ауыздылар, парапинеалды бөртпелер (эпителиалды нервті құрылыс) және жұнсыз маңдай симпатикалық нервтер арқылы сәуле тітіркенгіштігі эпифизге келеді. Эпифиз қабырғасы эпиндимдерінің бөртуінен қосымша субкомиссуралды ағза құралады (эпифиз құрамында болады). Эпифиз құрылысы Эпифиздің сыртқы жағын дәнекер тоқымалы капсула қоршаған, олардан без паренхимасына дәнекер тоқымалы тосқауылдар өтеді (құрамында қан тамырлары бар). Эпифизде 2 түрлі хұжайлар; пинелоциттер (паренхималы) және глиал хұжайлар бар. Эпифиз иннервациясы Мойын ганглийінен бастаушы эпифиздің паренхимасына (пинеалоциттер өндірілуші) келуші симпатикалық нерв талшықтарына импулстары эпивиздегі сиротониннің мелотонинге өзгеруін күшейтеді. Жастық ерекшеліктері Жас шамасы өзгеруіне қарай мысалы, адамда 5-6 жаста эпифиз жақсы қалыптасады, оның қызметі жас ұлғаюына қарай (ерлерде 60 жас, әйелдерде 60-65 жас) инвалюцияға ұшырайды, яғни: стромасы ұлғаяды, фосфатты және карбонатты тұздар көбейеді, олар қатпар-қатпар түйіршік түрінде болады ми құмы (топырақ) түйіршігі деп аталады.
Қалқанша бездің дамуы Адам эмбрионында 3-4-ші аптада түтікшелі кезеңде жабралы қалтаның 1-ші және 2-ші жұбы аралығында өңеш қабырғасының бөртуінен қалқанды без бастамасы құралады. Бұл бастама (бөртпе-бүршік) эпителиалдық тұтам күйінде өңеш ішегін бойлай өседі (ұлғаяды), жабралық қаттаның III-IV-жұбында эпителиалды тұтам ұлғайып қалқанды бездің оң және сол бөліктерінің қалыптасуына бастама болады. Алғашқы эпителиалды тұтам шығарушы түтікке сәйкес келуші құрылым