедел токсикалық – нефропатия, уланумен шақырылатын заттар 


• 
ауыр металдар 
• 
ауыр қышқылдар 
3 Жедел инфекциялық нефропатия 
• 
геморрагиялық қызба 
• 
бүйректік синдром 
4.Жедел қан – тамыр нефропатиясы 
5.Бүйрек трансплантациясындағы ұзақ ишемия 
6.Зәр жолдарының обструкциясы 
Пайдаланылған әдебиеттер: интернет желісі 
https://kazmedic.org/archives/6169
 
https://ppt-online.org/151661
 
https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/glomerulonefrit
 
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B8%D0%B5%D0%BB%D0%
BE%D0%BD%D0%B5%D1%84%D1%80%D0%B8%D1%82
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет