Реферат тақырыбы: Егіншілікте цифрлық технологияларды қолдану



бет5/5
Дата01.04.2023
өлшемі241,34 Kb.
#78202
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қорытынды
Қорытындылай келе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту, егін шаруашылығының жай-күйі туралы объективті деректер алу үшін цифрландырудың мүмкіндіктерін пайдаланудың артықшылығы зор. Сондай-ақ мал шаруашылығында адами фактор ықпалын толықтай жоя отырып, жануарларды есепке алу мен ветеринарлық құжат­таманы жүргізудің бүкіл жүйесін цифрлық форматқа көшіру аса маңызды.Цифрландыру және дәл егіншілік технологиясы туралы сөз болғанда, көпшілігі оларды экономиканың аграрлық секторындағы бүгінгі күні қордаланған мәселелерден құтқаратын жол деп есептейді. Өкінішке орай, бұл түсінік дұрыс емес.Өйткені цифрландыру және дәл егіншілік технологиясы өндірісті басқарудың тиімділігін арттырудың, өндірістік қызметтен ең жоғары пайда алу мақсатында қолда бар материалдық техникалық, қаржылық, шикізаттық және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың құралы ғана болып табылады.Ауыл шаруашылығы күрделі кешен. Ол жеке, бірақ өзара тәуелді процестер кешені болып табылады. Ауыл шаруашылығы жұмыстары жақсы өнімді қамтамасыз ету үшін тиімді кезеңдерде ұйымдастырылуы тиіс. Экономиканың барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығын цифрландыру ел дамуының негізгі бағыты. Ақпараттық технологиялар ғарыш индустриясынан бастап денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығына дейінгі түрлі салалардағы кәсіпорындардың бизнес процесіне әсерін тигізуде. Еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортының көлемін арттыру үшін АӨК цифрландырудың тиімді және қолжетімді құралдарын енгізу қажет. Ауыл шаруашылығын цифрландыру технологияларын енгізу,ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бизнес процестерін автоматтандыру аграрлық бизнестің әсерін едәуір арттырады және ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының процесін өзгертеді. Осы ретте, облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында бірнеше жоба іске асырылып, жұмысын жалғастыруда

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Тайжанов Ж.А. Цифрлық мемлекеттік басқаруда жобалық әдіс // .-Халықаралық ғылыми талдау журналы.-2018.-№2.-С.10
2. Динара Б. Ауылшаруашыльтын цифрландыру - заман талабы Егемен казакстан Республикалык журналы. - 2018. - No 7. - C.7
3. Казакстан Республикасы ауыл шаруашылыны министрліні ресми интернет-ресурсы // [Электронды ресурс] URL: https://moa.gov.kz/,2019.
4. «Цифрлы Казакстан» багдарламасы. 2017 жылгы 12 желтоксан //[Электронды ресурс] URL: https://primeminister.kz, - 2017.
5. Кешелава А.В. Введение в «Цифровую» экономику/ Учебное пособие. - М.: - ВНИИГеосистем, 2017.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет