Әйел өмірінің бойынша жас шамасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын бірнеше кезеңдері анықталады. Кезеңдер ара жігі мейлінше шартты және жеке даму ерекшелігі, тұқымқуалаушылық, биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туу кезеңі. Бұл кезеңде ұрықтың барлық мүшелері мен жүйелерінің, сонымен қатар, анасының қанынан, плацентадан келетін және ұрықтың өз ағзасында түзілетін жыныстық гормондар әсерінен жыныстық жүйенің дамуы, саралануы және пісіп-жетілуі жүреді. Ұрықтың дамуының 3-4 аптасында ең бірінші болып жыныс бездері, ал 6-8 аптасынан бастап сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің дамуы және саралануы басталады. Ұрықішілік дамудың 20 аптасына қарай ұрықтың аналық бездерінде примордиальді фоликуллдар болады. 31-33 аптаға қарай фоликуллдар дамуының алғашқы белгілері пайда бола бастайды, гранулеза жасушалары қабаттарының саны 6-8 қатарға дейін өседі, тека-жасушалардың қалыптасуы жүреді. Ұрықішілік дамуыдың әр аптасында репродуктивті жүйенің қалыптасуының маңызды шаралары болып тұрады, ал сыртқы ортаның зиянды фактор әрекеттері осы кезеңде белсенді даму үстіндегі құрылым мен жүйелерге өзінің кері зақымдаушы әсерін тигізеді. Бұл кезең әйелдің жыныс жүйесі қызметінің орнына келуі үшін өте маңызды, себебі сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсері жыныс жүйесі мүшелерінде ақаулардың дамуына себеп болады, ал ол болса әйел ағзасының өзіндік қызметтерінің бұзылысына әкеліп соғады. Бала көтеру кезінде жүкті әйел өз айналасында өте жағымды эмоцианалдық, т.б. жағдайларды, сонымен қатар дәрумендерге, микроэлементтерге, ақуыздарға және энергетикалық байланыстарға бай тиімді тағамдарды қажет етеді.Балалық шақ кезеңі. Балалық шақты бейтарап кезең деп атайды, себебі өмірінің бірінші айынан 8 жасқа дейін репродуктивті жүйеде белгілі өзгерістер болмайды. Ағза біртіндеп дене бітімінің және жыныстық қалыптасуына дайындалады. Толыққанды даму үшін 3-4 жастан, яғни бала өзін әйел не еркектік жынысқа жататынын сезінген уақыттан бастап, қыз балаларды белгілі бір тәртіп пен гигиена ережелеріне үйрету қажет.
Қыз баланың бөлек төсегі және өзінің жеке дәрет жабдықтары болуы керек. Балалардың іш киімдері ересектердің киімдерінен бөлек жуылуы тиіс. Бір жасқа дейін памперстерді үнемі қолдануға болмайды, оны тек қана серуендеуге шыққанда және түңгі ұйқы кезінде қолданған абзал. Қыз балалның сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаты өте нәзік және синтетикалық заттар, жуғыш бұйымдар, тығыз киім оларға әсер етуі мүмкін. Жыныс мүшелері қызарып, қышуы жиілетсе немесе бөлінділер пайда болса, міндетті түрде балалар гинекологына көріну қажет.
Баланы күнделікті тазалыққа үйрету керек: күніне екі рет тіс жууға, күніне 4-5 рет қуықты және күнде ішекті босатуға, дәреттен кейін және тамақтану алдында қолды жуып отыруға. Егер үйде үй жануарлары болатын болса, қыз немесе ұл баланы жануарларды күтуге үйрету керек және алдын алу мақсатында баланың және жануардың паразиттерге қарсы емін жүргізген жөн. 4-5 жастан бастап баланы сыртқы жыныс мүшесінің әр дәреттен кейінгі тазалығына, яғни жеке не дәрет қағазымен қолдануға, сонымен қатар күн сайын іш киімді ауыстырып отыруға үйрету керек. Бала жұмыс пен демалыстың ыңғайлы тәртібімен, толыққанды үйлестірілген тағаммен, 10 сағаттық тыныш ұйқымен, күн сайынғы таза ауадағы демалыспен және денеге күш түсіретін үстемелер кешенімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі. Жыныстық пісіп-жетілу кезеңінің ұзықтығы 10 жылға таяу, осы мерзімде жүйелі түрде қыз баланың дене бітімінің және жыныстық дамуы жүреді. 18-20 жасқа қарай қыз бала дене бітімі жағынан, жыныстық және әлеуметтік толығады және өмірге бала әкелу қызметін жүзеге асыруға дайын болады. Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі 7-8 жастан басталады және 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – препубертатты (7 жастан 9 жасқа дейін) – мидің гипоталамиялық құрылысының пісіп-жетіле бастауымен, әр 5-7 күн сайын ациклдік тәртіпте гонодотропиннің (ГТ) бөлінуімен сипатталады.
Екінші кезең - пубертаттың бірінші фазасы (10-13 жас). Бұл кезеңде тәуліктік жүйеліліктің қалыптасуы және ГТ өнімінің артуы, аналық безде эстрогендердің өндірілуі өседі.
Үшінші кезең – пубертаттың екінші фазасы (14-17 жас). Толыққанды екіфазалы овуляторлы етеккірлі жүйесі бар гипаталамо-гипофизарлы жүйе қызметінің репродуктивті түрі қалыптасады және бекітіледі.
Жыныстық дамудың дұрыстығын бағалау үшін екіншілікті жыныс белгілерінің пайда болу уақыты мен бірізділігін, жыныс белгілері мен жыныс мүшелерінің даму деңгейін есеспке алу қажет.
9-10 жаста сүт бездерінің – гиперемия және төс ұшы ареолы дақтарының алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Сүт бездерінің пайда болу жасы (10-11 жас) телархе деп аталады. Ол түктердің ұмада пайда болу жасына (10-11 жас) – пубархе және қолтық асты ойықта пайда болу жасына (11-12 жас) – адренархеге ұлғасады. Денесінің және дене салмағының ұлғаюы 9-10 жастан басталады және бір жыл ішінде максимумға (1 жыл ішінде +10 см және +12 кг дейін) – менархеге жетеді.
11-12 жаста ішкі жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің өсуі мен дамуы, жамбас сүйектерінің ұлғаюы басталады. Алғашқы етеккір – менархе 12-13 жаста пайда болады. 13-14 жаста алғашқы овулярлы циклдер пайда болады. 15-17 жаста қыз бала денесінің өсуі тоқтап, әйелдік дене бітімі қалыптасады және репродуктивті жүйе қызметінің ересек түрі бекітіледі.
Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі - әйел өмірінің анағұрлым лабильді кезеңі, себебі ағзаның қалыптаспаған репродуктивті жүйесі жағымсыз сыртқы және ішкі факторларға өте сезімтал болып келеді.
Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі барысында баланы толыққанды үйлестірілген тағаммен, оқу мен демалыстың, күш салмағы мен интеллектуалдық үстеменің тиімді тәртібімен қамтамасыз етілуі тиіс. 10-12 жаста қыз баланы оның жаңа жағдайына дайындау, жыныстық даму туралы айту қажет. Алғашқы етеккірден кейін өзін ұстау ережесін түсіндіру керек. Етеккір кезінде дене еңбегін шектеп, қосымша демалыс қосқан дұрыс. Бұл күндері қыз балалар арнайы гигиеналық төсемдер қолдануы керек, ал тампондармен гинекологтың ұсынысы бойынша ғана қолданған дұрыс. Гигиеналық шаралар күнделікті міндетті түрдегі сумен байланысты шаралардан тұрады: әр кеш сайын ұйқыға кетер алдында міндетті түрде сыртқы жыныс мүшелері мен қолтық асты ойықтарын сабынмен жуу керек, себебі осы аймақтарға гормондар белсенді әсер етеді.