Реферат тақырыбы: Әлеуметтік жұмыс технологияларының ерекшелігі Орындаған



бет2/7
Дата01.10.2023
өлшемі155,96 Kb.
#112190
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат әлеуметттік (2)

2. Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтік жұмыс технологиясының ерекшеліктері
Әлеуметтік жұмыс технологиясы – жалпылама әлеуметтік технологияның ішіндегі бір бөлігі. Ол, көбінесе әлеуметтік бағытта қызмет көрсетумен қатар, еліміздегі қиыншылыққа тап болған азаматтарға көмек қолын созу болып табылады.
Әлеуметтік технологияның әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын түрлері біршама. Олар, Әлеуметтік

  1. Диагностика;

  2. Профилактика;

  3. Реабилитация;

  4. Коррекция;

  5. Терапия.

Бұл технологияның түрлерін ерекшеліктері деп қосып, қарастыруға болады. Өйткені, әртүрлі технологиялық жүйелерді біз адамға қолданамыз. Қиын жағдайға ұшыраған әлсіз топ мүшелерінің мәселелерін тек қана ауызша қолдап, түсіндіріп қана шешу мүмкін емес. Бұл жерде ең алдымен әлеуметтік қызметкер ретінде клиенттің мәселесіне өзіңше сараптама жасай отырып, жоспар құрасын. Жоспар құрылғаннан кейін ғана нақты қозғалыс бағытынды анықтайсын. Яғни, ол адамға психолог керек немесе дәрігердің қарауына мұқтаж болуы әбден мүмкін. Мәселе ары қарай шиеленісіп, ушығып кеткен жағдайда заңды органдарға, қызметкерлерге жүгіну арқылы, сот үкімінің шешімімен шешілетін жағдайлар өте көп.
Әрбір маман қаншама жанның өмірлік мәселелерін шешуде маңызды бір рөлді атқарады, Осы болып жатқан ауқымды мәселелердің арасынан әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі компоненттері ретінде субьект пен обьект арасындағы байланысты байқаймыз. Әлеуметтік жұмыстың технологиялық міндеті - әлеуметтік қызметтердің көмегіне жүгіну арқылы әлеуметтік проблеманы анықтау, қажетті әлеуметтік көмек көрсету. Көмек көрсету жағдайында мәселені шешу үшін, оған әсер етіп тұрған объектіні, оның жеке жағдайына, өмірлік белсенділік көрсетуі мен мінез - құлқына әсер ететін басты факторларды анықтау керек. Ал, анықталу барысында әртүрлі теориялық, практикалық тәжірибемен бетпе-бет келген кезде әдет – ғұрыптар мен салт - дәстүрлер, әлеуметтік - психологиялық фактілермен және құбылыстармен тығыз байланыста болғаның көресіз. Осылайша, мәселенің түбі неден, қандай оқиғадан туындағанына, ол шиеленісе түсу барысынан кейінгі соңы қайда алып келгеніне көз анық жете түседі. Ақыр соңында технологияның біршама байланыстарының көмегінің тиюі арқылы мәселе шешіле түседі. Әр мәселе қиын жағдайға ұшыраған әлеуметтік топтың әлжуас адамдарын сындырары сөзсіз. Бірақ, оны шешу әлеуметтік қызметкердің қолында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет