Реферат Тақырыбы: «Ересек жаста өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту»


Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту



бет2/2
Дата28.02.2023
өлшемі51,34 Kb.
#70465
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Реферат Та ырыбы «Мемлекеттік бас аруды заманауи дістерін тал

Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.
Өзін - өзі тану дегеніміз не?
Өзін-өзі тану - бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-қүлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.
Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:
1)өзін-өзі тану - жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
2)өзін-өзі тану - ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
3)өзін-өзі тану - жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.
Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым- қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Жеткіншек жастағы маңызды психологиялық процесс - бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.
Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше багытта өтеді:
Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы - жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға үқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.
Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін—өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір СҮРУ стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі қүрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсатгарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.
Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды- психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.
“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.
“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сүрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып жеткіншектер :
1)өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.
2)өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы - бақыт, махаббат, саясат жэне т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, қүмарлығы, әр түрлі мүраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дүрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Erep бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де,жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.
Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г. Ананьев, Л.И. Божови, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин И.И. Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сүрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған.
А. Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағыттталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сүрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады.
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы жэне құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, эр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі жэне өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Қорытындылай келе, эрбір адамның тұлғалық кэсіби қалыптасуы - түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тэрбие-тэлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте түлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы эр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық жэне физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1)Сабыров Т. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
2)Уманов Ө.А., Парфенов В.А.. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
3)Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
4)Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана. 1999.
5)Петровский А.В. Педагогикалық жэне жас ерекшелігі психологиясы. Алматы. 1987.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет