Реферат тақырыбы: Әлеуметтік жұмыс технологияларының ерекшелігі Орындаған


Әлеуметтік жұмыс технологияларының адам өміріне тигізетін септігі және кері әсерлері



бет5/7
Дата01.10.2023
өлшемі155,96 Kb.
#112190
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат әлеуметттік (2)

2.1.3. Әлеуметтік жұмыс технологияларының адам өміріне тигізетін септігі және кері әсерлері
Әлеуметтік жұмыс технологиялары әлеуметтік жұмыс жағдайы қоғамда түрлі әлеуметтік жағдайлар туындаған кезде жүзеге асады адамның мүмкіндіктері толық іске аспайды, шешілмеген қарама-қайшылықтардың болуына байланысты қызмет етуде қиындықтарды бастан кешіреді. Адам өзінің әлеуметтік жағдайының немесе денсаулық жағдайының өзгеруіне байланысты қоғамда толық өмір сүре алмай қалуы да мүмкін. Яғни, мұндай қақтығыс шиеленіс пен жайсыздыққа әкелетін, қанағаттандырылмаған қажеттіліктерден туындайды. Әлеуметтік жұмыстың технологиясында тек осы технологиялық әдістер деген ұғым жоқ жалпы ғылымдармен, яғни социологиялық, психологиялық, педагогикалық, басқарушылық, медико-әлеуметтік ғылымдарының әдістерін қолданады. Олардың бақылануы диагностикалық талдауды, мақсат қоюды және жоспарлауды оны іске асыруға, яғни, адаммен жұмыс істеу әдістері мен құралдарын өзгерту мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, әлеуметтік көмекті қажет ететін адамнан біз интервью, анкета арқылы қарым-қатынас жасай аламыз және бақылау, тестілеу, психодиогностика, психотерапия бұл әдістер психологиялық технология әдісі болып табылады. Тіпті, зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсеу, үйге азық-түлікті әкелуді қамтамасыз ету, әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру, яғни, үйді жөндеу, су мен жылумен қамтамасыз ету, отынмен қамсыздандыру, құжаттарды толтыруға көмектесу, яғни, пәтер үймен алмастыру кезінде. Әлеуметтік жұмысты атқару кезінде әлеуметтік педагогикалық, әлеуметтік медициналық және басқа да технологияларды қолдану. Психоәлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық және әскери-әлеуметтік жұмыс технологиялары. Бұл алкоголизм мен нашақорлықтан зардап шегетін адамдардың, белгілі бір тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдардың, психикалық денсаулығының ауытқулары бар адамдардың, жұмыссыздардың, мүгедектермен, отбасылармен, қарттармен және т. б. жұмыс істеу кезінде проблемаларды шешу үшінде қолданылады. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл адамдармен жұмыс істеу дағдысы. Өмірлік қиындықтан шығудың жолын іздейтін субъектінің белсенділігі ол көптеген факторларға тікелей байланысты болуы мүмкін. Мысалы, адамның жағдайды еңсеру жолы бұл субъектінің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және статустық жағдайы, адамның сенімін оятатын және оған назар, кәсіби қызмет, көмек көрсете алатын әлеуметтік қызметтер мен мекемелердің кең жүйесінің болуы, қоғамда бар және әлеуметтік институттар мен қызметтердің қызметін құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық механизмнің болуы. Әлеуметтік жұмыс технологиялары күрделі және көп қырлы құбылыс. Олар, көптеген тәсілдер тұрғысынан талданады. Мамандар адаммен жұмыс істеу туралы біліммен қарулануы керек және олардың ішкі қажеттілігі адамның өзін әлеуметтік тұрғыдан бекітуге, оның мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесуге бағытталуы керек. Егер аталған қажеттіліктер маман бойында болса, мақсатқа жету ықтималдығы арта түседі. Әлеуметтік жұмыс технологиясының тиімділігінің маңызды алғы шарттарының бірі білімнің кез-келген саласының қалыптасқан жүйесіне жақсы теориялық негіздің, ғылыми негіздеменің болуы. Адаммен өзара әрекеттесудің нақты процесін көптеген факторлар анықтайды. Олардың біріншісі - қоғамда жұмыс істеу процесінде қиындықтар туындаған жағыдайда немесе қоғам үшін әлеуметтік қауіпті адамның болуы әлеуметтік жұмыс процесінде онымен өзара әрекеттесу түрін анықтайды, бұл өз кезегінде оның мәселелерін шешудің әртүрлі тәсілдерін тудырады. Бұл белгілі бір адамның нақты мәселесін шешу үшін әлеуметтік жұмыс технологиясын жасау керек дегенді білдіреді. Осыған байланысты көптеген технологиялар бар. Олар ғылымды қажет ететіндіктен, олардың әрқайсысының дамуы үлкен көлемде ақпаратты, арнайы іріктеуді және ғылыми жетістіктердің нәтижелеріне жүгінуді қажет етеді. Жоғарыда айтылғандай, олар сынақ бола алмайды, бірақ іс жүзінде бұған жол бермеу қиын. Адамның денсаулығы мен қадір-қасиетіне зиян келтіруі мүмкін қателіктерді азайту үшін кез-келген әлеуметтік мәселелерді теория деңгейінде шешуді байыпты зерттеу үшін көбінесе қоғамда қажетті қаражат жетіспейді. Бұл аймақ немесе ел деңгейінде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жиі қабылданатын құқықтық және басқарушылық шешімдердің жеткілікті терең теориялық немесе әдіснамалық негіздемесі жоқ екендігіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет