Реферат Тақырыбы: Етеккір циклінің бұзылысы. Пери- және постменапауза кезеніңде аномальдық жатыр канамасы. Мсак деңгейінде акушериялық-гинекологиялық көмек



бет5/5
Дата16.05.2023
өлшемі31,26 Kb.
#93549
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат2

Диагностикалық критерийлер Шағымдар:
- етеккірдің цикліның бұзылуы – етеккірдің жоқтығы, сирек етеккір, тұрақсыз етеккір, етеккірдің мол келуі, етеккірдің мардымсыз келуі, ұзақ етеккір, қысқа етеккір, етеккір арасында күшейіп кетеді, арасында азайып кетеді, сирек ашық аралықтардың болуы; әлсіздік тудыратын жыныс жолдарынан қан кету.

Анамнез:
- менархеден бастап етеккір цикліның бұзылуы (ювенильді қан ағу) аналық бездің функциясының бұзылу белгісі (НЖҚ-О);
- медициналық түсіктен кейінгі етеккір цикліның бұзылуы немесе басқа жатыр ішіндегі манипуляциялар синехияның, созылмалы эндометриттің, оның ішінде эндометриялық фактордың барын білдіреді (НЖҚ-Э);
- дисменорея, етеккірге дейін 1-2 күн қалғанда жыныс жолдарынан қоңыр шығындылар - аденомиоздың белгісі (НЖҚ-А);
- гормонды контрацептивтерді қабылдаған соң етеккір цикліның бұзылуы ятрогенді фактордың белгісі (РЖҚА-1);
- тісті жұлу нәтижесінде қан кету немесе босанудан кейінгі қан кету, менархеден бастап анамнезде көп қан кету; отбасылық анамнезде коагуляцияның бұзылуы немесе басқа қан кетудің көрінісі коагулопатиялық қан кетудің белгісі (НЖҚ-С).

Физикальды тексерулер:
Терінің сыртын байқау:
- тері жабыны мен шырышты қабықтың солғындығы (қаназдық белгісі);
- көгерулер, петехиялар (коагулопатия белгілері);
- стриялар, гирсутизм (гормонды бұзылулардың белгілері);
- ДСИ (салмақтың жетіспеушілігі немесе семіздік);
- ішті саусақпен басып тексеру (коагулопатия кезінде гепатоспленомегалия);
- қынапты тексеру (жатыр миомасы кезінде – жатыр үлкейген, қырлы, не саусақпен басып тексергенде түйіндер сезіледі; эндометриоз кезінде – жатырдың - ретропозициясы, оның қозғалысының шектелуі, жатыр мойнағының қозғалысы кезінде оның сезімталдығы, етеккір алдында жатырдың үлкеюі, жатыр ассиметриясы);
- айнамен қарау (НЖҚ кезінде жатыр таза).

Зертханалық зерттеулер.
Жалпы қан талдауы: гемоглобиннің төмендеуі
Прогестерон құрамын анықтау – прогестеронның төмендеуі овуляция жоқ циклді білдіреді (НЖҚ-О).
Қан ұюының бұзылуын зерттеу - тромбоциттер агрегациясының артуы, қызыл етжегінің оң антиденесі, АЧТВ көрсеткіштерінің артуы, Д-димердің артуы – коагулопатия белгілері (НЖҚ-К).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет