Реферат тақырыбы: Егіншілікте цифрлық технологияларды қолдану


Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру



бет2/5
Дата01.04.2023
өлшемі241,34 Kb.
#78202
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ақниет Цифравизация

1.Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру
Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу әдісі экономикалық тұрғыда тиімді екендігін көрсетті. Өсімдік шаруашылығында өнімділік орташа есеппен 10% -ға артады, ал қаражатты үнемдеу-5-10% мөлшерінде болады. Мал шаруашылығында қаражаттың орташа үнемделуі 15-20% - ды құрайды, өлім-жітім төмендеп, мал басы 15 және 10% - ға өседі. Қазақстанда қазіргі заманғы смарт-жүйелерді пайдаланудың оң әсері байқалуда. Нақты егіншілікте жаңа технологияларды қолдана отырып, пилоттық жобаларда агрономия саласында 20% - ға дейін көбірек өнім алды, бұл ретте фермердің шығындары 15% - дан астамға қысқарды.Қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану сүт сауудың 20% - дан астамға артуына да әсер етті, бұзау шығымы 25% - ға қысқарады.Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша, АӨК-ті толықтай цифрландыру арқылы бес жыл ішінде жалпы өнім мөлшерін 20% – ға, еңбек өнімділігін 50% - ға арттыруға қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, қазақстандық фермерлер және ішкі және сыртқы сауда қатысушылары мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ электрондық құжаттарды алуға мүмкіндігі бар.
Жалпы, АШМ мәліметінше, өсімдік шаруашылығында барлық 11 рұқсат құжат цифрландырылған. Мал шаруашылығы саласында 12 рұқсат беру құжатының 10-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу және микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссияның жұмысы 100% - ға автоматтандырылды.Сондай-ақ, барлық 16 бағыт бойынша 100 пайыз субсидия беру жұмысы автоматтандырылған, оның ішінде 7 - өсімдік шаруашылығында, 4 -мал шаруашылығы бағытында және 5 - қаржы саласында.Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, ол Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру жөніндегі мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Бүгінде әлем елдерінің өмірінде цифрлық технологияның дамуы шешуші рөл атқарады. Ол экономиканың барлық саласын қамтыған, онсыз ілгерілеу жоқ. Өркениет көшбасындағы мемлекеттердің барлығы дерлік сандық жүйеге ертелікеш көшіп алған. Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде бұл бағытта біршама табысқа қол жеткізді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы сарапшыларының мәліметінше, 2050 жылға қарай халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық өнімі қазіргіден әлдеқайда өседі. Демек күллі әлемнің ауыл шаруашылық компаниялары алдында қоршаған ортаны сақтай отырып, мол өнім алу міндеті тұр. Мұның бір жолы - цифрлық технологияны оңтайлы пайдалану. Ауыл шаруашылығына цифрлық түрлендірулер енгізу әлем елдерінде әлдеқашан басталып кетті. Қазақстан бұл тұрғыдан қалыс қалып отырған жоқ.
Осы сала бойынша сымсыз технологиялар, малды радиожиілік арқылы сәйкестендіру, үдерістерді және іс-қағаздарды автоматтандыру, ғаламтор қосымшалары, геоақпараттық жүйелер мен GPS пайдалану секілді жұмыстар қолға алынуда. Бұл цифрлық түрлендірулерді қарапайым шаруалар қолданбағанмен, ірі компаниялар сәтті жүзеге асырып келеді. Еліміздегі ендігі мақсаттың бірі – осы түрлендірулерді қарапайым шаруа маманы да қолдана алатындай межеге жеткізу.
Еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалауды автоматтандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған, бұл агроөнеркәсіптік өнімдердің бүкіл өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді.Қазақстанда ауыл шаруашылығы бағытын цифрландыруды іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспарланып отырғанын атап өту керек.Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде цифрлық технологияның үлесі көп емес. Егер үлесі артса, егіннің өсімі мен ауыл шаруашылығын жүргізуде шығындарды қысқартуға оң әсерін тигізері сөзсіз.Әлемнің дамыған елдерінің (АҚШ, Канада, Аустралия, т.б) ауыл шаруашылығында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл - ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымдық моделін өзгертетінін, өнеркәсіптік парктердің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасының дамуын ынталандыратынын, ауыл шаруашылығында цифрлық техникалық жетістіктерді көрсетуді және таратуды жылдамдататынын, олардың ерекшеліктеріне байланысты ауылдық аймақтардың экономикалық өсуіне ықпал ететінін айқын көрсетіп отыр.Еліміздің ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды кеңінен қолдану ЖІӨ өсіміне, ауыл шаруашылығы салалары үлесінің өсуіне көмектеседі, саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарық экспортына әлеуетін танытады.
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы айрықша атап өткен болатын. Осы­ған байланысты 2017 жылғы 12 желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасау барысында көптеген дамыған елдердің озық тәжірибесі сараланды.Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D принтинг, онлайн сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолда­нылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деп нақты бағдар берген еді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарлама­сында жүзеге асырылуы тиіс 4 бағыт тасқа таңба қылып басылғандай айқын көр­сетілген. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлық технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT мамандарды даярлау.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту, егін шаруашылығының жай-күйі туралы объективті деректер алу үшін цифрландырудың мүмкіндіктерін пайдаланудың артықшылығы зор. Сондай-ақ мал шаруашылығында адами фактор ықпалын толықтай жоя отырып, жануарларды есепке алу мен ветеринарлық құжат­таманы жүргізудің бүкіл жүйесін цифрлық форматқа көшіру аса маңызды.Кейінгі жылдары жайылым жерлерге цифрлық мониторинг жүргізу енгізілгені белгілі. Қазір ғарыштық мониторинг енгізу де қолға алынған.Одан бөлек, 2019 жылдың қорытын­дысы бойынша 49 фермерлік шаруа­шылыққа цифрлық технология енгізілген. Олардың егіншілік бағыттағысы – 28, сүтті және етті мал өсіру бағытындағысы – 21. 2020 жылы пандемия салдарынан ауыл шаруашылығына цифрландыру элементтерін енгізу оңайға соқпаған. Әйтсе де, цифрландыру элементтерін ауылшаруа­шылық саласына енгізу ел экономикасына тиімділігін дәлелдеді.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің дерегінше, Қазақстан халқының 97 пайызы интернетке қол жеткізген. Цифрлық сауат­тылық деңгейі 82,1 пайызға тең. Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтің үлесі 83 пайызға жеткен. Қазір «Цифрлық құжаттар» сервисін 5,3 млн қазақстандық пайдаланады.Цифрландыру үрдісі ел экономикасының қай-қай саласына да біртіндеп еніп келе жатқанын айта кеткен орынды.
Цифрландыру және дәл егіншілік технологиясы туралы сөз болғанда, көпшілігі оларды экономиканың аграрлық секторындағы бүгінгі күні қордаланған мәселелерден құтқаратын жол деп есептейді. Өкінішке орай, бұл түсінік дұрыс емес.Өйткені цифрландыру және дәл егіншілік технологиясы өндірісті басқарудың тиімділігін арттырудың, өндірістік қызметтен ең жоғары пайда алу мақсатында қолда бар материалдық техникалық, қаржылық, шикізаттық және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың құралы ғана болып табылады.
Шын мәнінде, аталған жаңа технология өз жемісін өндірісті жүргізудің қазіргі кездегі белгілі әдістемелерін толығымен меңгерген шаруашылықтарда ғана әрбір алқаптың топырақтық, агрохимиялық және фитосанитарлық әртектілігін жою арқылы бере алады. Сонымен қатар осы технологияны енгізудің ең негізгі шартының бірі ол шаруашылықтардың қажетті техника мен технологиялық құралдардың соңғы заманауи түрлерімен жабдықталуы екенін естен шығармау керек.

Себебі ескі техникамен бұл істі жүзеге асыру мүмкін емес.Басқаша айтқанда, біздің ғалымдарымыз меңгерген бұл технология – ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен өндірістің тиімділігін бірнеше есеге арттырып, сол арқылы өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапаның ең жоғары шегіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Бұл аталған технологияның шаруашылықтарда қолданылуы олардың технологиялық даму деңгейіне байланысты кезең кезеңмен ғана жүзеге асырылады деген сөз. Сондықтан да Ауыл шаруашылығы министрлігінің оны енгізуді базалық шаруашылықтардан бастап, кейіннен олардың тәжірибесін өндіріске жаппай тарату жөніндегі шешімі орынды екені сөзсіз.


Айта кету керек, осы уақыт аралығында аталмыш мәселелерді шешу бағытында университет өз тарапынан біршама жұмыстар атқарды. Ең алдымен, университет ғалымдары цифрлы үлгіде кеңістікті деректердің аграрлық инфрақұрылымын құру әдістемесін (АгроИКД) игеруге қол жеткізді.
Бұл мәліметтер базасын негізінен 2 топқа бөлуге болады.
Біріншісі – мемлекеттік органдарға арнал­ған мәліметтер базасы. Оларға ол өздерінің бақылау қызметтерін жүзеге асыру, АӨК-тің заңнамалық және нормативтік базасын жетілдіру мен әкімшілік сипаттағы қажетті шешімдерді қабылдау үшін қажет. Нақтырақ айтқанда, олар осы мәліметтерді ғарыштан алынған суреттермен салыстыра отырып, әрбір шаруашылықтың егістік жерлерді пайдалануының жер заңнамасының талаптарына сәйкестігін толғымен бақылау мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі жерді пайдалану процестеріне мемлекет тарапынан қатаң бақылау орнатылады. Оқырмандардың есінде болса, дәл осы мәселе 2016­ жылдың жазында мемлекеттік жер комиссиясының жұмысы барысында қызу талқыға түскен еді. Енді ол өз шешімін тапты деп толығымен айтуға болады.Сондай-ақ ғарыштық сурет арқылы орман алқаптарын жалға алушылардың ормандарды кесу мен қалпына келтіру жөніндегі өз міндеттемелерін уақтылы орындауын, орман ресурстарын пай­далану мен олардың жайкүйін бақылауды жүзеге асыруға болады.
Сонымен қатар көктемгі еріген қар суының деңгейін болжау арқылы су басу қаупі бар аймақтарды, сондай-ақ ол суларды суаруға пайдалану мақсатында бөгеттер, тоғандар мен су қоймаларын салу аймақтарын анықтау мүмкіндігі пайда болады. Яғни бұл мемлекет басшысының тәуекелді егін шаруашылығы жағдайында еріген қар суларының баға жетпес суару көзі және де оларды тиімді пайдалану жөніндегі ойын жүзеге асыруға тікелей жол ашылады деген сөз.
Екінші – ол агроөнеркәсіптік кешендер субъектілеріне дәл егіншілік технологияларын енгізуге арналған мәліметтер базасы. Мұнда егіс алқаптарының жағдайы мен олардың топырақтық, агрохимиялық және фитосанитарлық сипаттамалары жайлы ақпараттар жинақталып, әрдайым жаңартылып отырады.
Қазіргі таңда біз жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге практикалық көмек беру үшін, университетіміздің агрономиялық және жерге орналастыру факультеттерінің жоғары курс студенттерін жіберіп, Ақмола облысы жер пайдаланушыларының егіс алқаптарын цифрландыру, олардың электронды карталарын жасау және егіс айналымдарын цифрлы үлгіге ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Осы жұмыстар барысында жерді пайдаланудың қазіргі жайкүйіне қатысты көптеген қордаланған мәселелердің анықталғанын да айта кету керек. Атап айтқанда, жерді жасырын қосарлы жалға беру, жерге қатысты құқықты белгілейтін құжаттардың дұрыс ресімделмеуі, әсіресе ұсақ шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарда егіс айналымдарының мүлде болмауы, жерді нысаналы мақсатын өзгертпестен пайдалану және тағы басқа фактілердің орын алғандығы айқындалуда.
Облыстарға барған іссапар барысында біз жергілікті атқарушы орган басшыларының әр жерді пайдаланушымен ғылыми негізделген егіс айналымын дайындау және енгізу арқылы аймақтық мамандандыруды есепке ала отырып, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру саясатын жүзеге асыру үшін, егіс алқаптарын цифрландыру және олардың электронды карталарын құрастыру үдерісін толығымен қолданбайтындығына көз жеткізіп қайттық.Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан егіс алқаптарының электронды карталарын құрастыру жұмысын ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау міндеті белгіленгені көпшілікке мәлім. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар осы сәтті пайдаланып, аталған маңызды мәселелерді шешуді қолға алғандары жөн. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі тапсырмасына сәйкес, дәл егін шаруашылығы технологияларын қанатқақты режімде енгізу үшін Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерімен бірлесе отырып, 9 негізгі шаруашылық таңдалып алынды. Осы күндері университет ғалымдары тарапынан аталған шаруашылықтардың техникалық парктерінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, оларды қажетті жабдықтармен және қосымша опциялармен жете жабдықтауға ұсынымдар берілуде. Көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін университетте осы шаруашылықтардың мамандары білімдерін жетілдіреді.
Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың агрохимиялық қызметінің күшімен және университет ғалымдарының ғылыми жетекшілік жасауы барысында негізгі шаруашылықтардың егіс алқаптарынан топырақ сынамалары іріктелініп алынып, талданады және олардың агрохимиялық картограммасы жасалынатын болады. Сонымен қатар университет ғалымдарының көмегімен осы егіс алқаптарының фитосанитарлық карталары жасалып, минералды тыңайтқыштарды саралап сіңірудің электронды картасы құрастырылады. Осылайша, біз негізгі шаруашылықтарда дәл егіншілік технологияларын енгізуге қажетті барлық мәліметтер базасын жасап шықпақпыз. Алайда осы атқарылып жатқан жұмыстар АӨК-ті цифрландыру бағытындағы кешенді істердің бір бөлігі ғана.

Оларды толығымен орындау құзырлы мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Біріншісі – ол мемлекеттік деңгейде кеңістіктік деректердің ұлттық инфра құрылымын құру және жоғарыда көрсетілген АгроИКД-ның құрамына бүгінгі АӨК-тің барлық салаларындағы бытыраңқы мәліметтер базаларын бір жүйеге келтіру. Ол үшін министрлік пен Үкімет тарапынан қажетті ұйымдастыру, заңнамалық негіздерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс.Екіншісі – ол ауылдық елді мекендердің көбінде ұялы байланыс пен ғаламтор жүйесі тұрақты түрде жұмыс істемейді. Ал ұялы байланыс пен ғаламторсыз дәл егін шаруашылығы технологияларын енгізу мүмкін емес. Себебі қолданылатын техника мен технологиялық жабдықтар жерсеріктік навигация арқылы ғана жұмыс істей алады.Үшіншісі – ол өндірісті ауа райының нақты болжамымен қамтамасыз ету мәселесі. Ауа райының нақты болжамынсыз, әсіресе бір айлық болжам мәліметтерінсіз, дәл егіншілік технологияларынан ауқымды нәтиже күту мүмкін емес екенін есте ұстау қажет. Біздің «Қазгидромет» қызметінің қазіргі таңдағы мүмкіндіктері тек 60% ғана ықтималдықпен болжам жасай алады. Ал дамыған елдерде, мәселен, АҚШ, ЕО елдерінде, Қытайда метеоқызметтер 80% дәлдікпен ауа райын, ең бастысы, жауын-шашын мөлшерін болжап бере алады. Олар бұл жетістікке елдің ауқымды аумағын жергілікті метеостансалар желісімен қамту нәтижесінде қол жеткізген. Жекелеп алғанда, мысалы, Қытайда жергілікті метеостансалар елдің барлық аумағында әр 10 шақырым сайын орнатылған. Бізге де осындай гидрометқызмет жүйесін қалыптастыру қажет. Егер біз көктемгі және жазғы маусымдардағы жауын-шашындарды тиімді пайдалана білсек, республикадағы дәнді дақылдардың өнімділігін бірнеше есеге өсіруге болады.


Әлемдік экономиканың жаһандану үдерісінің белең алуы мен соның нәтижесінде әлемдік және ішкі азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің артуы бүгінгі күні бізден агроөнеркәсіптік кешендердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған пәрменді іс-шараларды жүзеге асыруымызды талап етеді. Және осы жағдайда біз цифрлы технологиялар негізіндегі салалардың дамуына ден қойып, сол арқылы өндіріске жасанды интеллектіні енгізуге арналған негіз жасауымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет