Реферат Тақырыбы: Диффузды эндокринді жүйе


түрлі жасушалар бар. Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата10.03.2023
өлшемі209,14 Kb.
#73244
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бақытбекқызы Дана 139Ом

түрлі жасушалар бар. Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%.
Аралшық тіндерінің салмағы аз болғанымен организмнің тірлігіне
өте қажетті. Оның гипоқызметі қантты диабет ауруын тудырады.
"Диабет" деген сөз грекше "тесіп өтемін" деген мағынада. Осы сөз
бұл аурудың дәл негізін көрсетеді. Шынында, қант жасушалық
тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады 


Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың
салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады.
Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып
жатыр. 
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі
жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы да ерекше. 
Бүйрекүсті бездері 
Жыныс бездері 
Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone - пайда болу, aden - без) аралас
сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі -
жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және шығару. Еркек
организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі
аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс
бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе репродуктивтік
қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады.
Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап,
ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін
жыныс гормондарын шығарады 
Қорытынды 
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы
ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл
бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек
жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және
қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне
орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл
атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы
гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм
қызметінің реттелуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет